12
Танымдық дидактикалық ойындар
Баланың тілін дамыту мақсатында ауызекі сөйлеу мәдениетіне
тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеуді дамыту мен сөздік қорын дамыту үшін
сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың
маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдаланып ойналатын
дидактикалық ойындар арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға
болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады. Өзін-өзі
бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойынды
саналы түсініп, ол ойын шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір
нәтижеге жету мақсаты көзделді. Бала ойын мақсатына сай ойын шартын
орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады.
Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы жолдастарын тыңдай білуге,
олардың қатесін түзетуге белсенділік көрсетуге ынталандырылады.
Жолдасының қатесіне көмектесуде, оған ойын шартын түсіндіріп ойынды
жалғас тыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре
білуге, ойынды ұйымдастыруға жаттықтырылады.
Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың
тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген
материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл
байлығын молайту үшін дидактикалық ойындар сабақтың тақырыбына,
мақсатына сай таңдалып алынады. Ұсынылып отырған дидактикалық
ойындардағы тапсырмалар: сөйлеудің екі түрі: монологтық және диалогтық
сөйлеуге арналған. Мысалы: Телефон ойынында бір нәрсе жайында сұралып,
оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес,
шарты нақты көрсетіледі. Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс
уақытта пайдалану арқылы баланың тілін дамытумен қатар ойынды өз
шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, онда
белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен
балалар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға болады.
3 жастан 4 жасқа дейін
Білім беру саласы: Таным
«Ұқсастарын тап»
Мақсаты: Балаға көлемі мен пішіні әр түрлі заттарды салыстыруға, көлемі
мен пішіні ұқсас заттарды және жұп заттарды таба білуге үйрету.
Ойын барысы: Тәрбиеші қуыршақты үстелдің үстіне қояды. Балаға
көрсетіп: Қарашы қуыршақ әдемі екен дейді, соңғы сөз интонациялық жағынана
біршама ерекшеленіп тұрады. Содан кейін келесі жұбын табу ұсынылады. Сөзі
түсініксіздеу болсада, оны өз қимылдарын түсіндіруге ұмтылдыру қажет
«Ойыншықты үйшігіне орналастыр»
Мақсаты: Ойыншықты үйіншігіне орналастыру. Оларды жылдамдыққа,
тапқырлыққа үйрету.
13
Ойын барасы: Балаға үш бос қорап және шарик, машиналары бар қорап
ұсынылады. Тәрбиеші балаға әр әр қорапты көрсете отырып, мынау кубиктердің
үйі, мынау машиналардың үйі деп түсіндіреді. Содан соң ойыншықтарды өз
қораптарына жинауды өтінеді.
«Орнына отырғыз»
Мақсаты: Түстерді айыра білуге үйрету.
Ойын барасы: Бұл ойынды өткізу үшін өлшемі бірдей болып келетін сары
және қызыл түсті қағаз керек. Бала тиісті түсті таңдай отырып, қоңыздарды гүлге
отырғызуға көмектесуін ұсыну қажет.
Бөлімі: Құрастыру.
«Кубиктерді жина»
Мақсаты: Түспен пішінді бір мезгілде салыстыру.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға үш түсті кубикті көк, қызыл, сары
ұсынып, түсті қағаз жапсырылған үш қорап ұсынады. Алдымен кубиктерді түсі
бойынша жинап, қайсы қорапқа қызылын, қайсысы көгін, қайсысына сарысын
салатынын көрсетеді. Содан кейін кубиктерді қайта араластырып балаға енді
кубиктерді өзі жинауға тапсырма береді.
«Қуыршаққа арналған ойыншық»
Мақсаты: Қуыршаққа үй тұрғызу. Балаларды шапшаңдыққа үйрету.
Ойын барысы: екі қуыршақ қажет, біреуі көк көйлекте, екіншісі жасыл
көйлекте. Баламен бірге сары түсті кубиктерден сары үй, қызыл түсті
кубиктерден қызыл үй құрыңыз. Қуыршақ қай үйде тұратынын түсіне сай бала
өзі өзі шешу дқажет.
14
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет
«Ұқсас түсті тап»
Мақсаты: Түр-түсті ажырата білуін, қоршаған ортаны түсініп сезіну
қабілетін дамыту.
Керекті құралдар: Дөңгелек ойыншықтар, түрлі-түсті ойыншықтар.
Ойын барысы: Ортаға түрлі-түсті ойыншықтар қойылады. Енді олардан
дөңгелектерді түстеріне қарай топтау талап етіледі.
«Бұл қандай түс»
Мақсаты: Түс туралы ұғымын дамыту және заттармен қарапайым қатынас
жасау.
Керекті құралдар: Қапағы бар щелек, түстері әр түрлі ұсақ заттар:
қызанақ, қияр т.б.
Ойын барысы: Балалар, мына шелектің ішінде әр түрлі заттар бар,- деп
тәрбиеші шелектің ішіне салынған заттарды алғызып, түсіне қарай бөлек-бөлек
қойғызады және қандай түстегі заттар екенін айтқызады. Содан кейін қандай
шелекке салғанын сұрау.
Бұл не зат?»
Мақсаты: Затты атап, сипаттап үйрету.
Керекті құралдар: Әр түрлі заттар.
Ойын барысы: Бала сиқырлы қапшықтан ойыншық немесе бір затты
шығарады да айтады. Мысалы: доп. Тәрбиеші алдымен сол затты спаттап береді,
содан соңбала қайталайды. Мынау- доп. Ол дөңгелек. Оның түсі көк