Отчет по внешнему аудиту IQAA
12
әдебиетінен
іргелі
білім
беріп,
әдістемесін
игеруге,
түлектерді
шығармашылық ойлауға, озық білімді қалыптастыруға бағытталады.
Білім беру бағдарламалары Дублин дескрипторларына сәйкес
модульдік принципке негізделіп, білім алушыларға пәндік, пәнаралық,
психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімді меңгеруге, қазақ тілі
мен әдебиеті, педагогика және психология саласы бойынша мамандарға
қажетті кәсіби және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Бакалавриат:
Студенттердің ББ Қазақстан Республикасы Жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының №1080 қаулысының
2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 бұйрығы және ҚР Білім және ғылым
министрінің «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша
мамандықтың типтік оқу жоспарын бекіту туралы» 2016 жылғы 5
шілдесіндегі №425 бұйрығымен бекітілген мамандықтардың ТОЖ негізінде
әзірленеді. Білім беру деңгейлері бойынша студенттердің оқу жүктемесі 155
кредитті құрайды. Білім беру бағдарламасының көлемі жиынтық кестеде
берілген. Аудиториялық жүктеме модульдік білім беру бағдарламасында әр
семестрге бөлініп көрсетіледі.
Магистратура: Магистранттардың білім бағдарламалары Қазақстан
Республикасы Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартының №1080 қаулысының 2016 жылғы 13мамырдағы № 292
бұйрығы және ҚР Білім және ғылым министрінің «Жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру бойынша мамандықтың типтік оқу жоспарын
бекіту туралы» 2016 жылғы 5 шілдесіндегі №425 бұйрығымен бекітілген
мамандықтардың ТОЖ негізінде әзірленеді. Білім беру деңгейлері бойынша
магистранттардың оқу жүктемесі ғылыми-педагогикалық бағытта 59 кредит,
бейіндік бағытта 29 кредитті құрайды. 59 кредиттен кем емес, оның ішінде 42
кредиттен кем емес теориялық оқу, 6 кредиттен кем емес тәжірибе және 7
кредиттен кем емес ғылыми-зерттеу жұмыстары қамтылған. Ал бейіндік
бағыт бойынша – 28 кредиттен кем емес (1 жыл оқу мерзімімен), оның ішінде
18 кредиттен кем емес теориялық оқу, 2 кредиттен кем емес тәжірибе және 4
кредиттен кем емес ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылған.
Барлық деңгейдегі ББ іске асыру шегінде университет кемінде 8 кредит
көлемінде кәсіби тәжірибеден өтуді қамтамасыз етеді. Өндірістік тәжірибе
жұп семестрлерде кемінде 4 кредитті құрайды.
Өндірістік тәжірибе бағдарламалары Кәсіби тәжірибе регламентінің
талаптарына сәйкес әзірленеді. Кәсіби тәжірибе регламенті университеттің
сайтында
http://www. tаu-edu.kz. орналастырылған.
5В011700 -«Қазақ тілі мен әдебиеті» Педагогикалық тәжірибе міндетті
түрде мектепте өткізіледі және заңды бекітілген келісімшарты бар.
Бакалавриат бойынша өндірістік және педагогикалық тәжірибе және
оны өтетін базалық мекемелер:
Отчет по внешнему аудиту IQAA
13
Оқу тәжірибесіне – 2 кредит бөлінеді. Өтетін орны – «Тұран-Астана»
университеті». Педагогикалық тәжірибеге – 6 кредит бөлінеді. Өтетін орны –
№ 63 мектеп-гимназиясы; Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-
гимназиясы; Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп гимназиясы, Ғ.Орманов
атындағы №7 мектеп гимназиясы, № 58 мектеп гимназиясы. Өндірістік
тәжірибеге – 4 кредит бөлінеді. Өтетін орны – № 63 мектеп-гимназиясы;
Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы; Ғ.Қайырбеков атындағы
№2 мектеп гимназиясы, Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясы, № 58
мектеп гимназиясы.
6М011700 -«Қазақ тілі мен әдебиеті педагогикалық тәжірибе, Зерттеу
тәжірибесі, Өндірістік тәжірибеден өтеді.
Педагогикалық тәжірибеге 3 кредит бөлінеді. Өтетін орны – «Тұран-
Астана» университеті» ҚМ, Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың
республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы. Зерттеу тәжірибесі – 3
кредит. «Тұран-Астана» университеті» ҚМ. Магистранттың ғылыми зерттеу
жұмысы (
МҒЗЖ)
– 7 кредит. «Тұран-Астана» университеті» ҚМ.
Өндірістік
тәжірибе – 2 кредит. Өтетін орны –
Дарынды балаларға арналған №2
мектеп, Астана қаласы, №23 орта мектебі, Астана қаласы, Дарынды
балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі, Қарағанды облысы, Бұқар жырау
ауданы, Дубовка орта мектебі, Ерейментау ауданы, Төлеу Шаханов атындағы
№3 орта мектебі, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, №41 орта
мектебі, Ерейментау ауданы, № 4 орта мектебі.
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша Ұлттық білім берудің оқу
бағдарламаларын халықаралық тану, білім беру ұйымдарының білім
алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ
білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің
сабақтастығын қамтамасыз ету қағидаттарының барлығы да сақталады.
Университеттің академиялық саясатында оқу үдерісін кредиттік оқыту
технологиясы бойынша ұйымдастыру мәселесі қарастырылған:
а) бір жоғары оқу орнының (трансферт қызметі) басқа жоғары оқу
орнында игерген пәндерді қайта есептеу мүмкіндігі бар, сондықтан ешбір
кедергісіз, егер кредит саны толық болып отырса, ауыса алады.
ә) білім алушының білім беру траекториясына, ең алдымен, оқуды
жалғастыру және келесі білім беру деңгейіне (жинақтау қызметі) өту
мүмкіндігіне қатысты ұстанымын анықтау үшін ББ ECTS кредиттерін
қолдануға мүкіндік жасалған.
Оқу жоспарларының құрылымы мен мазмұны типтік оқу жоспарына,
және элективті пәндер каталогына сай келеді.
5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті бакалавриат деңгейіндегі білім
бағдарламасына «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», «Қазіргі қазақ тілінің
лексикологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Қазіргі қазақ
тілінің сөзжасамы», «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі», «Көркем мәтінді
лингвистикалық талдау», «Қазіргі қазақ тілінің зерттелу аспектілері»,
«Әдебиет ғылымының зерттелу тарихы», «Әдебиет сыны», «Шетел