42
3. Балаңыздың қолынан келмейтін, басқа балалар секілді істей
алмайтын әлдебір тірлігі болса, сіз оны «міне, енді жаксы істеп келе
жатырсың» деп қолпаштап қоясыз ба?
4. Бөбегіңіздің басқа балаларға өзінің қымбат ойыншықтарын айтып
мақтанғанын хош көресіз бе?
5. Балаңыз ойыншықтарын жинағанда, тамағын тауысып қойганда
немесе жиһаздарды бүлдіруін тоқтатса, сіз оған кәмпит, ойыншықтар
сыйлайсыз ба?
6. Егер балаңыз сіздің немесе әжесінің туған күнін ешкімнің
ескертуінсіз өзі біліп, өз қолымен сыйлық жасап берсе, сіз оны бұл
қылығы үшін мақтайсыз ба?
7. Балаңыздың көзінше басқа таныс-туыстарыңызға оның «ақылды,
дарынды, мейірімді, сүйкімді» екенін айтып мақтап тұрасыз ба?
8. Балаңыз музыкамен немесе бимен айналысса, одан болашақта ұлы
композитор, не биші шығатынын айтасыз ба?
9. Балаңызды әлдебір қылығы үшін жаңа ғана мақтасаңыз, біраздан
соң оның жетістігінің сондайлық керемет емес екенін ескертетін
кездеріңіз бола ма?
10. Балаңыз әлдебір істе табысқа жеткісі келіп, талаптанып жүрсе,
оған «басқа балалар бәрібір бұл істі сенен артығырак істейді» деп
айтасыз ба?
Жауабы:
Алғашқы сегіз сұраққа «иә» десеңіз - 10 ұпайдан, «жок» десеңіз - 5
үпайдан, 9 бен 10 сұрақтарға : «иә» десеңіз - 5 ұпай, «жоқ» десеңіз - 10 ұпай.
Егер 50 ден 65 ұпай арасында жинасаңыз:
Сіз балаңызға өте қаталсыз, сондықтан оның өзін-өзі бағалауын ылғи
төмендетіп отырасыз. Сіздің қолдауыңызды өте сирек көретін болғандықтан,
енді тіпті сізге жағынуды мүлдем қоюы да мүмкін. Сіз үйретіп, жетелеп жүрген
көп сабақтарға да салғырт тартады. Немесе өзіне басқа беделі өтімді жан іздеуі
де мүмкін. Егер балаңызбен өзара түсініскіңіз келсе, оның жетістікке
жеткенін
қаласаңыз,
тезірек
тактикаңызды
өзгертіңіз.
Балаңыздың
артықшылыктарын тауып, оны оған жиі айтып тұрыңыз.
70 тен 80-ге дейін:
Сіз қаталдықты да, қолдауды да орнымен қолдана білесіз. Балаңыз сіздің
қамқорлығыңызды сезінумен қатар, бұл мақтаулардың оған оңайлықпен
келмейтінін жақсы біледі. Балаңызға өзіңіз ойлағандай касиеттерді сіңіруге
сіздің мүмкіндігіңіз жоғары, сонымен қоса өзара қарым-қатынастарыңыз
да шынайы достық калпында.
85 ұпайдан 100-ге дейін;
Сіз балаңызды тым асыра мақтап жібересіз. Тіпті оған ешқандай еңбексіз,
табиғаттың өзі берген қасиеттері үшін де қолпаштайсыз. бұл баланың өзі
туралы тым жоғары пікір қалыптастырып, кейін шындықпен бетпе-бет
келгенде жаралануына әкеліп соғады. Балаңыздың тегін келген жетістігі
үшін емес, шынайы еңбегі, ақылы үшін мақтаңыз.
43
«Сенім-менің серігім» тренингі
Мақсаты: «Сенім» ұғымының мәнін ашу. Тәрбиешілердің бойында
сенімділік қасиетін қалыптастыру. Өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер? Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы
«Сенім-менің серігім» деп аталады.
1. «Мен кіммін?» ойыны.
Әр адамның жеке басының ерекше қасиеті бар. Олар осынысымен
өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Сондықтан мынадай сұрақ туындайды: «Менің
көзқарасыммен өзгелер бөлісе ме?...». Ойыншыға ақ парақ алып, оны
көлденеңнен 3 қатарға бөлу тапсырылады. 1-қатарға «Мен кіммін?» сұрағына тез
арада 10 сөзді жазып жауап беріңіз. 2-қатарға осы сұраққа сіздің туыстарыңыз,
достарыңыз, әріптестеріңіз не деп жауап береді деп ойлайсыз, соны жазасыз. 3-
қатарға топ ішінен біреу жазады.Ол үшін жауап сұрақтары стол бетіне
қойылады, әркім өзіне түскен парақты алып, иесі туралы 3-қатарды толтырады.
Болған соң әркім өз парағын алады.
Талқылау
1. 3 қатардың ішінде қайталанған сөз бар ма?
2. Бұл сөз нені білдіреді?
3. Өзіне деген қатынасы (жағымды және жағымсыз)
2. «Мен өзімді мақтаймын, мені біреу мақтаса...» жаттығуы.
Әр адам өзін мақтан тұтуы қажет. Сенің қазір өзіңді қандай да бір қасиетің,
Жаратылысың, сырт келбетің, жетістіктерің, жасаған әрекет-қылықтарың үшін
мақтануға мүмкіндігің бар. Олай болса кезекпен өздеріңізді мақтап бастаңыздар.
Бәрі мақтанып болған соң, ортаға бір адамнан шығады. Ортадағы адамды
отырған басқа қатысушылар мақтайды.
Талқылау
1. Сізге өзіңізді мақтау қиынға соқты ма?
2. Сізді біреу мақтап жатқанда бойыңызда өзіңізге деген сенімділік пайда
болды ма?
3. Шығармашылық жұмыс
«Менің осы және келер шақтағы өзіме деген сенімділік бейнем»
Өзіңізге деген сенімділік бейнеңізді осы және келер шақта қалай көресіз,
елестете отырып суретін салыңыз.
Талқылау
1. «Сенімді адам» деген кім, қалай ойлайсыз?
2. Салған суреттеріңіздің қайсысы сізге ұнайды?
3. Келешекте өзіңізді кім деп көрдіңіз?
4. «Бәрі жұлдыздар» жаттығуы.
Алдарыңызда түрлі түсті қағаздар, қайшы жатыр. Осы қағаздан өз
Жұлдыздарыңызды қиып алыңыздар. Қиып алған соң жұлдыздың бір жақ бетіне
«Мен өзіме 100% сенімдімін» деп жазыңыздар. Сонан соң музыка қосылады.
Музыка аяқталғанша жұлдыздарыңызды жоғары қарай көтеріп, «Мен өз-өзіме
сенімдімін», «Менің қолымнан бәрі келеді», «Мен жұлдызбын» деп айқайлап
айналып билейді. Музыка біткен соң жұлдыздарын ватманға желіммен
жапсырады.