Отчет по внешнему аудиту IQAA
40
компьютерлік техниканы және басқасын сатып алуға жұмсалатын қаражат
алып отыр. Университеттің қаржылық жағдайы, материалдық-техникалық
және ақпараттық ресурстары тұрақты, ұдайы дамитын, білім беру қызметін,
ҒЗЖ жүзеге асыру және мәлімделген миссиясын орындау үшін жеткілікті
болып сипатталады. Оқу корпустарына және жатақханаларға қызмет көрсету
бойынша
пайдалану-жөндеу
жұмыстарын
қамтамасыз
ету
үшін
университетте шаруашылық қамтамасыз ету бөлімі бар.
TAU кітапханасы «100 жаңа оқулық» бағдарламасы бойынша қазақ
тіліне аударылған кітаптармен қамтамасыз етілген. 5В011700, 6М011700-
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының білімалушылары «Әлеуметтануға
кіріспе», «Қазіргі психология тарихы», «Әлеуметтік психология», «Тіл
біліміне кіріспе», «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» оқулықтарын
жиі пайдаланады.
Студенттерді ақпараттандыру процесі сайт, «Рlatonus» ААЖ
хабарландырулар, әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылады. Білім беру
қызметінде ақпараттық ресурстар пайдаланылады. Барлық компьютерлер
байланыстың 100 Мбит/с жоғары жылдамдықты желісі арқылы бірыңғай
желіге біріктірілген. Оқу корпустары INTERNET-ке шығуға тиімді бірыңғай
желіге қосылған, 14 WI-FI аймақтық желісі жұмыс істейді.
Провайдер
«Казрена» АҚ-мен келісімшарты бар. (№3-09 шартты соңғы ұзарту
20.12.2017).
Университеттегі есептеу техникасы бірліктерінің жалпы саны 2017-
2018 оқу жылында 230 дана; 2018-2019 оқу жылы -275 дана. Олар Интернет
желісіне қосылған және бірыңғай жергілікті желімен байланысқан.
Жалпы білім беру, базалық және бейіндік пәндер бойынша оқу,
әдістемелік және ғылыми әдебиет қоры қағаз және электронды нұсқада бар.
Әдебиет қорын жыл сайын жаңартуға мүмкіндік жасалған. Ақпараттық база
жаңартылған, жетілдірілген және кеңейтілген. Барлық білім беру
бағдарламалары бойынша студенттер Web-сайт негізінде ақпараттық
қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін пайдалана алады. Білімалушылар ЖОО-
ның заманауи электронды базасына, оның ішінде шетелдік деректер базасын
пайдалана алады. Кітапхананың оқырмандар залы автоматтандырылған
жүйеде. Электронды кітапханада интернет желісі арқылы сыртқы
деректермен алмасатын интерфейстік модуль бар.
Кітапхананың оқу залы компьютерлерлендірілген орындармен
жабдықталған. Бұл жерде білімалушылар библиографиялық көрсеткіштермен
және еңбектердің мәтінімен толық таныса алады. Сапалы білім алуға қажетті
барлық оқу-құрал жабдықтары оқытушылардың ғылыми шығармашылықпен
айналысуына, білімалушылардың СӨЖ; МӨЖ тапсырмалары мен ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жасауына жеткілікті. TAU-да компьютерлік парк жыл
сайын 40%-ға жаңартылып отырады. Университетте заманауи жабдықпен
қамтамасыз етілген баспа орталығы бар. 2018 жылы 100 млн.теңгеден астам
сомаға типографиялық жабдықтар алыныа, 100%-ға жаңартылған. Баспа
орталығы ғылыми және әдеби басылымдардың көркемдік және техникалық
Отчет по внешнему аудиту IQAA
41
жақтан безендірілуіне және редакциялық-дайындық жұмыстары жоспарлап,
өндірістік процестің кестесін әзірлейді. Шағын тиражды және шағын көлемді
басылымдарды түптейді, баспа жұмыстарын орындайды.
«Тұран-Астана» университетінде білім бағдарламасы мемлекеттік
бюджет қаражаты; кәсіпкерлік және табыс әкелетін өзге қызметтен түсетін
табыс, соның ішінде: ақылы білім беру қызметтерін көрсету; жалгерлерден
түсетін қаражат; жатақханада тұру үшін төлемдер; шаруашылық-шартты
ҒЗЖ және ҒЗТКЖ орындау; заңды және жеке тұлғалардан нысаналы
түсімдер;университет жарғысына сәйкес басқа табыс көздері арқылы
қаржыландырады.
Лабораториялық құрал-жабдықтармен, оқу құралдарымен, ақпараттық
ресурстармен, компьютерлермен қаржыландыруға 2014-2015 оқу жылында
жалпы қаржының 20,93 % яғни 164 149 461,00 тг. бөлінсе, 2016-2017 оқу
жылы - 75 446 582,00 теңге немесе 11,31% қаржыға қосымша жабдықтар
алынған.
Жақсы тәжірибе:
Springerlink және Thomson Reuters халықаралық деректер базаларын
пайдалануға мүмкіндік жасалуы және барлық оқу кабинеттерінің
мультимедиялық құралдырмен жабдықталуы, кітапханадағы оқу залының
комьютерлендірілген орындармен қамтамасыз етілуі – жақсы тәжірибенің
көрсеткіші.
Сәйкестік деңгейі– толық сәйкес.
Стандарт 7. Жұртшылықты ақпараттандыру
Дәлелдемелер және талдау:
Білім беру бағдарламасы туралы көпшілікті ақпараттандыру TAU
сайтында, порталында, ақпараттық стендтерінде, буклеттерінде көрсетілген.
Білім алушы студенттердің саны, оқытушылар туралы ақпараттар,
тағайындалатын академиялық дәрежелер, біліктілік туралы ақпараттар,
оқытуда қолданылатын рәсімдер, бағалау критерийлері, үлгерім пайызы,
бітірушілер мен олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық
ақпарат бар. Көпшілікті ақпараттандыру бірнеше бағытта жүзеге асырылады:
халықаралық,
республикалық
ғылыми-практикалық
конференциялар,
форумдар, семинарлар мен дөңгелек үстелдердің ұйымдастырылуы;
профессор-оқытушы құрам мен білімалушылардың отандық, шетелдік
басылымдарда ғылыми еңбектер жариялауы; профессор-оқытушылар мен
білімалушылардың
ғылыми
жобаларға,
олимпиадаларға
қатысуы;
академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік және отандық
ЖОО-нда
білім
алуы;
басқа
оқу
орындарынан
университетке
білімалушылардың келуі т.б. TAU халықтың нысаналы топтарына кең
ақпарат жеткізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс