жекелеген
санаттағы адамдарға
профилактикалық бақылауды
жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» деп қайта
атау қажет.
Беларусь Республикасының тәжірибесі бойынша
практикада толық қолдануға құқылы басқа да
пікір бар. «Құқық бұзушылық профилактикасы
туралы» ҚР жаңа кешенді Заңын, сондай-ақ
мамандандырылған заңдарды біріктірумен ҚР оған
ілеспелі Заңын қабылдау қажет:
– Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен бала лар-
дың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын
алу туралы. ҚР 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 Заңы;
– Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилакти-
касы туралы. ҚР 2009 жылғы 4 желтоқсандағы
№214-IV ҚРЗ Заңы;
– Құқық бұзушылық профилактикасы туралы. ҚР
2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV ҚРЗ Заңы.
Әрине, «Құқық бұзушылық туралы» ҚР жаңа
кешенді заңы қабылданған жағдайда, осы заңды
және құқық бұзушылықтың жеке шараларын жүзеге
асыру бойынша бірыңғай қызметтік іс жүргізуді
енгізу жөніндегі қосымшаларды іске асыру туралы
ҚР ІІМ мамандандырылған ведомстволық құқықтық
акт әзірлеу қажет болады.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы
туралы» ҚР Заңының 7-бабының 2-тармағының 4)
тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар
тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен
кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз
отбасыларды анықтайды және оларды есепке алуды
жүргізеді. Аталған нормамен бір уақытта 10-баптың
5) тармақшасы бойынша ішкі істер органдары
профилактикалық есепке алуды жүргізеді және
профилактикалық бақылауды жүзеге асырады.
Кәмелетке толмағандар мен тұрмысы қолайсыз
отбасыларды ұқсас есепке алуды басқа да: жергілікті
атқарушы органдар (8-б.), білім беру органдары (12-
б.), денсаулық сақтау органдары (15-б.) «Кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз
және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР
Заңының негізінде жүзеге асырады.
Сонымен, жоғарыда аталған органдар мен ішкі
істер органдарының есепке алу жөніндегі қызметтері
Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикасы саласындағы заңнамаға
және жергілікті полиция қызметінің құқық қолдану практикасына қоғамдық мониторинг туралы есеп
23
үйлестірілген болуы тиіс деп есептейміз. Заңда
мұндай өзара іс-қимыл механизмі көрсетімегенін
айта кету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |