«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 10000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, каб. 617, анықтама үшін телефоны: (7142) 575-062, электрондық мекенжайы



жүктеу 116 Kb.
Дата16.04.2020
өлшемі116 Kb.
#29818
түріКонкурс


«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, каб. 617, анықтама үшін телефоны: 8 (7142) 575-062, электрондық мекенжайы: k.ospanova@kostanay.gov.kz облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Қостанай облысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) бас маманы, санаты D-4, 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 116623 теңгеден 157326 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Конкурстық комиссияның хатшысы (басқармалардың).



Тәртіптік комиссияның хатшысы (басқармалардың). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне кадрларының құрамы және ауысушылығы туралы жылдық статистикалық есептер дайындайды. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігі талаптарын бекіту бойынша жұмыс жүргізеді (басқармалардың). Облыстық басқармаларда «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тәлімгерлік, тағылымдама, сынақ мерзімінен өту және ант қабылдаудағы мәселелері бойынша кадр жұмысын жүргізу (бөліп беру бойынша), сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да кадрлық іс жүргізу мәселелері жөніндегі жұмысты жүргізеді. «Е-Қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте кадрлық мәселелер бойынша құжаттаманы жүргізеді. D-O-3, D-O-4, D-O-5 санаттағы басқармалардың қызметкерлерінің қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан уақтылы өтулерін бақылау. Кіріс және шығыс құжаттарымен жұмыс жасау (ЭҚАБЖ, МОИП). Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Қалалар мен аудандардың әкімдері аппараттарының персоналды басқару қызметтеріне, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын басқармаларға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.Құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; гуманитарлық ғылымдар; білім; техникалық ғылымдар және технологиялар; жаратылыстану ғылымдары, қызметтер; ауыл шаруашылығы ғылымдары.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:


  1. мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  3. қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

  4. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

  6. ғылыми дәрежесінің болуы.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары) білу, аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бектілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) негізінде өткізіледі.



Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;
      2) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күннің ішінде «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

      Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін,  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Ескерту: конкурсқа қатысушыларда ғаламтор және видеобайланыс арқылы онлайн режимде әңгімелесуден өту мүмкіндігі бар.

Бұл ретте, кандидат персоналды басқару қызметін алдын ала әңгімелесу басталғанға дейін онлайн-әңгімелесуге қатысатыны туралы хабардар етуі қажет.

Онлайн-әңгімелесу кандидаттың тұратын жері бойынша Қостанай облысының қала және аудан әкімдіктерінде өтеді.


«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан
___________________________

____________________________

____________________________
(мемлекеттік орган)


Өтініш
     

Мені_________________________________________________________


__________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________



     

Мекенжайы және байланыс телефоны___________________________________


__________________________________________________________________
_________                        __________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
жүктеу 116 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау