Отчет по внешнему аудиту IQAA
22
ғылыми жұмысқа баулу мақсатында ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды.
Студенттер мен магистранттардың ғылыми шығармашылық жұмыспен
айналысуына да жан-жақты жағдай жасалған.
«Тұран-Астана» университетінің 2017-2019 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарын орындау мақсатында 2015-2020 жылдарға арналған
үштілдік білім беруді дамытудың Жол картасы әзірленіп, 21.04.2016 ж. №8
Хаттамамен Оқу-әдістемелік кеңесте бекітілген. Бұл Қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығымен шектелмей, қазақ, ағылшын, орыс тілдерін үйретуге,
оқытуға деген қызығушылықты оятып, студенттер мен магистранттардың
ғылыми-шығармашылық іздену жұмыстарын жүргізуге жол ашады.
2015-2018
жылдар
аралығында
ТАU-да
дәстүрлі
түрде
ұйымдастырылып тұратын «Білім, ғылым, инновация: жас зерттеушілердің
үлесі» атты жас ғалымдар, магистранттар мен студенттердің ғылыми-
тәжірибешілік конференциясының материалдарында 5В011700-Қазақ тілі
мен әдебиеті мамандығының студенттері жариялаған мақала саны –15.
Ғылыми жетекшілік жасағандар – ф.ғ.к. В.А. Шнайдер, С.Қ.Омарова,
Орманова А.Ә., Симбаева С.О., Искакова Ж.М., Айкенова Р.
2018 жылы 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының
студенттері 7 ғылыми жоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізген.
2016 жылы Ресей елінің Таганрог қаласында Ү халықаралық үздік
ғылыми жұмыс конкурсына А.Ж.Досанованың ғылыми жетекшілігімен 4
студент қатысып «Грант науки» диполомының лауреаты атанған. Олар:
Б.Н.Сапаралы, А.Мойнакова, Ж.Батырхан, Н.Талипова.
5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті Райсова
Диана Саятқызы ҚР «Бөбек» ЖалпыҰлттық қозғалысы Заңды тұлғалардың
қауымдастық нысанындағы бірлестігінің «Үздік студент-2018» медалімен
білім, ғылым, өнер, спорт саласына қосқаны үшін марапатталған.
2019 жылдың 20-21 ақпан күндері Казань Федералды университетінде
өткен «Тюркская лингвокультурология: проблемы и перспективы»
тақырыбындағы халықаралық конференцияға 5В011700-Қазақ тілі мен
әдебиеті мамандығының студенті А. Абулсағит қатысып, мақаласын
жариялаған. Ғылыми жетекшісі: Г.К.Рахимбаева.
ҚР
Кіші
ҒА
Инновациялық
Еуразия
университетінің
ұйымдастыруымен өткен «Білім мен ғылым интеграциясы – болашаққа нық
қадам» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға А.Мойнақова қатысып І
Дәрежелі дипломмен марапатталған. Ғылыми жетекшісі: Искакова Ж.М.
Студенттер Тұран-Астана университетінің ұйымдастыруымен өтетін
«Ұлттық рухани сананың жаңғыруы және бәсекеге қабілетті жастар»,
«Ғылым және жастар-2018» тақырыбындағы жас ғалымдар мен
магистранттарға, студенттерге арналған конференцияға белсені қатысып,
І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломмен, сертификатпен марапатталған. 6М011700-Қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығы магистратура деңгейі бойынша «Гранит науки»
атты үздік ғылыми жұмысының V Халықаралық конкурсына (РФ, Таганрог қ.
Отчет по внешнему аудиту IQAA
23
) 4 магистрант қатысып дипломмен марапатталған. Ғылыми жетекшісі:
Досанова А.Ж.
ҚР алғашқы жоғарғы оқу орны Абай атындағы ҚазҰП-дың 90-
жылдығына орай ұйымдастырылған педагогика ғылымдары бойынша
магистранттардың ІІ Республикалық олимпиадасына 5 магистрант қатысып,
ҚР БҒМ Мадақтамасымен марапатталған. Ғылыми жетекшісі: Искакова Ж.М.
2017 жылы Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының
шығармашылығына арналған «Аңызға айналған абыз» атты көркемсөз оқу
шеберлерінің 2-республикалық байқауында магистрант
Манай Ғылымқал
Бас жүлдені иеленген. Ғылыми жетекшісі: Симбаева С.О., Омарова С.Қ.
2019 жылы Қазақ радиолары серіктестігі жариялаған «Алтын дауыс»
дикторлар байқауында Манай Ғылымқал
тағы да бас жүлдеге ие болған.
Магистранттар
басқа
да
көптеген
семинарлар
мен
ғылыми
конференцияларға, байқауларға қатысып әртүрлі деңгейдегі дипломдар мен
мақтау қағаздарымен марапатталған.
«Тұран-Астана» университетінде ECTS кредиттерін қайта қабылдау
бойынша ереже» әзірленген. Университетте «Алдыңғы кәсіби білімді алуда
зерделенген пәндерді қайта есепке жатқызу тәртібі туралы ереже»,
«Білімалушыларды аудару және қалпына келтіру ережелері» әзірленіп
бекітілген.
Халықаралық алмасу бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамалар
әріптес-университеттермен берілген транскрипт негізінде ECTS кредиттерін
қайта есепке жатқызудың мониторингі көмегімен жүзеге асырылады.
Білімалушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау жазғы немесе қысқы
демалыс кезінде жүзеге асырылады. ТАU-ға қайта қабылдау немесе ауысу
процесі оқудан шығарылғаннан соң жүзеге асады. Жеке оқу жоспарына
сәйкес бірінші академиялық кезеңді толық аяқтаған білімалушылар ғана
оқуға қабылданады немесе ауыстырылады. Ақылы негізден мемелекеттік
грантқа ауыстыру «Білім туралы заңның» 4-бабының 5-тармақшасына сай
орындалады. Басқа ЖОО-дан студенттер қабылдау Білім беру ұйымдарының
типтері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау
қағидаларына сәйкес орындалады. Студенттерді басқа ЖОО-нан ауыстыру
кезінде олардың алдындағы академиялық кезеңде зерделенген жұмыс оқу
жоспарларындағы
пәндер
бойынша
академиялық
айырмашылықтар
анықталады. Кредиттерді мақұлдау және қайта тапсыру білім беру
бағдарламаларын, меңгерілген пәндердің мазмұнын, көлемін, алған
білімдерін, икемдерін, дағдылары мен құзыреттіліктерін, оқыту нәтижелерін
салыстыру негізінде жүзеге асырылады.
ТАU-да білімалушылардың пікірін сұрап, сауалнама алу арқылы оқыту
сапасы анықталады. Сауалнамада оқытылатын пәндер бойынша сұрақтар,
оқу процесін техникалық жарақтандыру деңгейі, оқу процесіне қатысты
барлық қажетті ақпараттың қолжетімділігі, аудиториялар, кафедра үй-
жайлары, оқу зертханалары мен жабдықтың сапасы, кітапхана қорының және
жалпы кітапхана жұмысының сапасы, деканат, кафедралардың қарым-