Отчет о реализации Государственной программы развития здравоохранения Республики Казахстан



жүктеу 2,54 Mb.
бет3/13
Дата14.05.2018
өлшемі2,54 Mb.
#12758
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Іс-шара орындалды.

19.

Халықты (балаларды, жасөспірімдерді, ересектерді, еңбекке қабілетті халықты) дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту жұмысын жандандыру

ДСӘДМ-ге ақпарат

жыл сайын

МСМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҰКП (келісім бойынша)
















Дене шынықтырумен айналысуды тарту және бұқарлық спорт насихаттау мақсатында халық арасында Дүниежүзілік, Халықаралық, Ұлттық күндер, айлықтар, он күндік, «Денсаулық фестивалы» кең ауқымды акция, медициналық қызметкерлер арасында республикалық спатракияда кезінде 64 165 іс-шаралар өткізілген, 886 198 адам қамтылған.

Қазақстан Республикасы Елбасының жыл сайынғы жолдауындағы бұқаралық спорттың дамуы және дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға қамту тапсырмасы бойынша 2016 жылы дене шынықтыру-спорттық ұйымдар нақты шаралар қабылдады. Қабылданған шаралар республиканың барлық аумақтарында дене шынықтыру және спорттың динамикалық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың қорытындысы бойынша республикада 19 882 дене шынықтыру ұйымдары қызмет етуде, олардың ішінде 103106 спорттық секцияларда жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылардың саны 4 863 747 адам құрайды, бұл көрсеткіш республика бойынша адам санынан 27,4 %. 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,4 % немесе 281 756 адамға ұлғайып отыр.

Осы көрсеткіш бойынша 1 орын Шығыс Қазақстан облысы алды (30,3%), ең төмен деңгей Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысы өзара бөлді (25%).

Дене шынықтыру және спортпен белсенді түрде айналысатын халық – ол жалпы білім беретін мектептердің оқушылары. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың жалпы саны 2 855 804 адамды құрады немесе елдің барлық тұрғындардың 16,1 %. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын оқушылардың саны 1 491 661 адам, дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатындар 30,6 % құрайды.

Сонымен бірге, ауылдардағы мектептерде секциялық сабақтарға қамтылған саны 778071 бала немесе мектептердің оқушылардың жалпы саны 27,2 %.

Елімізде барлық жерлерде өткізілетін спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралардың саны артуда.

2016 жылы 43 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, онда шамамен 5,5 млн. адам қатысты, оның ішінде ауылдық жерлерде 25 мыңнан астам іс-шараларға 2,8 млн. адам қатысты.


Іс-шараны іске асыру жалғасуда.


21.

Өнімдердің, оның ішінде фальсификацияланған және генетикалық түрлендірілген өнімдерді қоса алғанда, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау және мониторинг жүргізуді жалғастыру

ДСӘДМ-ге ақпарат

жыл сайын

ҰЭМ, ДСӘДМ
















2016 жыл бойынша республикада өнімдердің қауіпсіздігі бойынша барлығы – 29164 тағамдақ өнімдердің сынамасы сараптамадан өтті, олардың ішінде техникалық регламенттердің талаптарынан – 3563 сынама, яғни 12,2 %-ы өтпеді, соның ішінде балық және балық өнімдері – 12,4 %, құс еті, құс өнімдері – 11%, ет өнімдері – 16%, сүт және сүт өнімдері – 23,9 %, кондитерлік өнімдер, шырындар – 9,2 %, май өнімдері, алкгольдік өнімдер – 5%.

Талапқа сәйкес емес тағам өнімдерінің 19%-ында қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша (патогендік микрофлораның(Salmonella), ішек таяқшасының, ашытқы және зеңнің болуы) үйлесімсіздік, 13% тұтынушыны алдау фактілері (жарияланған қасиеттеріне сейкес келмеу) анықталды; 68%-ында таңбалауы бұзылған (сақтау шарттары, шығарылған мерзімі, сақтау мерзімі, мемлекеттік тіл мен кедендік одақ мүшелігіндегі мемлекеттер нарығындағы өнімнің бірыңғай атау белгісі көрсетілмеген және т.с.с.).

Сонымен қатар, фальсификатты анықтау үшін сүт және сүт өнімдерінің 372 сынамасы идентификация көрсеткіштеріне зерттелді (256 – ҚР, 116 – сырттан енгізілген), олардың ішінде 117 (31,4%) май-қышқылдық құрамы бойынша (88 – ҚР, 29 – сырттан енгізілген) талапқа сәйкес келмейді.

2016 жылда арнайыландырылған зертханаларда ГТО-ға 1086 тағам өнімдерінің сынамасы зерттеліп, 9552 зертеу өткізілді.

Алынған нәтижелерді нақтылау мақсатында арнайыландырылған зертханалардан ГТО бойынша Республикалық референс зертханаға (әрі қарай – ГТО бойынша РРЗ) 81 тағам өнімінің сынамасы жіберіліп, 810 зерттеу жүргізілді. ШҚО филиалының 9 сынамасының 1 сынамасында ГТО көрсеткіші қалыпты болды, СҚО 72 сынамасы теріс нәтижелі. ГТО бойынша РРЗ қабылданған барлық сынамалар зерттеліп, алынған нәтижелер дәлелденді. Сәйкес келу пайызы – 100%.

Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілерге – Қазақстан Республикасының заң талаптарымен жою үшін, оларды сейілтуге байланысты міндетті түсіндірме жалатын 1791 нұсқама берілді.

Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде сәйкес келмейтін өнімдер фактілері бойынша әкімшілік 826 құқық бұзушылық ісі қозғалды.

Уақытылы емес және ресімделмеген орындалу бойынша 415 әкімшілік материал қозғалып, сот мүшелеріне берілді. Соттық іс қарау бойынша әкімшілік жауапкершілікке 276 айыпты тұлғалар 78 млн. теңгеден артық сомаға тартылды және 247 шаруашылық субъектілерінің қызметі уақытша тоқтатылды.

24 тоннадан астам талапқа сәйкес келмейтін тағамдық өнімдер өнірістен алынды.

Іс-шараны іске асыру жалғасуда.


22.

Ұнды фортификациялау бойынша ұсыныстар дайындау



ҚР Үкіметіне ұсыныстар

2016 жылғы 3-тоқсан

ДСӘДМ, ҰЭМ, АШМ, ИДМ,ҰКП (келісу бойынша)
















Біріккен ұлттар ұйымының балалар қоры (ЮНИСЕФ) толыққанды тамақтануды қамтамасыз ету, анемияның, балалардың дұрыс дамымауының, ана мен бала өлімінің прафилактикасын және т.б. қамтамасыз ету үшін ұнды фортификациялауды ұсынады.

Бірақ, Қазақстан Республикасында міндетті түрде ұнды фортификациялау техникалық жағынан реттелмеген және кәсіпкерлер ерікті негізде жүзеге асырады.

Осыған орай, ҚР ДСӘДМ Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ) алаңында мүше мемлекеттермен ұнды фортификациялау мәселесін талқылау бойынша ПМК хат жөнелтілді (2016 жылғы 30 қырқүйектегі шығыс 05-2-6/10328//143(п.5.1.2.22) хаты).

2016 жылы 29 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары И. Тасмагамбетовтың тапсырмасы аясында Министрлікпен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.И. Мырзахметовтың төрағалығымен ЮНИСЕФ және мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерімен жиналыс ұйымдастырылған. Осы жиналыста ұнды фортификациялау міндетті сұрағы қарастырылды.

Белгіленгендей, республикада ұнды құнарлау (фортификациялау) заңды, нормативті және құқықтық базалардың барлығы, сонымен қоса, техникалық регламент ЕурАзЭҚ техникалық регламентіне сай, астық ұнын фортификациялау стандарты және өндірістік бақылауды қамтамасыз ететін санитарлық ережелері бар. Осы ереже аясында ұнның сапасына бақылау жылына 1 рет өткізеді.

Қазақ тамақтану академиясымен жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 2016 жылғы көрсеткіш бойынша ұнды құнарлаудың таралуы еліміздің әр аймағында 20 дан 80 % дейін жетті ( ҚР бойынша орташа көрсеткіші - 41%). 2013 жылы бұл көрсеткіш 26% деңгейінде болған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылардың құқығын қорғау Комитетінің (бұдан әрі - ТҚҚК) мәліметтері бойынша барлық ұн өнеркәсібі ұн тартатын кәсіпорындар ұнды құнарлардыратын барлық техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілген және 354 ұйым 146 (41%) құнарландыруды орындайды. Сонымен қоса, 2015 жылы 3,5 млн. тоннадан жоғары астық илеу түрлері өндірілген. Солардың ішінде 479 мың. тонна астық ұнын фортификациялау.

2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметтері бойынша Батыс Қазақстан облысында 63,8% үй шаруашылығында ұнды фортификациялау байқалды. Бұл әйелдер арасында анемиямен ауыратындар деңгейіне оң жағынан әсер етіп 1,7 есе қысқартылды ( 77,7% дан 45% дейін).

Осымен қоса, әйелдер арасында анемиямен ауыратындар жиелігі, фортификацияланған ұнды қолданатындар осы ұнның түрін қолданбайтындар тобынан арасында 2 есе төмен болды.

Ұнды құнарлау динамикасының оң тұрақтылығын ескере отырып, жиналысқа қатысқандармен міндетті түрде ұнды фортификациялауды деңгеймен енгізу қолдау алды. Барлық мүдделі мемлекеттік органдарымен осы мәліметтерді тұрақты түрде бақылауға алу дайындығы келісілді.

Осы сұрақ ҚР Үкіметінің бақылауынан алынып тасталды (2017 жылғы 17 ақпандағы №21-8/02-165 (22-т)).
Іс-шара орындалды.


24.

Алкогольді өнім айналымын нормативтік реттеуді және мемлекеттік бақылауды жетілдіру, есірткі құралдарының, шегілетін және шегілмейтін темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы белсенді іс-қимыл жасау

ДСӘДМ-ге ақпарат

2016-2019 жылдар

ІІМ, Қаржы-мині, ҰЭМ, ИДМ
















2016 жылда 8490 қылмыстық заңбұзушылықтар анықталды, соның ішінде 3406 есірткілік заңбұзушылықтар және 5084 қылмыстық жағымсыз әрекет. есірткі өткізудің 2106 дерегінің және оларды тасымалдаудың 131 дерегінің жолы кесілді. Заңсыз айналымнан 35,4 тонна есірткілер тәркіленді, соның ішінде 119,6 кг. героин. Есірткілік заттарды қабылдауға арналған приондарды ұйымдастыру және ұстаудың 40 дерегінің жолы кесілді.

Құқық қорғау органдарының мемлекеттік кірістер басқармасының қызметі нәтижесінде есірткі заттардың, жүйке жүйесіне әсер ететін заттардың заңсыз айналымында 130 материалы тіркелген.

Заңсыз айналымнан алынып тасталғын барлық есірткі заттары – 12 келі 900,0162 гр.: марихуана – 5 келі 690,9827 гр.; гашиш – 1 келі 109,1681гр.; героин – 1 келі 110,06 гр.; конопля – 0,3774 гр.; басқа заңсыз айналымдағы заттар (Nэтил МДА – 19,14 гр, тетрагидроканнабинол – 1,55 гр., меткатинон – 1116,53 гр., пировалерон 3852,208 гр).

Есірткі бизнесі саласындағы 11 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды, олардың басшылары мен қатысушыларына қарсы ҚР ҚК 262-265 баптары бойынша 16 қылмыстық іс, ҚР ҚК 297 бабы 4 тармағы бойынша 17 қылмыстық іс қозғалған.

Құрамында есірткі бар өсімдік өсіру бойынша 202 факті тіркелген. Жалпы соммасы 24,5 млн. теңгеге, есірткікірісін ресмилендіру барысында 6 қылмыстық іс қозғаған.

Қоғамдық есірткіге қарсы иммунитет құру мақсатында әртүрлі 10391 профилактикалық іс шаралар, соның ішінде 718 акциялар, 763 семинарлар, 5039 лекциялар, 1212 кездесулер, 404 дөңгелек үстелдер, 460 конкурстар, 696 спорттық жарыстар және турнирлер ұйымдастырылды.

Осылай, ағымдағы жылдың 19 – мамырында Астана қаласы Л.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінде, Астана қаласы әкімшілігімен біргелікте, қаланың жалпы білім беру мектептерінің 9-11 сынып оқушылары ата – аналары үшін, жасөспірімдердің есірткі қолдану қауіптілігіне арналған есірткіге қарсы акция өткізілді.

15 – сәуірде, аталған университет базасында Астананың жалпы білім беру мектептерінің 9-11 сыныпта оқитын 600 оқушылары үшін кеңкөлемді акция өткізілді.

20 – сәуірде, Астананың қуыршақтар театрымен біргелікте жетім балаларға арналған есірткіге қарсы акция өткізілді, ол жерде «SOS» балалар үйінен, балалар ауылынан және Астана қаласы балалар үйінен 100 тәрбиеленуші қатысты.

28- сәуірде Астананың №76 мектеп – лицейінде 7-10 сынып оқушылары ата – аналарына арналған есірткіге қарсы акция өткізілді.

Денсаулық сақтау және білім беру органдарымен біргелікте 3431, аумақтық комиссиялар қызметі шеңберінде 2232, ҮЕҰ біргелікте 1202, білім беру объектілерінде мектептің полиция инспекторларымен 2994, ЖОО 895 іс – шаралар өткізілген.

Аталған іс – шаралар аясында, жалпы 301 мыңнан аса жастар мен жасөспірімдер қамтылған.

Есірткіге тәуелділер саны 3125 адамға (-9,6%, 32 672 дан 29 547 ке дейін), с.і. әйелдер 244 адамға (-10%, 2 446 ден 2 202-ке дейін), кәмілетке толмағандар 74 адамға (-28,2%, с 262 дан 188 ге дейін) азайған.

Есірткіге қарсы заңнамаларды және синтетикалық есірткілердің жаңа түрлерінің таралуына қарсы тұруды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шiлдедегi Заңына өзгерістер мен қосымшалар енгізу жоспарлануда.

Заңнамамен жобасы жаңа заттарды есірткі және психотропты заттар аналогына жатқызу механизмі, жаңа психоактивті заттар синтезделетін, есірткі және психотропты заттар структуралық формулаларына водород атомында орынбасарлық түсінік енгізу тәртібін реттеу үшін ұсынылады.

2016 жылдың мамырында Әділет министрлігіне аталған заң жобасының Концепциясы еңгізілді.

Кеден шекарасы арқылы есірткі құралдарының және жүйке жүйесіне әсер ететін заттардың заңсыз тасымалдануын алдын алу үшін, 2016 жылы Жоспардың іс-шараларын іске асыру мақсатында келесі халықаралық операцияларда қатысты: «Лед-2» (кеден шекарасы арқылы тыйым салынған заттар мен тауарларды заңсыз тасымалдау), «Часовой – 2016» (есірткі құралдарының, жүйке жүйесіне әсер ететін заттардың және олардың ізашарларын, жаңа психотропты заттардың заңсыз тасымалдануына қарсы іс-шаралар).

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы шекарасында алкоголь өнімдеріне Кеден одағының «Таңбалану бөлімінде тағам өнімдері» техникалық регламенті (бұдан әрі – КО ТР 022/2011), сонымен қатар 20 халықаралық және 104 мемлекетаралық стандарттары орнатылған.

Темекі өнімдеріне талаптар 2016 жылдың 15 мамырынан күшіне енетін Кеден одағының «Темекі өнімдерінің техникалық регламенті» (бұдан әрі – КО ТР 035/2014), сонымен қатар 2 халықаралық және 41 мемлекетаралық стандарттары орнатылған.

2016 жылғы мемлекеттік Жоспарды стандарттау мақсатында алкоголь өнімдеріне ұлттық стандарттар әзірленіп бекітілген.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.


25.

Жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторларды балалар мен жасөспірімдер арасындағы наркологиялық бейін бойынша қатер топтарын ерте анықтау технологияларына оқыту

сертификаттар беру

жыл сайын

ІІМ, ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері




1,785

1,784

РБ

ІІМ 076-120

2016 жылы бюджет бойынша 1,8 млн. теңгеге 336 адам оқытылуы жоспарланған. Факт бойынша жоспарланған қаражат аумағында 1,5 млн. теңгеге 338 адам оқытылды.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.


26.

ІІМ қызметкерлерін
(полицейлер, учаскелік инспекторлар) масаңдық (алкогольдік, есірткіге, уытты) дәрежесін айқындау дағдыларына оқыту

сертификаттар беру

жыл сайын

ІІМ, ДСӘДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері




1,675

1,676

РБ

МВД 076-120

Берілген тармақты жүзеге асыру бойынша 2016 жылы 240 қызметкерді барлығы 1,7 млн. теңгеге оқытылу жоспарлануда.

Осымен қоса, мемлекеттік сатып алу құнының нәтижесі бойынша бір қызметкерді оқыту жоспарланғаннан жоғарыға шықты.

Осыған орай, 2016 жылы барлығы 1,7 млн. теңгеге 188 адам нақтылы оқытылды. Жоспарда көрсетілген іс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджет қарамағында жүзеге асыру қаралуда.

Іс-шараны іске асыру жалғасуда.


27.

ҚР қылмыстық-атқару жүйесінде наркологиялық жағдайды мониторингтеу және бағалау

ҰЭМ-ге ақпарат

жыл сайын

ДСӘДМ, ІІМ




0,665

0,337

РБ

053-109

Осы тармақты орындау шеңберінде «Нашақорлықпен және нашақор бизнесімен күрес» 109 кіші бағдарламасының «Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесінде наркологиялық жағдайды бағалау және мониторингілеу жүйесін жетілдіру» қызметін ұсыну бойынша 2016 жылдың 30 қыркүйегінде ҚР ДСМ мен «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК келісім шартқа отырған.

Статистикалық мәліметтерді мониторингілеу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі аймақтық Департаменттерімен (Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы және Астана қ.) берілген облыстарда қылмыстық атқару жүйесіндегі наркологиялық жағдайы бойынша талдамалық анықтама дайындалған.

Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізген мониторинг нәтижесі бойынша, ҚАЖ мекемелерінде ПБЗ қолданумен шақырылған психикалық және жүйке жүйесі бұзылыстарымен тіркелген бір де бір кәмелетке толмаған науқас жоқ екені белгілі болды.

Сонымен қатар, нашақорлық есепте тіркелген адамдар саны, 1000 адамға шаққанда, ҚАЖ мекемелерінде 7,2% төмендеген. Нашақорлық есепте тіркелеген алкогольдік тәуелділікпен халық саны – 7,8% төмендеген, нашақорлық тәуелділікпен халық саны – 6,5% төмендеген.

ҚАЖ мекемелерінде қаралатын науқастар арасында ПБЗ тәуелді науқастар арасындағы ремиссия саны денсаулық сақтаудың азаматтық секторындағы науқастарына қарағанда көбірек.

Іс-шараны іске асыру жалғасуда.


28.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай
(26 маусым) өңірлік деңгейде акциялар өткізу

ДСӘДМ-ге ақпарат

жыл сайын

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
















Халықаралық нашақорлыққа және есірткі заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес күні (26 маусым) және осы шараға орайластырылған он күндік 2 маусым мен 2 шілде аралығында өткізілді.

Барлығы республика бойынша бір айдың ішінде 21 157 іс-шаралар өткізілді, оның ішінде: денсаулық мектептерінде оқыту – 1195; акциялар – 270; конференциялар – 44; дөңгелек үстелдер – 206; ашық есік күндері – 394; семинарлар, тренингтер – 868; конкурстар – 311, спорттық іс-шаралар - 513; және т.б: дебаттар, пікірталастар, дәрістер, консультациялар, сауалнамалар, сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы, қоғамдық рейдтер заңнамаға байланысты, диктант, көрмелер, стендтерді безендіру, мәдени іс-шаралар және т.б. жалпы 334411 адамды қамтыған 16283 іс-шаралар.

Облыстық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында: 70 – телебағдарламалар, 69 - радиобағдарламалар, 55 483 – видеокөрсетілімдерді  трансляциялау, 78 – аудиокөрсетілімдерді  трансляциялау, 46 – радиобағдарламалар, 9 - пресс-конференциялар, 96 – жариялымдар, 50 – сыртқы жарнама, 5 – жергілікті және ұлттық арналарда жүріртпе жолдары, 155 - интернет ресурстарында ақпаратты орналастыру ұйымдастырылды.

Іс-шараны іске асыру жалғасуда.


29.

Мінез-құлық факторлары қатерлерінің (темекі шегу, алкогольді, психобелсенді заттарды пайдалану, қатерлі мінез-құлықтың формалары, дене белсенділігінің төмендігі) профилактикасы жөнінде ақпараттық жұмыс жүргізу

ақпараттық материалдар, іс-шаралар өткізу

жыл сайын

ДСӘДМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері




2210,707

2 205,651

РБ, ЖБ

053-106

Қазақстан Республикасының "Денсаулық" денсаулықты дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберіңде және 2016 жылы 25 сәуір № 325 «2016 жылға аурулардың алдын-алу және салауатты өмір салты қалыптастыру іс-шаралар жоспарың бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ бұйырығың іске асыру жөнінде Республикада келесі іс-шаралар жүргізілді:

  1. Дүниежүзілік денсаулық күні. 2016 жылы 7 сәуір республиканың барлық өңірлерінде Дүниежүзілік денсаулық күні атты халықты құлағдар болуын арттыру мақсатында Зика вирусымен күрес жүргізілді. Тұтастай алғанда, республика бойынша Дүниежүзілік денсаулық күні аясында жалпы саны 226 663 адамдарға 7705 іс-шаралар өткізілді. Өңірлік маңызы бар БАҚ ұйымдастырылды: телебағдарлама -53, радиобағдарлама– 51, пресс-конференция – 10, жарияланған мақалалар – 76.

  2. Жарақаттанудың алдын алу айлығы.

Республика өңірлерінде жарақаттанудың алдын алу бойынша айлығы өткізілді, мемлекеттік өкілеттердің, қоғамның, барлық тұрғындардың жарақтану мәселелерің және БАҚ, әсіресе мектеп жасыңдағы балалар, жасөспірімдер мен жастардың назарың аудару мақсатында.

Тұтастай алғанда, Республика бойынша өңірлік жарақаттың алдын алу жөнінде айлық өткізу мерзіміңде 740 148 адамдарға 42 833 қамтитың іс-шаралар жүргізілді. Өңірлік маңызы бар БАҚ-да теле –, радио – 284, баспа басылымдары – 85 және т. б., ұйымдастырылды.



  1. 2016 жылы 1 мамырдан 31 дейін Республика өңірлеріңде айлық жүргізілді, Дүниежүзілік темекісіз күні орайластырылған (31 мамыр). Тұтастай алғанда, республика бойынша айлық аясында темекі шегудің алдын- алу бойынша өткізілген 60609 іс-шараларды жалпы 553188 қамтиды. ЕПМ бірлесіп барлық жалпы білім беретін мектептерде, жоғары оқу орындарында бірқатар іс-шаралар өткізілді: акциялар, дәрістер, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, әңгімелесу, ата-аналар жиналыстары, сынып сағаттары, байқаулар, сауалнама. Медициналық қызметкерлер үшін семинарлар өткізілді, сондай-ақ денсаулық Мектебіне келген адамдарды, емханалардың меңгерушілерің, участкелік терапевтері мен бала дәрігерің, жалпы тәжірбие дәрігерің, нарколог және психологты тарта отырып, халықтың жауапты мінез-құлығың дағдыларын қалыптастыру үшін оқыту мақсатында шылым шегуден бас тарту.

  2. 6-11 маусымда, 2016 жылы 13 мамыр №380 «Денсаулық Фестивалі-2016 өткізу туралы» ҚР ДСӘДМ бұйырығына сәйкес кең ауқымды «Денсаулық Фестивалі – 2016» «Біз - салауатты өмір салты үшін!» ұранымен қоғамның назарын аудару, бұқара халықты салауатты өмір салтың ұстану мақсатында акция жүргізілді. Республика бойынша 12 145 іс-шараларды қамтитын жалпы саны 565 847 адамдарға өткізілді.

БАҚ-да өңірлік маңызы бар: 99 теле-радиобағдарламалар, жарияланған 85 басылымдардағы жарияланымдары ұйымдастырылған.

  1. 19 мамыр мен 19 маусым аралығында 2016 жылы 19 маусым медициналық қызметкерлер күніне орай республика өңірлерінде медициналық қызметкерлер арасындағы Республикалық спартакиада және Ұлттық ойындары өткізілді. Республика бойынша 124 516 іс-шараларды қамтитын жалпы саны 111 772 адамдарға өткізілді.

  2. 2 маусым мен 2 шілде аралығында Халықаралық нашақорлықпен күрес және есірткінің заңсыз айналымымен (26 маусым) және оған орайластырылған айлық өткізілді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 21 157 іс-шаралар жалпы саны 334 411 адамдарға айлық өткізілді. БАҚ-да өңірлік маңызы бар: телебағдарлама – 70, радиоарналар – 69, бейнероликтерді трансляциялау – 55 483, аудиороликтер трансляциялау – 78, радиобағдарламалар – 46, пресс-конференция – 9, жарияланымдар – 96, сыртқы жарнама – 50, жүгіртпе жол жергілікті және республикалық арналарда – 5, ақпаратты интернет-ресурстарда – 155 ұйымдастырылды.

  3. Шілде айынан бастап тамыз айына дейін ауыл тұрғындарының арасында аурудың және мінез-құлықтық қауіп факторларың алдын-алу, салауатты өмір салты бойынша ақпараттық науқанның және консультативтік көмек көрсету дәрігерлік бригадалар шығуы бойынша кең ауқымды «Денсаулық жолы» акциясы өткізілді. Тұтастай алғанда, республика бойынша «Денсаулық жолы» акциясы шеңберіңде 30 170 іс-шаралар жалпы саны 202 201 адамдарға өткізілді. БАҚ-да өңірлік маңызы бар: телебағдарлама – 45, радиобағдарламалар – 28, пресс-конференция – 5, жарияланымдар – 152 ұйымдастырылды. Барлығы таралым және таралған ақпараттық-білім беру материалдарын 399 955 даналар.

  4. 2016 жылы 10 қазанда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні жүргізілді. Тұтастай алғанда, Республика бойынша Дүниежүзілік психикалық денсаулық Күні аясында республика бойынша 23 140 іс-шаралардың жалпы саны 192 628 адамдарға өткізілді. БАҚ-да өңірлік маңызы бар: телебағдарлама– 33, радиостанцияларда аудиороликтерді трансляциялау – 24, пресс-конференция - 264, мақалалар -52, жалға(аудио, бейнероликтер) – 20 594 ұйымдастырылды.

  5. 2016 жылы 17 -26 қазан аралығында ішімдіктен бас тарту Ұлттық күніне орай онкүндік. Онкүндік аясында орайластырылған ішімдіктен бас тарту Ұлттық күніне орай республика бойынша 25 035 іс-шаралардың жалпы саны 326 581 адамдарға өткізілді.

БАҚ-да өңірлік маңызы бар: телебағдарлама – 38, радио – 89, пресс-конференция – 4, мақалаларды -58 ұйымдастырылды. Онкүндік шеңберінде ақпараттық – білім беру материалдары 217 430 даналарға таралған.

  1. 2016 жылы 14-23 қараша аралығында Онкүндік күніне орайластырылған темекі шегуден бас тарту күні өткізілді. Тұтастай алғанда, республика бойынша онкүндік шеңберінде 31 240 іс-шаралардың жалпы саны 347 673 адамдараға өткізілді. Өңірлік деңгейде: 33 телебағдарлама, 34 радиобағдарлама, 77 мақала жариялау ұйымдастырылды.

жүктеу 2,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау