Web of Knowledge (Thomson Reuters), Springer ғылыми-техникалық ақпараттардың әлемдік ресурстарын қолдану үшін келісім шартқа қол қойылды.
Web of Knowledge платформасындағы Springer толық мәтінді электронды ресурстарын оқырмандардың пайдалануына мүмкіндік алдық. Springer компаниясы өз пайдаланушыларына on-line жүйесінде Ұлттық лицензия аясында қызмет көрсетеді. Жуырда «Ғылыми-техникалық ақпараттардың ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы арқылы Elsevier компаниясының SciVerse ScienceDirect толықмәтінді мәліметтер базасын тегін пайдалануға келісім шартқа отырдық. Ғылыми басылымдар индустриясында ерекше орын алатын Elsevier толықмәтінді жүйесінде 2 500 ғылыми журнал, 11 000 онлайн-кітап, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және т.б. мәліметтер базасымен топтастырылған.
Университетің ғылыми кітапханасы негізінде үстіміздегі жылдың сәуір айында «Ғылыми – техникалық ақпарат Ұлттық орталығы» АҚ өкілдерінің Thomson Reuters компаниясының Web of Knowledge платформасын қолдану туралы семинары болып өтті (7-сурет).
7-сурет. Thomson Reuters компаниясының өкілдері өткізген
Web of Knowledge платформасын қолдану туралы семинар.
Семинарға университет проректорлары, факультет декандары мен оқытушылары, магистранттар, ғылыми кітапхана қызметкерлері қатысты. Оқыту семинарына қатысушыларға сертификат берілді.
Семинарда ең қызық мақалаларды іздеу, жоғары импакт-фактор журналдарына мақалаларды топтастыру тақырыптары бойынша оқыту жүргізіледі. Сондай-ақ, Web of Science: осы облыстағы ең қызықты мақалаларды іздеу, іздеу нәтижелерін тіркеу, есеп берулер;
- EndNote Web: WOS с EndNote Web бағдарламасымен байланысып, жеке кітапхана мен библиографиялық тізімдерді құру; интерактивті мәліметтер базасын құру және бүкіл әлемдегі кітапхана каталогын құру;
-Web of Knowledge платформасы: жаңалық мен біліктілікті арттыру; әртүрлі базаларды іздеу (WOS, Medline, DII Dervent Innovation Index, JCR), табылған мәліметтерді экспорттау және жазу;
- Journal Citation Reports: мақалаларды іздеу, ғылыми журналдарды іздеуді жазу және нәтижесін экспорттау, импакт-факторлы журналдарда өз мақалаларын қалай құру; Journal Citation Reports мәліметтерінен қалай экспорттау керектігі; Импакт-факторды өзінше түсіндіру және қалай қолдану керектігі туралы көптеген мәліметтер берілді.
М.Өтемісов атындағы БҚМУ Веб-сайты университеттің бір жүйелі ақпараттық ортасы болып табылады (7-сурет). Ішкі сайттағы ғылыми кітапхана беттерінен студенттер мен профессор оқытушылар құрамы қысқаша аннотациясымен көрсетілген толық ақпаратты алуға мүмкіндіктері бар. Олар:
-кітапхана тарихы, құрылымы, жаңалықтар, жұмыс кестесі, оқырмандардың кітапхананы пайдалану ережесі;
-электронды кітапхана: библиографиялық көрсеткіштер (ғалымдардың еңбектері), атаулы күндер тізбегі, жаңа әдебиеттердің бюллетені, атаулы күндердің библиографиялық көрсеткіші, виртуалды көрме және электронды ресурстар.
7-сурет. М.Өтемісов атындағы БҚМУ сайтындағы
ғ
Достарыңызбен бөлісу: |