Жанұяның өмірлік циклі – нуклеарлық отбасына тән маңызды оқиғалардың сипаттамасы, ал бір оқиғамен екінші оқиға арасындағы қашықтық өмірлік цикл сатылары деп аталады.
Жұбайлар үйлесімділігі – сезімдердің, мінез және темпераменттің үйлесімділігін, қызығушылықтардың көзқарастардың әдеттер мен мінез-құлықтың ортақтығы.
Жеке адам ерекшеліктері– адамның өзіне ғана тән, оны өзгелерден даралап тұратын психикалық ерекшеліктері. Әр баланың индивидумдық ерекшеліетерін тәрбиеші сол баламен жеке жұмыс жүргізу үшін міндетті түрде білуі қажет.
Жетістік мотивациясы (Мотивация достижения) – адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі. Жетістік мотивациясының негізгі түрлері ата-ана ықпалымен балада 3-13 жас аралығында қалыптасады. Ж.м. баланың кездескен қиындықты жеңуіне жәрдемдеседі.
Жобалау әдісі (Метод проектирования) – оқушының бірте-бірте күрделіне түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі.
Зерттеу әдісі– ғылыми – зерттеу мақсатын шешетін амалдар.
Зерттеу қағидасы– зерттеу процесін ұйымдастырудың жалпы қалыптары.
Зерттеу объектісі (Объект исследования) – аясында зерттелетін нәрсе мазмұны бар тәлімдік кеңістік. Педагогикадағы зерттеу объектісіне адамдарды оқыту және тәрбиелеу жатады.
Зияткерлік, парасат (интеллект; лат. Intelectus-ақыл, парасат,ес) индивидтің акыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты кұрылымы. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, қазіргі кезде оған барлық танымдық процестер кіреді.з. адамның болмысты тануының негізгі нысаны.з.ақпаратты мақсатты бағытты қайта өндеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. З. функциялары: а) оқуға деген қабілеттілік; ә) символдармен операция; б) қоршаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдаларда з.ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңдестіріледі. Теориялык және практикалық з. жеке адамның эмоциялық-ерік ерекшеліктерімен байпанысты. Түрлері: абстрактылы 3., ересектер зияты., нақты з., жасанды з. Зияткерлікті диагностикалау з. Коэффициентіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |