2-тармақта
ІІО «Тұрмыстық зорлық-зомбылық
профилактикасы саласында нормативтік құқықтық
актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады» деп
көрсетілген. Салыстырылып отырған заңдарда ІІО-
ның мұндай құзыреті көзделмеген, сондықтан ІІО
тұрмыстық құқық бұзушылық профилактикасы
саласында нормативтік құқықтық актілердің жоба-
ларын әзірлеуге қатыса алады деген ой келеді.
Сонымен бірге, «Неге мұндай құзыреттілікпен
тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының
өзге де субъектілеріне өкілеттік берілмеген?» деген
дәйекті сұрақ туындайды.
«ҚР Ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңының
11-бабының 24 және 25-тармақтарында ІІО-ның
әзірлеп қана қоймай, өз бетінше бекітуге де құқығы
бар, нақты құқықтық актілердің үлкен тізбесі қарас-
тырылған.
ІІО-ның осындай қызметі «Құқықтық актілер
туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
6 сәуірдегі №480 Заңында да регламенттелген,
ол
Қазақстан
Республикасындағы
құқықтық
актілерді әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу,
қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, қысқарту,
қолданысын тоқтату және жариялау жөніндегі
қоғамдық қатынастарды реттейді [48].
Егжей-тегжейлі механизмі «Заңға тәуелді норма-
тивтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу,
олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6
қазандағы №563 Қаулысында жазылған [49].
Сонымен, талдау жүргізілген тармақтың «Тұр-
мыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы»
ҚР Заңында болуы принципті фактор емес. Мұндай
құзыреттілік ІІО-ның ҚР заңнамасында көзделген
басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруды қарас ты-
ратын, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы»
ҚР Заңындағы 12-тармаққа қосылып кетеді. Егер
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы
туралы» ҚР Заңын жетілдіру жолымен жүрсек,
онда 2-тармақты жойып, 10-бапты 18-тармақпен
«ҚР заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асырады» деген мазмұнда толықтыруға
болады. Бұл да тұрмыстық зорлық зомбылық
профилактикасы және оның алдын алу саласында
ІІО құзыретінің толық көлемін айқындау бойынша
басқа да мәселелерді жоюға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |