Қалыптастырушы эксперимент– жас тұрғысындағы және психологияда қолданылатын, зерттеушінің сыналушыға белсенді ықпал-әрекеті процесінде баланың психикасындағы өзгерістерді қадағалау әдісі.Қ.э. анықталатын фактілерді тіркеумен ғана шектеліп қалмай, арнамалы жағдайлар жасау арқылы жеке адамның психикалық дамуының заңдылықтарын ашуға, бұл процесті оңтайландыру мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Нақ осы себепті баланың жеке тұлғасын қалыптастырудың шарттарын, принциптерін, жолдарын зерттеуде Қ.э. кеңінен қолданылады. Қалыптастырушы эксперименттің синонимдері қайта өзгертуші, жасампаз, тәрбиелік, оқытушылық, генетикалық- модельдеушілік эксперимент, психиканы белсенді түрде қалыптастыру әдісі.
Қарым-қатынас– психологияда өзара әрекет моделін, ес процесін, фивиологиялық функцияларды, тілді түсіндіреді. Берілген ақпаратты хабарлау.
Қиын балалар – тұлғалық дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін көрсететін балалар санаты. Әдетте, балаларды бұл санатқа қосқанда олардың оқу-тәрбие процесінің дұрыс өтуіне кедергі болатын даралық-психологиялық ерекшеліктерінің сыртқы көріністері негізге алынады. Баланың мінез- құлқындағы кінәраттардың себептері алуан түрлі болады, оның қиын деп бағалануы көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін білдіреді. Қазіргі әдебиетте қиын балалар деп, әдетте, мінез-құлықтары жалпы қабылданған нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын балалар аталады. Сондықтан оларға қатысты тәрбиеленуі қиын балалар деген термин синонимі қолданылады.
Құмарлық –инстинктивті тілек, индивидті осы тілекті қанағаттандыру бағытында әрекет атқаруға итермелейді.
Мотивтер күресі – шешімқабылдаумен байланысты ерік әрекеттерінің сатысы.
Мінез-құлық– өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез ерекшеліктері. Бұлар бірнеше топқа бөлінеді. Кісінің айналасына, басқа адамдарға қатынасын білдіретін жағымды мінез бітістеріне адамгершілік, қайырымдылык, адалдық,т. б.осы секілді жағымды мінездермен қатар, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық, т.б. ұнамсыз түрлері де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |