Отчет по внешнему аудиту университета туран-астана аккредитация программ



жүктеу 1,82 Mb.
Pdf просмотр
бет7/24
Дата15.01.2020
өлшемі1,82 Mb.
#26831
түріОтчет
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

             Отчет по внешнему аудиту IQAA

 

                             

 

16 


 

Оқу  орны  білім  алушылардың,  қызметкерлердің  және  мүдделі 

тараптардың қатысуымен жинақталған, талданған ақпараттар негізінде үнемі 

бағдарламаларды қайта қарап, бағалайды.  

Кафедра  студенттердің  оқу  үлгерімін  қадағалап  отырады  және  ол 

кафедра мәжілісінде талданады. 

Білімалушылар  пәндерді  талдауға  белсене  қатысады.  Олардың  берген 

бағалау  нәтижесі:  пән  мазмұнына  студенттердің  қанағаттануы  –  ортадан 

жоғары.  

 Теориялық  білім  бойынша  өз  пәндеріне  47%  респонденттер 

қанағаттанса, 30% жартылай қанағаттанған. Практикалық сабақтарды бағалау 

30%  -  толық  қанағаттанса,  38%,  жартылай  қанағаттанады.  Білім  беру 

бағдарламасындағы  таңдау  пәндеріне  52%  -  қанағаттанады,  32%  - 

қанағаттанбайды.  Білім  беру  бағдарламасының  сапасын  жақсарта  түсу  үшін 

студенттер  тек  материалдық-техникалық  жабдықталуын  ғана  емес  (53%), 

халықаралық  студенттік  ұйымдармен  ынтымақтастық  пен  студенттердің 

академиялық ұтқырлығын кеңейте түсудің қажеттігін ұсынады (39%). 

Білімалушыларға  білім  беру  ресурстары  мен  қызмет  көрсету  ісі  жолға 

қойылған.  Университетте  «Платонус»  бағдарламасы  арқылы  электронды 

ақпараттық-білім  беру  ортасы  және  электрондық  білім  беру  ресурстарының 

банкісі  қалыптасқан.  Ақпаратты  қамтамасыз  етудің  тиімділігі  артқан. 

Ақпараттық  портал  университеттің  білім  беру  қызметінің  бағыттарын,  оқу-

әдістемелік, ғылыми-зерттеу қызметін, оқу-әдістемелік материалдарды толық 

қамтиды.  

2017/2018  оқу  жылында  бакалавриат  бойынша  бітіруші  түлектердің 

80% пайызы, магистратура бойынша 86 % пайызы жұмысқа орналасқан.  

5В011700  –  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығының  Білім  беру 

бағдарламасы  білім  бакалаврі,  6М011700  –  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» 

мамандығының  Білім  беру  бағдарламасы  педагогика  ғылымдарының 

магистрін даярлауды қамтамасыз етеді.  

Жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  және  үздіксіз  кәсіби  білім  беру 

бағдарламаларын жүзеге асыруға Университетте барлық жағдай жасалған.  



 

Жақсы тәжірибе:  

Қашықтықтан оқыту түрінің енгізілуі, ондағы бағдарламалардың  

күндізгі бөлімде оқитын студенттерге де, магистранттарға да пайдалы болуы, 

тиімділігі жақсы тәжірибені көрсетеді.   



 

Ескертулер:  

1. 


Силлабустарда 

білімалушылар 

пән 

деңгейінде 



қандай 

құзыреттіліктерді игеру керегі дұрыс көрсетілмеген. 

2. Пәнге арналған оқу-әдістемелік кешендерде жаңа бағыттар бойынша 

соңғы бес жылда шыққан ғылыми еңбектер қамтылмаған. 



 

Жақсарту аймағы:

  


             Отчет по внешнему аудиту IQAA

 

                             

 

17 


 

 1.  5В011700  және  6М011700-Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығында 

білім  алып  жатқан  студенттер  мен  магистранттардың  болашағы  мектептегі 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнін  оқытумен  байланысты.  2017  жылдан  бастап 

мектептерге  «Жаңартылған  мазмұндағы  білім  бағдарламасы»  енгізіле 

бастады.  2020  жылы  барлық  сыныптар  жаңартылған  бағдарламамен  оқитын 

болғандықтан,  болашақ  мамандар  да  сол  талапқа  жауап  бере  алуы  тиіс.  

Осыған  орай,  университеттің  ББ-ндағы  пәндердің  білім  мазмұнын 

«жаңартылған  мазмұндағы  білім  бағдарламасының»  сұранысына  сай  етіп 

өзгертсе дұрыс болар еді;  

2.  Қазақ  тілі  бойынша  коммуникативтік,  семантикалық  аспектідегі 

зерттеулерге  баса  назар  аударылып,  функцоналдық  сауаттылыққа  қол 

жеткізуге  мүмкіндік  беретін  пәндер  оқытылса,  қазақ  әдебиетінен  жаңа 

бағыттағы пәндер де оқытылса ББ-ның сапасы арта түсер еді.   

 

Сәйкестік деңгейі – маңызды сәйкестіктер бар

 

Стандарт 3. Студентке орталықтандырылған оқыту,  



білім беру және бағалау

 

Дәлелдемелер және талдау: 

Білімалушылардың  кәсіби  өсуіне,  еркін  сезініп,  өзін-өзі  бағалауына 

мүмкіндік  жасалған.  Дәріс  сабақтарында  студенттер  тек  тыңдаушы  емес,  өз 

ой-пікірін  айтып,  оны  ғылыми  тұжырымдармен  дәйектеуді  еркін  меңгерген. 

Білім  беруде  интерактивті  әдістерге  басар  назар  аударылып,  слайдтар, 

бейнематериалдар, 

интерактивті 

тақтамен 

жұмыс 

істеу 


арқылы 

білімалушылардың  белсенділігіне  орнталықтандырылған  стратегиялар 

қолданылады.  Магистратура  деңгейінде  презентациялар,  иллюстративті 

материалдар,  көмекші  схемалар,  кестелер  және  т.б.  кеңінен  пайдаланылады.

 

Студентке  орталықтандырылған  оқыту  нәтижелерін  бейне  сабақтар,  бейне-



презентациялар, жедел сауалнама, ассоциативті практикалық сабақ және т.б. 

сияқты  белсенді  және  интерактивті  оқыту  әдістерін  қолданудан  көруге 

болады. Бұл білімалушылардың креативті ойлануына және бағалау үдерісінің 

жүзеге асуына мол мүмкіндіктер береді.  

Бакалавр  деңгейінде  тьюторлар  кафедрамен,  факультет  деканатымен, 

академиялық саясат  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  бөлімімен 

өзара  әрекеттестікте  қызмет  атқарады.  АППО  маманымен  бірге  білім 

алушылардың  негізгі  білім  беру  бағдарламасының  оқу  пәндерін  меңгеруіне 

бақылау жасайды. 

Магистратура  деңгейінде  тьютор  академиялық  үлгерім  мен  пәнге 

қатысты  ақпарат  бере  отырып,  магистранттарға  қойылатын  талаптардың 

бірлігін  қамтамасыз  етеді.  Магистранттардың  оқу  және  ғылыми-зерттеу 

жұмысының  деңгейі,  әлеуметтік  белсенділігі  тьютордің  көмегімен  жүзеге 

асырылады.  




жүктеу 1,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау