Отчет по внешнему аудиту IQAA
38
бойынша кеңес; оқытушының басшылығымен өзіндік жұмыс бойынша кеңес;
үлгерімнің орташа балы (GPA) бойынша кеңес; пәндер силлабусы және
элективті пәндер бойынша кеңес.
Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы ҚР Білім және ғылым
министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген «Оқу
процесін оқытудың кредиттік технологиясы бойынша ұйымдастыру
қағидаларына, сондай-ақ «Академиялық ұтқырлық туралы ережеге» сәйкес
іске асырылады. Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелдік ЖОО оқыған
студенттер оқыту бейіні мен мамандықтарына сәйкес келетін пәндер
бойынша шетелде оқыған кезеңде жинаған кредиттерді, соның ішінде ECTS
негізіндегі кредиттерді қайта есепке жатқызу ісі жүргізіледі.
Кредиттерді қайта есепке жатқызуды жүзеге асыру үшін ЖОО АMЖД
оқыту туралы транскриптінің түпнұсқасы (оқу туралы анықтаманы)
ұсынылып, меңгерілген кредиттерді қайта есепке жатқызу туралы ректордың
атына өтініш жазылады. Ұсынылған құжаттардың негізінде бітіруші
кафедраның меңгерушісі АMЖД бастығымен келісе отырып, мамандықтың
құзыреттіліктері шегінде шешім қабылдайды. Қаралған өтініш, оқыту туралы
транскрипт және кредиттерді қайта есепке жатқызу туралы шешім білім
алушы бойынша кредиттерді есепке алу және жинақтау, GPA үлгерімнің
орташа балын есептеу арқылы шығарылады.
Мамандыққа қажетті 10 компьютерлік класс, 2 лингафон кабинеті бар.
Барлық оқу аудиториялары мультимедиялық құралдармен қамтамасыз
етілген. Кітапхана мен 2 оқу залы студенттер мен магистранттардың
шығармашылық ізденісіне лайықты жабдықталған. 5В011700 және
6М011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқулықтар мен
оқу-әдістемелік құралдар бар. Барлығы 244 әдебиеттер санын құрайды.
Университет кітапханасы ҚР «Білім беру туралы» Заңын, ҚР МБЖС
5.03.010-2006, «Тұран-Астана» университетінің кітапханасы туралы ережені,
TAU кітапханасы қағидалары, білім беру жүйесі кітапханаларына арналған
кітапхана ісі бойынша әдістемелік құралдар және ҚР БҒМ басқа құжаттары
тааптарына сай қызмет жасайды.
Кітапхананың жалпы қоры – 259224 басылымды құрайды. Оның
145277 басылымы қазақ тілінде. Жалпы білім беру пәндері бойынша 378 851
оқулық бар. Оның 21583 данасы мемлекеттік тілдегі кітаптар.
Негізгі пәндер бойынша оқулықтардың саны – 91083 дана. Оның
ішінде қазақ тіліндегі еңбектер саны – 52467.
Кітапхана қорында ғылыми конференциялар, ғылыми-практикалық
конференциялардың (халықаралық) материалдары да сақталған. Дәстүрлі
түрде «Қазақстантану» конференциясы өткізіліп, конференция материалдары
жинақталады. Олар оқырман сұраныстарына ие.
ҚР БҒМ, Қазақстан ЖОО оқу-әдістемелік бірлестіктерінің және
ғылыми-әдістемелік кеңестердің таңбасы бар негізгі оқу әдебиетінің соңғы
бес жылдағы көлемі (2014-2018жж) жалпы санның 80% құрайды.
Отчет по внешнему аудиту IQAA
39
Берілген контингенттің бір студентіне шаққанда кітап қоры 143,2
бірлікті құрайды. Кітап қорын жаңарту жаңа басылымдарды сатып алу, оқу
және оқу-әдістемелік әдебиетті шығару есебінен жүзеге асырылады. TAU-
дың әрбір білімалушысы білім беру және ғылыми-зерттеу процесіне арналған
әртүрлі басылымдарды шеткі электронды-кітапханалық жүйелер арқылы
пайдалана алады. Республикалық ЖОО аралық электронды кітапхана
белсенді пайдаланылады. Интернет желісі бар кез келген нүктеден ҚазҰЭК
электронды-кітапхана жүйесіне кіруге болады.
Электронды және магнитті тасығыштардағы оқулықтар саны 406
бірліктен 380 бірлікті құрайды. Электронды және магнитті тасығыштардағы
оқу құралдарының саны 1769 бірліктен 1765 бірлікті құрайды.
Электронды каталог бірнеше деректер базасын қамтиды: кітаптар,
журналдық мақалалардың электронды картотекасы, әдістемелік материалдар,
диссертациялардың авторефераттары, электронды кітаптар, конференция
материалдары, көркем әдебиет. Кітапхананың электронды каталогы деректер
базасын шексіз жаңарту мүмкіндігін ие, бұл оның одан арғы толықтырылуы
мен дамуын қамтамасыз етеді.
TAU Springerlink және Thomson Reuters халықаралық деректер
базаларына, сондай-ақ Республикалық ЖОО аралық электронды кітапхана
(РЖЭК) арқылы Қазақстан ұлттық электронды кітапхананың ресурстарына
қолжеткізу бар. РЖЭК-пен 150 қашықтағы деректер базаларын, соның ішінде
ағылшын тілінде пайдалану туралы шарт жасалған (05.01.2016ж. №71).
РЖЭК ресурстарын пайдалану бойынша оқырмандармен әңгімелесу ұдайы
жүргізіледі.
TAU сапалы оқу процесін қамтамасыз ету үшін қажетті компьютерлік
техниканы, зертханалық жабдықты, өзге негізгі құралдарды және
материалдық емес активтерді сатып алуға көп көңіл бөледі.
Университет жұмысының ұйымдастырылуы, техникалық құралдардың
жабдықталу деңгейі бойынша жыл сайын ОПҚ және қызметкерлерден
сауалнама алынады. ОПҚ-ның 81,4%-і оқу процесінің техникалық
жабдықталуына және автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен
бағдарламалық кешеңдерді пайдалануна мүмкіндік жасалғанын растайды.
Оқу-зертханалық
база
деңгейіне,
Интернеттің
қолжетімділігіне,
аудиториялардың техникалық жабдықталуына, «Платонус» ААЖ жүйесінде
Moodle бағдарламалық қамтамасыз ету базасында білімді бақылау жүйесінің
тиімділігіне байланысты білімалушылардан алынған сауалнама бойынша
88,5% қанағаттану деңгейін көрсетеді.
TAU-да оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталған аудитория
жеткілікті. Материалдық-техникалық базаның жабдықталуы мемлекеттік
стандартының талаптарына сәйкес. Аудиториялар заманауи санитарлық-
эпидемиологиялық талаптарға сай.
Қаржыландыру құрылымында соңғы жылдары ең үлкен меншікті
салмаққа материалдық-техникалық базаны қолдауға, негізгі құралдарды,
кітапхана
қорларын,
жиһазды,
бағдарламалық
қамтамасыз
етуді,