Өткізу ережесі уе-шу-17-01-2020 алғы сөЗ



жүктеу 129,46 Kb.
бет2/27
Дата07.02.2023
өлшемі129,46 Kb.
#41173
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Практика уйымдастыру 2020 (1)

4.1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4.1.1 Университетте білім алушылардың кәсіптік практикасы - жоғары білікті кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады және олар кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу институттарында, мекемелер мен ұйымдарда, жоғары, кәсіптік және жалпы орта білім беру мекемелерінде өткізіледі.
4.1.2 Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны стандарттармен, оқу жұмыс жоспарларымен және оқу бағдарламаларымен айқындалады. Олар оқу, педагогикалық, өндірістік, диплом алды, зерттеу болып бөлінеді.
4.1.3 Жоғары оқу орындары практиканың басталуына 1 ай мерзімнен кем емес уақытта практика базаларымен келісім-шарт бекітеді. Жеке келісім-шарттар практиканың басталуына 1 ай мерзімнен кем емес мерзім бұрын жасалады.
4.1.4 Білім алушыны кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу өту мерзімдерін, практиканың базасы мен жетекшісін көрсете отырып, Университет ректорының бұйрығымен ресімделеді.
4.1.5 Жоғары оқу орнының қашықтан оқыту нысандарының білім алушылары мамандық бойынша жұмыс істесе, педагогикалық және өндірістік практикалардан босатылады. Бұл жағдайда білім алушы жұмыс орнынан кәсіптік қызметін көрсететін анықтаманы және мінездемені тапсырады.
4.1.6 Қашықтан оқыту нысандарында білім алушылар диплом алды практиканың бағдарламасын орындайды.
4.1.7 Білім алушылардың кәсіптік практикасы университеттегі оқу барысында алған білімдерін бекітуге, алдыңғы қатарлы тәжірибені меңгеруге бағытталады. Өндірістік білім алу үдерісінде білім алушылар кәсіби және ұйымдастырушылық тәжірибені, ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын меңгеруге міндетті.
4.1.8 Университет білім алушылардың кәсіптік практикасын университеттің академиялық саясатына сәйкес, бекітілген академиялық күнтізбе мен білім алушының жеке жұмыс жоспарына сәйкес осы ережемен және білім беру бағдарламасы бойынша негізгі оқу жоспарымен белгіленген көлемде әзірлейді және бекітеді.


4.2 КӘСІПТІК ПРАКТИКА БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҰЙЫМДЫ АЙҚЫНДАУ ТӘРТІБІ МЕН БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
4.2.1 Білім алушылардың кәсіптік практиканы өткізу үшін базасы ретінде мамандарды даярлаудың бейініне және білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін, кәсіптік практикаға жетекшілік етуді жүзеге асыру үшін білікті кадрлары және материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.
4.2.2 Практиканы өткізу мекемесінің материалды-техникалық базасындағы зертханалар, арнайы жабдықталған кабинеттер, өндірістік, ғылыми-зерттеу құралдары, өлшемдік және есептеу кешендері, санитарлық және өртке қарсы нормаларға, сонымен қатар оқу және ғылыми-өндірістік жұмыстарды өткізу кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарына сәйкес келетін болу керек.
4.2.3 Оқу практикаларының базалары болып оқу орындары, оқу шеберханалары, мектептер, зертханалар, ЖОО-ның оқу-көмекші бөлімшелері, сонымен бірге болашақ профессионалдық қызметке сәйкес ұйымдар айқындалады.
4.2.4 Педагогикалық практикалардың базалары болып жоғары, кәсіптік және жалпы орта білім беру мекемелері болып табылады.
4.2.5 Білім беру бағдарламасының дайындау бағытына, саласына сәйкес кәсіпорындар, жеке және мемлекеттік мекемелер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ұйымдар өндірістік практика базалары болып табылады. Бітіруші курстарда өндірістік (педагогикалық) және өндірістік практикаларды негізгі оқу үдерісінен тыс уақытта өткізеді.
4.2.6 Біліктілік жұмыстары дайындалатың өндірістік кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу ұйымдары дипломалды практика базалары болып табылады. Практиканың мақсаты – мамандыққа сәйкес кәсіптік құзіреттер қалыптастыру, диплом тақырыбы бойынша мағлұматтар жинақтау. Диплом алды практика бойынша басшылықты дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі жүзеге асырады.
4.2.7 Магистранттардың зерттеу практикасына отандық және шетелдік ғылымның ең жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, экспериментті деректерді өңдеудің және түсінік берудің қазіргі заманғы әдістерімен жабдықталған ғылыми –зерттеу орталықтары, ғылым-білім уйымдары практика базалары болып табылады. Зерттеу практикасының мазмұны магистрлік диссертациялар тақырыбымен анықталады.
4.2.8 Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытумен қатар немесе жеке кезеңде жүргізілуі мүмкін практиканың екі түрін қамтиды: 1) БП циклінде педагогикалық – жоғары және арнайы кәсіптік білім беру ұйымдарында өткізіледі; 2) бейіндеуші пәндер циклінде зерттеу – диссертация орындалатын мекемеде өткізіледі.



жүктеу 129,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау