» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияның негізгі бағыттарына Қазақстанды мекендеуші түрлі этностар тілдерінің дамуы; тіл саясаты және оны жүзеге асыру жолдары; мемлекеттік тіл және көрнекі жарнама; қазіргі қазақ терминологиясы; ономастика мәселері; ұлт және өзге ұлт мектептерінде қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиялары; ересек аудиториялардағы қазақ тілін оқыту әдістемесі; тіл мәдениеті және қазақ тілі стилистикасы мәселелері; мемлекеттік тілде іс жүргізу және аударма мәселелері жатты. Ал конференцияның негізгі мақсаты Елбасының тапсырмасымен қолға алынған тілдің үш тұғырлығы саясаты мен мемлекеттік тіл және оның қолданыс аясын кеңейту болатын.
Конференцияға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Сүлеймен, Астана қаласынан Е.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Н.Ж.Құрман, Ақтөбе қаласынан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы А.А.Мұсаев пен осы университеттің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Б.Ш.Баймұқанов, Орал қаласынан Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Т.Х.Рысқалиев, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы М.Б.Сабыр, Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Ж.С.Ихсанова, Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының бөлім бастығы Ж.Ж.Ерназаров, «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры Б.Ө.Жексенғалиев, сонымен қатар облыс көлеміндегі жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, арнаулы орта және жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері мен студенттер қауымы, жалпы тіл жанашырлары қатысты.
Сонымен қатар конференция төмендегі секциялар бойынша жұмыс жасады:
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту – тіл саясатының басты бағыты
Тіл саясаты және қазақ тілі мен әдебиетінің теориялық мәселелері
Қазақстандағы тілдерді оқытудың тиімді әдістемелері мен инновациялық технологиялары.
2011 жылдың 28 қазанында БҚО ішкі саясат басқармасының қолдауымен М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жас ғалымдар кеңесі және «Технопарк «Алгоритм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесе отырып, оқушылар, студенттер және жас ғалымдар арасында облыстық «Жас ғалым-2011» инновациялық жобалар байқауын өткізді.
Конкурстың мақсаты - дарынды жас ғалымдарды инновацияның дамуына өз үлестерін қосуға жұмылдырып, олар ұсынған жаңа жобалардың жүзеге асуына мүмкіндіктер жасау. 2011 жылдың қыркүйегінен бастап қала газеттеріне байқау туралы хабарландыру жарияланып, барлық мектептер, орта және жоғары оқу орындарына плакаттар таратылды. 25-қазанға дейінгі аралықта жарияланған конкурсқа: ІТ технологиялар және инженерлік – конструкторлық жобалар, экология және биотехнологиялық жоба, әлеуметтік маңызды жоба бағыттары бойынша 108 жоба тапсырылды, олардың 80-і іріктеу кезеңінен өтіп, сәйкес сертификат алып, өз жобаларын конкурс комиссиясының алдында қорғауға мүмкіндік алды.
Байқаудың ашылу салтанаты мен бірінші кезеңде іріктелген инновациялық жобалардың презентациясы 2011 жылдың 28 қазанында «Технопарк «Алгоритм» ЖШС ғимаратында ғылыми-техникалық жетістіктер көрмесін ұйымдастыру, қатысушыларды тіркеу, материалдар тарату жұмыстарынан басталды. «Жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.М.Гиззатов байқауды салтанатты түрде ашқаннан кейін Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Мұратқали Қамешұлы Төрегелдиев, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры Асхат Сәлімұлы Иманғалиев, «Технопарк «Алгоритм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының міндетін атқарушы Арман Мәлікұлы Есекенов, ҚР Әділет министрлігінің интеллектуалдық меншік құқығы комитеті жанындағы Ұлттық интеллектуалдық меншік инстиутының батыс аймақтық өкілі Қарлығаш Қабышева байқауға қатысушыларды біліктілік мерекесімен құттықтай отырып, жүлделі орындарға ие болуға шын тілектестіктерін білдірді. Президиум құрамына: Ж.С.Сырым, Э.А.Мадирова, Р.Р.Ашенова, П.А.Проскурин енді.
Секциялық жұмыстардың экология және биотехнология жоба бағыты «Технопарк «Алгоритм» ЖШС ғимаратының №2 мәжіліс залдарында өтсе, әлеуметтік маңызды жобалар бағыты БҚМУ-дың №1 ғимараты №126 дәрісханада және ІТ технологиялар бағыты БҚМУ-дың №8 ғимараты 209 мәжіліс залында өтті. Инновациялық жобаны әр автор ауызша баяндама түрінде Power Point сүйемелдеуімен таныстырды.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2011 жылдың 28 қазанында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың акт залында өтті. Жобалар келесі жүлделер бойынша марапатталды:
1. Оқушылардың үздік инновациялық жобасы;
2. Студенттердің үздік инновациялық жобасы;
3. Жас ғалымдардың (29-ға дейін) үздік жобасы.
Атап айтсақ: М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дан 1 жас ғалым, 15 студент, БҚИТУ-дан 20 жас ғалым, 22 студент, БҚИТУ колледж 7 жас ғалым, БҚИТУ колледж 1 студент, КазУИТС-дан 2 студент, Ж.Досмұхаммедов ат. педагогикалық колледж 4 студент, «Қазақ-түрік лицейі» 1 оқушы, №42 «Ақниет» гимназия 2 оқушы, №33 мектеп 2 оқушы, №8 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп 1 оқушы, Халықаралық ғылыми-білім Aptech 3 оқушы қатысты.
Байқау комиссиясының мүшелері: Облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Төрегелдиев Мұратқали Қамешұлы және «Технопарк «Алгоритм» ЖШС технологиялық бизнес инкубациялау бөлімінің басшысы Проскурин Павел Александрович, техника ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ доценті - Жазықбаева Ғалия Мұратқызы, «БҚО жастар қауымдастығының» ЗТБ-нің маманы - Ашенова Ранида Рафхатқызы, «Батыс Қазақстан облысының жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты - Гиззатов Саялбек Махамбетұлы байрақты бәсекеде білімділігімен, біліктілігімен жүзден жүйрік шыққан, жаңашылдыққа жаны құмар жалынды жастарды жеңістерімен құттықтай отырып, 30 жеңімпаз жас ғалымдарды I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттап, барлық қатысушыларға аннотациялар жинағын үлестіріп, байқауға қатысқандығын дәлелдейтін сертификаттарды табыс етті. Байқау қорытындылары қала газеттерінің редакцияларына таратылды. Конкурс қорытындысы бойынша 36 жобаның авторлары жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушылар алғыс хат иеленді.
Орал өңірі – 03.11.2011, №126 (19580)
Приуралье – 05.11.2011, №127 (23309)
Сонымен қатар, М.Өтемісов атындағы БҚМУ Жас ғалымдар кеңесі 2011 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған әлеуметтік жобалар жәрмеңкесінде «Студенттік заң клиникасы және Батыс Қазақстан облысындағы құқықтық сауаттылық» жобасымен 500 мың теңгенің грантын ұтып алды. Аталмыш жоба М.Өтемісов атындағы БҚМУ Заң клиникасының жұмысын жандандырып, халыққа әлеуметтік тұрғыдан жәрдемдесті.
2011 жылы 26 қарашада Батыс Қазақстан облысы әкімдігі және «Батыс Қазақстан облысының Жастар қауымдастығы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен өткен «Жыл үздігі» облыстық байқауында Тарих және құқық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты С.М. Гиззатов «Үздік жас ғалым» номинациясының иегері атанды.
2012 жылдың 1 қаңтар-30 сәуір аралығында жас ғалымдардың ұтқан жобалары:
№
|
Ғылыми-зерттеу жобаларының атауы
|
Тапсырыс беруші ұйым
|
Қаржыландыру көлемі (теңге)
|
Жоба жетекшісі
|
|
«Тілдарын-2012» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу
|
«Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» ММ
|
198 000
|
ф.ғ.к. Р.Б.Сұлтанғалиева
|
|
«Қуыр, қуыр, қуырмаш» байқауын өткізу
|
«Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» ММ
|
229 000
|
ф.ғ.к. Р.Б.Сұлтанғалиева
|
|
«М.Мақатаев атындағы облыстық көркемсөз оқу» байқауын өткізу
|
«Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» ММ
|
242 000
|
ф.ғ.к. Р.Б.Сұлтанғалиева
|
|
«Халық қаһарманы Х.Доспанованың 90 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция»
|
«Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ
|
500 000
|
Т.ғ.к. С.М.Гиззатов,
Т.ғ.к.А.С.Байболсынова
|
|
«Х.Досмұхамедовтың 125 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция»
|
«Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ
|
500 000
|
Т.ғ.к. Л.С.Серикова,
С.М.Гиззатов
|
|
«Облыс жастарын жұмыспен қамту биржасы»
|
«Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ
|
900 000
|
Т.ғ.к. С.М.Гиззатов,
Н.А.Хабадашев
|
|
«Облыстық инновациялық және серпінді жобалар байқауы»
|
«Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ
|
800 000
|
Т.ғ.к. С.М.Гиззатов,
Г.ғ.к. Э.Ж.Имашев
Т.ғ.к. Ж.Қ.Мұқанғалиева
|
Алда атқарылатын жұмыстар:
1 Халық қаһарманы Х.Доспанованың 90 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу (4 мамыр, 2012 жыл)
2 «Жаңа ғасырдағы ғылым мен білім: даму бағыттары» атты халықаралық Жас ғалымдар форумын оздыру (24-25 мамыр, 2012 жыл)
3 Х.Досмұхамедовтың 125 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу (21 қазан, 2012 жыл)
4 «Жас ғалым-2012» облыстық инновациялық жобалар байқауын ұйымдастыру (қараша, 2012 жыл)
5 «Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы» ММ, «Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы» ММ ұйымдастыратын жобаларға белсене қатысу (мамыр-қазан, 2012 жыл)
6 Халықаралық Tempus-Perseus, Tempus-Erasmus сияқты ғылыми жобаларға белсене араласу.
Дегенмен Жас ғалымдар кеңесі жұмысына қатысты бірқатар ұсыныстарымыз бар:
1 Ақпараттан байқағанымыздай, Жас ғалымдар кеңесі ұтқан жобалардың көпшілігі әлеуметтік бағыттарға жатады. Сол себепті тапсырыс беруші Батыс Қазақстан облысының басқармаларына ғылыми бағыттағы жобаларды қаржыландыру жөнінде ұсыныс жасау;
2 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Жас ғалымдар Кеңесінің материалдық-техникалық базасын нығайту. Атап айтсақ, бас ғимараттан Жас ғалымдар Кеңесіне, Студенттік ғылыми қоғамға кабинет бөлу;
3 Ғылыми жобаларға қатысып, өз ғылыми-зерттеу жұмыстарын жариялап жүрген жас ғалымдарды ынталандыру мүмкіндіктерін қарастыру;
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы С.М.Гиззатов
2012-2013 оқу жылына арналған Оқу үрдісінің кестесін бекіту
30.04.2012ж. Ғылыми Кеңеске
1. Оқу үрдісінің кестесі
Оқу үрдісінің кестесіне өзгеріс енгізу
Бакалавриат пен магистратура деңгейі бойынша мамандықтардың оқу үрдісіне енгізілген өзгерістері мен қосымшаларын қарастыруыңызды және бекітуіңізді сұраймыз:
1. 2012-2013 оқу жылының 1 қыркүйегі аптаның сенбі күніне сәйкес келгендіктен оқу жылының алғашқы аптасын 3 қыркүйектен бастауға рұқсат етуіңізді сұраймыз.
2. Күндізгі және сырттай оқу түрі 4 курсының:
5В010200 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
5В010300 «Педагогика және психология»
5В010900 «Математика»
5В011000 «Физика»
5В011100 «Информатика»
5В011200 «Химия»
5В011300 «Биология»
5В011400 «Тарих»
5В011600 «География»
мамандықтары бойынша Жұмыс оқу жоспарлары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының электрондық кітапханасының сайтында орналасқан 2009 жылғы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде құрастырылған болатын. Бірақ, типографиялық варианты шығарылмағандықтан Базалық және кәсіби пәндер циклі, курстық жұмыстар/жобалар мен сараман түрлері 2006 жылғы стандартқа сәйкестендірілді (оқылмаған пәндер мен кредит саны аз көлемді пәндер Семестрлік жұмыс оқу жоспарларына енгізілді).
3. Күндізгі оқу түрі 5В040600 «Режиссура», 5В040900 «Хореография», 5В041700 «Сәндік өнер» мамандықтарының 2009 жылғы стандартының (01.09.2010 жылдан бастап күшіне енгізілді) типографиялық вариантына сәйкес 2-3 курстардың Базалық және кәсіби пәндер циклі, курстық жұмыстар/жобалар мен сараман түрлері аталған стандартқа сәйкестендірілді.
4. Сырттай оқу түрінің кестесіндегі теориялық оқу мерзімдері биылғы оқу жылындағыдай өзгеріссіз қалдырылды. Себебі, ақылы негізде білім алушылар қаржылық жыл біткенше (31 желтоқсанға дейін) оқу ақыларын бірінші жартыжылдық үшін енгізген болатын және ол университет үшін өте тиімді болды.
5. Магистартура мамандықтары оқу мерзімдеріне сәйкес (1; 1,5 және 2 жылдық) реттелді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып:
1. Бакалавриат пен магистратура мамандықтары бойынша Оқу үрдісінің кестесін өзгерістері және қосымшаларымен бекітуіңізді сұраймыз.
ОӘЖ жөніндегі проректор Жүсіпқалиева Г.К.
12.04.2012ж. университеттің оқу-әдістемелік Кеңесіне
2012-2013 оқу жылына арналған Семестрлік жұмыс оқу жоспарларын, факультет және университеттің Оқу үрдісі кестесін бекіту
1. Оқу үрдісінің кестесі
Оқу үрдісінің кестесіне өзгеріс енгізу
Бакалавриат пен магистратура деңгейі бойынша мамандықтардың бекітілген ЖОЖ негізінде Семестрлік жұмыс оқу жоспарлары мен оқу үрдісіне енгізілген өзгерістерін және қосымшаларын қарастырып, бекітуіңізді сұраймыз:
1. 2011-2012 оқу жылының 1-2-3 қыркүйегі аптаның бейсенбі-жұма-сенбі күндеріне сәйкес келгендіктен оқу жылының алғашқы аптасы 5 қыркүйектен басталады.
Күндізгі оқу түрі 4 курсының 050104 «Бастапқы әскери дайындық» және 050108 «Дене шынықтыру және спорт», 050103 «Педагогика және психология», 050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 050203 «Тарих» мамандықтарының бекітілген Жұмыс оқу жоспарларының кестесіне өзгеріс енгізуге рұқсат етуіңізді сұраймыз. Кәсіби сарамандары оқу үрдісі кестесінің 3 аптасынан басталса, қысқы сессия алдында студенттер оқу пәндерінен рейтинг жинайды. Және сараман есептерін тапсыру үшін мүмкіндік болғандықтан дер кезінде сессияға академиялық қарызсыз жіберуге болады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып:
1. Бакалавриат пен магистратура мамандықтары бойынша Семестрлік жұмыс оқу жоспарларын, институт/факультет және университеттің Оқу үрдісі кестесін өзгерістері және қосымшаларымен бекітуіңізді сұраймыз.
ОҮЖжҰБ жетекшісі Джумагазиева Д.Д.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дағы қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесі
Жалпы ережелер
1. Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру туралы осы ереже төмендегіше сәйкестікте дайдалды:
- 24.10.2011 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен, 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
- 01.09.2009 жылғы «Қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы ұйымдастыру» ҚР ЖММС;
- 25.04.2011 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен, 13.04.2010 жылғы «Жоғары оқу орындары білім алушыларын аралық және қорытынды аттестаттау, ағымдағы үлгерімді бақылауды өткізудің типтік ережелері» туралы ҚР БҒМ № 168 бұйрығы;
- 19.01.2012 жылғы «Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері» туралы ҚР Үкіметінің №112 өкімі.
2. БҚМУ-дың қашықтан оқыту технологиясы төмендегі технологияларды қолданумен жүзеге асады:
1) кейстік технология
2) желілік технология
3) ТВ - технология
Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру
3. Қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
1) жеке оқыту;
2) оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
3) дәстүрлі оқу түрі мүмкіндігі жоқ адамдарға білім қызметін ұсыну.
Қойылған қашықтан оқыту міндеттерін шешуге жету үшін БҚМУ мыналарды негіздейді:
- қашықтан оқыту технологоиясының қағидаттары;
білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру;
білім алушылардың білім ресурстарына еркін қол жетімділігі;
4. Қашықтан оқыту технологиясының дұрыс қызметі мен ұйымдастырылуын БҚМУ басшылығы төмендегіше қамтамасыз етеді:
1) оқу курстарын қолдау;
2) білім алушыларға оқу материалдарын жеткізу;
3) кеңестер;
4) білім алушылармен кері байланыс орнатуды ұйымдастыру;
5) білім алушылардың білімін бақылау.
5. БҚМУ-да қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың қажетті шарттарына мыналар жатады:
- білім алушылар үшін мазмұнды ақпаратты беттерімен білім интернет-порталы;
- телекоммуникациялық желіге (интернет) шығуға болатын құралдар;
- электронды оқу залдары, компьютерлік және тьютерлік кластар;
- оқу континентінің әр түрлі типтегі жеткізушісі (жеке немесе алынған);
- желілік оқу мультимедиа континенті (жеке немесе алынған);
- дайындыққа сәйкес профессор-оқытушылар құрамы, оқу-көмекші және техникалық персоналдар.
6. ҚОТ келесі білім алушылар үшін пайдаланады:
1) техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі және жоғары білім негізіндегі жеделдітілген білім беру бағдарламалары бойынша;
2) шектеулі физикалық мүмкіндіктері бар тұлғалар үшін, соның ішінде мүгедек-балалар және білім берудің әр түрлі деңгейіндегі 1 және 2 топ мүгедектері үшін;
3) «Болашақ» стипендиаттарынан басқа, жоғары білім деңгейінде білім алушылармен алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тыс шыққандар үшін;
4) жоғары білім деңгейінде әскери қызметке шақырылған сырттай оқу түрінің білім алушылары;
5) жоғары білім негізіндегі ұзақ шетел іс-сапардағылар үшін (4 айдан артық емес).
7. ҚОТ бойынша білім аламын деген тұлға білім беру мекемесінің жетекшісінің атына еркін түрде ҚОТ арқылы білім ала алатының негіздейтін өтініш жазып, растайтын құжаттарын ұсыну керек:
1) мамандығы бойынша қызмет жасайтындар үшін жұмыс орнынан анықтама;
2) мүгедек балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысы.
8. Өтініш бес күнтізбелік күн аралығында қарастырылады. Білім алушының пайдаланылатын ҚОТ көрсетілген білім беру мекемесінің жетекшісінің бұйрығы екі күнтізбелік күн аралығында жасалады.
9. Бұйрыққа қоса тіркеледі:
1) білім алушының өтініші;
2) білім алушылылардың жеке оқу жоспары;
3) әр-бір білім алушының оқу іс-әрекетінің жеке кестесі;
4) мүгедек балалардың қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісіне қатысу мүмкіншілігі жөніндегі психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысы.
Білім беру мекемесі екі күнтізбелік күн аралығында білім алушыны жоспары және оқу үрдісінің кестесімен таныстырады.
10. Білім алушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін білім беру мекемесі жұмыс оқу жоспарындағы барлық пәндері бойынша электронды пәннің оқу-әдістемелік кешендеріне ие болуы керек.
11. Электронды оқу-әдістемелік кешендерді дайындау бекітілген жұмыс оқу жоспарымен және типтік оқу жоспарына сай жасалуы тиіс.
12. Электронды пәннің оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша тарауларынан тұрады.
13. Міндетті тарауына жатады:
1) пәннің мазмұнынан, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, ұсынылған әдебиеттер тізімінен (негізгі және қосымша әдебиет), пәнді модульдік бағыттан бөлінуінен, қашықтан кеңес өткізу кестесінен тұратын жұмыс оқу жоспары;
2) дәрістің электронды нұсқасы;
3) практикалық және семинар сабақтарының материалдары;
4) студенттің өзіндік жұмысы және оқытушының жетекшілігімен іске асатын өзіндік жұмыс тапсырмалары;
5) аралық бақылау ұйымдастыратын материалдар (бақылау жұмыс, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар);
6) қорытынды бақылау материалдары (тест емтихан тапсырмалары, емтихан сұрақтары, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары).
14. Қосымша тарау курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар, үйрету сипаттағы компьютерлік бағдарламалар, тренажер, репетитор, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пән бойынша оқу материалдарын жақсы игеруге қажетті оқу және оқу--әдістемелік құралдардың мультимедиялық нұсқаларынан тұрады.
15. Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін қамтамасыз ету мақсатында БҚМУ-да ақпараттық және білім технологиялары орталығын, кафедралар мен факультеттердің жұмысын үйлестіретін және төмендегідей қызметтер атқаратын құрылымдық бөлімше (Қашықтан оқыту бөлімі) құрылады:
- Оқу үдерісін үйымдастыру мен басқару;
- Қашықтан оқыту технологиясының дидактикалық материалдарын дайындау;
- Ақпараттық-техникалық камтамасыз ету.
16. Қашықтан оқыту технологиясы бөлімі қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру және басқарумен айналысады, қашықтан оқыту технологиясына қатысты құжаттарды жүргізеді, оқытушылар мен тьютерлерді сертификаттау және біліктілігін көтеруді ұйымдастырады, оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
17. Ақпаратттық және қашықтан оқыту технологиясы орталығы жүзеге асырады:
- электронды оқулықтар, мультимедиялық курстарды дайындайды, иегереді, қолданады;
- тест жүйесі және басқа да білімді бақылау түрлерін дайындайды;
- қашықтан оқыту технологиясы бойынша ақпараттық ресурстарды қолдану әдістерін дайындайды;
- қашықтан оқытудың ақпараттық және техникалық құралдарын, көшіру бағдарламаларын қолдау, игеру және дайындау.
18. Факультет кафедралары қашықтан оқыту технологиясының көптеген әдістемелік құралдарын дайындаумен айналысады.
3. Кейстік технология негізінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру
19. Білімді ұйымдастыру жетекшілерімен бекітідген, қашықтан оқыту технологиясы оқу жұмыс жоспары негізінде оқу үдерісі ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының талаптарына сәйкес типтік оқу жоспары негізінде құрылады. БҚМУ қашықтан оқыту технологиясы таңдауына сәйкес оқу сабақтарын өткізу түрлерін білім үдерісінде қолданады.
20. Оқытылатын пәндердің кредит көлемі былай жүргізіледі: 1 кредит оқу жұмысының 45 сағатына тең. Кейстік технология арқылы 1 кредитті оқыту үшін 6 сағат (аудиториялық) сабақ (4 сағат дәріс, 2 сағат практикалық), 4 сағат оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ), 35 сағат студенттің өзіндік жұмысына беріледі.
21. Білім алушының жеке оқу жоспарын кафедра меңгерушісі және қашықтан оқыту бөлімі жетекшісінің көмегімен эдвайзер құрастырады және факультет деканы бекітеді.
22. Қашықтан оқыту технологиясы бойынша білім алушылар үшін оқу сабақтары басталар алдында қашықтан оқыту технологиясы мен жүйесін таныстыру мақсатында бейімделу курстары жүргізіледі.
23. Оқу жылы екі сессиядан тұрады. Бірінші курста бейімделу сессиясы жүргізіледі. Бейімделу сессиясы тек теориялық, келесісі теориялық және емтихан сессиясы болып табылады. Студенттің өзіндік жұмысы сессияаралық кезеңде орындалады. Бейімделу сабақтары өткізілгеннен кейін оқытылған пәндерден ОЖСӨЖ, ал аралық және қорытынды бақылау (емтихан сессиясы) келесі семестр уақытында жүргізіледі.
24. Студенттердің өзіндік жұмысы пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) мазмұнындағы әдістемелік нұсқаулықтар мен оқу материалдары негізінде ұйымдастырылады. Осы мақсатта білім алушылар әр түрлі жеткізуші құралдар арқылы ПОӘК-пен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ http://inside.wksu.kz/ білім порталында орналасқан оқытушылардың пәндер бойынша бейне дәрістерімен де оқиды.
25. Қашықтан оқыту технологиясының сессияаралық кезеңінде оқытылатын теориялық материалдарды оқиды және тьюторлардан кеңес алады. Студенттердің өзіндік жұмысына пәннің барлық оқу материалдарымен (чат, форум арқылы) оқытушы-тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін интерактиті кеңестері де жатады.
Топтық және жеке кеңестер мен сабақ кестесіне сәйкес, қойылған рейтинг пен ағымдағы білімді бақылау студент пен оқытушының өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) кезінде жүзеге асады.
4. Желілік технология негізінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру
26. Оқу үдерісі қашықтан оқыту технологиясының оқу жұмыс жоспары негізінде білім ұйымы басшысының бекітуімен ұйымдастырылады. Оқу жұмыс жоспары мемлекеттік жалпыға білім берудің стандарты талаптарына сәйкес типтік оқу жоспары негізінде құрылады.
27. Осы оқу түрінлегі мамандықтар тізімі қашықтан оқыту технологиясын пайдалану арқылы кафедралар ҚО бөлімімен келісе отырып, университеттің ОӘК бекітуімен анықталады және ректор бұйрығымен ҚО-ның желілік технологиясына көшіріледі.
28. Желілік технология бойынша оқушылар үшін бірінші курста қашықтан оқыту технологиясы және жүйесімен таныстыру үшін бейімделу сессиясы өткізіледі. ҚР МЖББС 6.6 т. талаптарына сәйкес оқу үдерісін басқарудың ақпараттық жүйесінің таратылуында электронды пошта және «Платон» жүйесі қолданылады.
29. Оқу жылы екі емтихан сессиясынан тұрады. Студент келуге міндетті. ҚОТ бойынша студент арнайы негізде ҚОТ-ты пайдалану үшін ректордың атына өтініш жазады және қажетті мәліметтерді көрсетеді (байланыс жасау мәліметтері). Желілік технология бойынша оқу сессияаралық кезеңде өткізіледі және онда ЖОО-на білім алушының келуі міндетті емес.
30. Жұмыс оқу жоспары мен жеке оқу жоспарына сәйкес студент семестрдегі барлық оқытылатын пәндер бойынша ПОӘК-пен қамтамасыз етіледі.
31. «on-line» немесе «off-line» жүйесіндегі қашықтан оқу сабақтарының өткізілуі ҚОТ-қа негізделеді.
32. Оқу үдерісі «off-line» жүйесіндегі желілік қашықтан оқыту технологиясын пайдалану арқылы студенттердің өзіндік жұмысы түрінде ұйымдастырылады және қажеттілікке орай кеңестер өткізіледі. Желілік қашықтан оқыту технологясы бойынша оқу үдерісі кестесін ҚО бөлімінің әдіскері құрастырады, сондай-ақ оған кесте бойынша келісілген уақытта жұмыстардың уақытында орындалуын қадағалау жауапкершілігі жүктеледі. Студенттерге тапсырмаларды жіберу, орындалған жұмыстарды қабылдауды желі арқылы ҚО бөлімінің әдіскері университет кафедраларымен біріге отырып бақылау жасайды.
Желілік қашықтан оқыту технологиясында студенттердің өзіндік жұмыстары: дәрістік материалдарды оқу, практикалық тапсырмаларды орындау, СӨЖ үшін берілген тапсырмаларды шешу, жағдаяттар, баяндама, реферат жазу, бақылау жұмысы, курстық, жобалармен жұмыс, т.б. өз бетімен қарастырылады. Бұдан басқа студент өздігінен университеттің http://inside.wksu.kz/ білім порталында орналасқан пәндердің бейнедәдістерін оқумен айналысады. Кеңестер әр түрлі формада өткізілуі мүмкін:
- күндізгі жеке (білім алушының бастамасы бойынша);
- қашықтан жеке (бақылау және аттестациялық жұмысқа пікір, автоматтандырылған электронды бағдарлама арқылы, телефон арқылы, электронды пошта арқылы, web-камера, чат («on-line» жүйесі), форум);
- қашықтан топпен (чат, форум арқылы).
33. Оқытылатын пәндердің кредит көлемі былай жүргізіледі: 1 кредит 45 оқу жұмысы сағатына тең. 1 кредитті оқу үшін желілік қашықтан оқыту технологиясы бойынша 8 сағат байланыс уақыты беріледі (жұмыс оқу жоспарына сәйкес 1 байланыс сағаты дәріс сабағы, 1 байланыс сағаты семинар, практикалық сабақтар, 6 байланыс сағаты рейтинг/кеңес (күндізгі, қашықтан жеке және топтық) және 37 сағат студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ), бұл сағаттар кафедраның сағаттар есебі мен оқытушылардың оқу жүктемесіне кіреді.
34. Ағымдағы үлгерімді бақылау сессияаралық кезеңде және кеңес кезінде жүйелі жүргізіледі. Ағымдағы бақылау нәтижелері ҚО бөлімі әдіскерінің ҚО желілік технология бойынша оқу үдерісін тіркеу журналында тіркеледі және MS-Exsel бағдарламасы арқылы үлгерім базасында жүргізіледі.
35. Ағымдағы білімді бақылау нәтижелері мен емтиханға жіберілу рұқсаты факультеттің сырттай бөлім әдіскерінің емтихан сессиясы басталмас бұрын оқу үдерісі кестесіне сәйкес ресімдейтін рейтинг ведомосінде көрінеді.
5. Білімді бақылауды ұйымдастыру
36. Білімді аралық және қорытынды бақылау балдық-рейтингілік негізде жүргізіледі. Ағымдағы және рейтингілік бақылау нәтижелері тьютор журналында, үлгерімнің электронды базасында, «Платон» автоматтандырылған жүйесінде көрінуі тиіс.
37. Балдық-рейтингілік жүйе 100 балдық шкала бойынша бірінші және екінші білімді аралық бақылау мен қорытынды бақылауды қарастырады. Осыдан қорытынды бағаның жалпы сомасынан білімді аралық бақылауға 60%, қорытынды бақылауға 40% беріледі. Сонымен қатар, студенттердің білімі апта сайын бақыланады және қорытындысы журналға түсіріледі.
38. Ауыстыру балының деңгейі (GPA) университеттің студенттерді келесі курсқа көшіру туралы қабылданған шешімі мен білім алушының жетістік деңгейінің орта бағасы арқылы қойылады.
39. Тиімділікті көтеру мақсатында БҚМУ студенттерінің білімді қорытынды бақылау мен барлық оқу үдерісіндегі білім технологиялары сапасы артуда. Білімді қорытынды бақылау (емтихан) БҚМУ Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілген арнайы және әдістемелік пәндерді есепке алмағанда компьютерлік тестілеу түрінде жүргізіледі.
40. Кредиттік жүйе ережелері бойынша студенттердің білімін бақылауда келеңсіз жағдайларды болдырмау және жою мақсатында аппелляция қарастырылған. Аппелляция студенттердің бастамасы бойынша келесі жағдайларды жұмыс жасайды:
- Тест тапсырмаларының мазмұны дұрыс құрастырылмаса;
- Тест тапсырмаларында дұрыс жауап болмаса;
- Тест тапсырмаларында бірнеше дұрыс жауап болса;
- Тест тапсырмалары пәннің ОӘК берілген оқу бағдарламалары шеңберінен шығып кетсе.
41. Кредиттік жүйе ережелеріне сәйкес ағымдағы сессияда алынған «қанағаттанарлықсыз» баға қайта тапсыруға жатпайды. Дәлелді себептермен емтиханға келе алмаған білім алушы емтиханды жолдама (емтихан тапсыру парағы) бойынша тапсыруға құқылы. Ол үшін емтихан парағына рейтингілік бақылау балы қойылып, емтиханды бірінші рет тапсырып отырғаны туралы белгі қойылады. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушы ақылы негізде қосымша оқу/жазғы семестр уақытында (ЖОО әкімшілігі белгілеген басқа да қосымша оқу кезеңінде) пәндер бойынша (кеңес тыңдау, оқу-әдістемелік материалдарды алу (кейс), білімді аралық бақылаудан өту) қайта оқуына құқылы.
42. Пәндер бойынша қарызы, ЖОО-нан ЖОО-на ауысу кезінде оқу жоспарында пән айырмашылығы бар студенттер үшін қосымша оқу/жазғы семестр ұйымдастырылады. Курсты қайта оқуы үшін белгіленген көлемде ақы төлеген соң (соның ішінде мемлекеттік білім гранты бойынша білім алушылар үшін де) студент қайта оқуға жіберіледі. Қайта оқу ақысы оқытылатын пәннің кредит санына байланысты есептелінеді. Егер студент қосымша оқу қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алса, ол өтініш жазып курсты қайта оқуына құқылы.
43. Жеке оқу жоспары мен қорытынды аттестацияны тапсыруына сәйкес таңдаған мамандықтар бойынша оқу бағдарламаларын игеру мен мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты талаптарын толық орындаған білім алушыға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.
6. Оқу ақысын төлеу, студенттерді оқудан шығару мен қайта қабылдау тәртібі
44. Оқу ақысын төлеу тәртібі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мамандарды дайындауда шығындарды толық қайтару туралы келісімшарты негізінде жүргізіледі.
45. Оқу ақысы көлемі коммуналдық қызметтің өсуіне, білім қызметкерлерінің еңбек ақысының индексациялануына байланысты (инфляция коэффиценті есебімен), т.б. өсуі мүмкін. Ол туралы келісімшартқа қосымша келісім жасалады.
46. Төлем кестесі келісімшартпен қойылады және сессия басталғанға дейін оқу ақысын төлеу қарастырылады. Ол үшін студенттің сынақ кітапшасына қаржылай қарызының жоғы туралы штамп қойылады. Сынақ кітапшасында қаржылай қарызының жоғы туралы штампсыз студент сынақ-емтихан сессиясына жіберілмейді.
47. Дәлелді себепсіз оқу сабақтарына қатыспаған немесе ескертусіз сабақтан кетіп қалған (өтінішсіз немесе дәлелдейтін анықтама) студент оқу кезеңіне сәйкес оқуақысынан босатылмайды.
48. Оқуын жалғастыруына мүмкіндігі болмаған жағдайда (сырқат, отбасылық жағдай, ҚР ҚК қатарына шақырылуына байланысты) студент өз еркімен (өтініш негізінде) келісімшартты бұзуы қажет.
49. Білім алушы униерситеттен мына жағдайларда шығуы мүмкін:
- университет алдындағы қаржылық міндетін орындай алмаған жағдайда;
- өз еркімен, соның ішінде денсаулығына байланысты дәрігерлік қорытынды анықтама негізінде;
- басқа білім ұйымына ауысуы байланысты;
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарына шақырылуына байланысты;
- университетпен байланысты үзгені үшін (сабақ қалдыру немесе дәлелді себепсіз емтиханға қатыспау, көрсетілген мерзімде академиялық демалысқа шықпағаны үшін, егер студенттің академиялық қарызы болып, жазғы семестрден өтуге өтініш бермесе немесе қосымша оқу үшін белгіленген төлемді төлемесе, егер студент жазғы семестр қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» баға алса, қайта курстан өтуге өтініш бермесе;
- егер оқу қорытындысы бойынша оның GPA көрсеткіші университет Ғылыми кеңесі белгілеген төменгі шектік деңгейден төмен болса немесе студент оқу курсынан қайта өтуге өтініш бермесе;
- оқу жоспарын орындаған, бірақ қорытынды мемлекеттік аттестациядан өтпеген (дәлелді себептерсіз, мемлекеттік емтихан тапсыруда немесе дипломдық жұмыс/жобаларды қорғауда «қанағаттанарлықсыз» баға алса);
- БҚМУ студенттернің Этика кодексін бұзғаны үшін.
50. Оқудан шығарылған студент университетке қайта қабылдануға құқылы. Ол үшін оқу курсын, оқу жоспары бойынша пән айырмашылығын анықтау қажет. Ол 5 (бес) пәннен аспауы керек.
51. Оқудан шығарылған студент қайта қабылдануда қарызын өтейді және сол кездегі шарттарға (келісімшарт) сәйкес жаңа келісімшарт жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |