Основные положения статья Основные понятия, используемые в настоящем Законе


-параграф. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу



жүктеу 2,77 Mb.
бет13/25
Дата15.05.2018
өлшемі2,77 Mb.
#13627
түріГлава
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25

2-параграф. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу


      62-бап. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу

      1. Сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында борышкердің мүлкіне, оның ішінде заңда көзделген жағдайларда соттың санкциясымен тыйым салуға міндетті. Бұл ретте, сот орындаушысы өндіріп алуды борышкердің мүлкіне қолданудың кезектілік қағидаларын қолданбауға құқылы.


      2. Борышкердiң мүлкiне тыйым салу осы мүлiкке иелік етуге тыйым салудан, сондай-ақ борышкердiң банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақша сомаларын пайдалануға және оларға иелік етуге тыйым салынғанын хабарлаудан тұрады, бұл жөнiнде борышкердiң мүлкiне тыйым салу туралы қаулы шығарылады.
      3. Борышкерге меншiк, шаруашылық жүргiзу және оралымды басқару құқығында тиесiлi мүлiкке, оның қайда және iс жүзiнде кiмнiң пайдалануында екендiгiне қарамастан (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгiленген шектеулер ескерiле отырып), тыйым салынуы мүмкiн.
      Банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшаға және басқа да мүлікке тыйым салу туралы сот орындаушысының қаулысында тыйым салынатын ақша сомасы көрсетіледі.
      Сот орындаушысы банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшаға және өзге де мүлікке сот санкциясымен ғана тыйым салады.
      Сауда-саттық ұйымдастырушыларының сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған репо операциялары бойынша оның нысанасы болып табылатын мүлікке азаматтық сот ісін жүргізу барысында осы репо операциялары жабылғаннан кейін ғана тыйым салынуы мүмкін.
      4. Егер борышкер мүлкiнiң басқа тұлғаларда болуы олардың арасында жасалған шартқа байланысты болған жағдайда, басқа адамдардың шарттан туындайтын құқықтарын сақтау мүмкiндiгi туралы және мүлiктi алып қою туралы мәселенi талап-арыз iсін жүргiзу тәртiбiмен сот шешедi.
      5. Сот орындаушысының мүліктен өндіріп алу жөніндегі әрекеттерді жасауына кедергі келтіру, сот орындаушысының тыйым салынған мүлікке билік етуге немесе оны пайдалануға тыйым салуын бұзу, сондай-ақ тыйым салынған мүлікке қатысты өзге де заңсыз іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      6. Борышкердің банктік шотындағы ақшасына атқарушылық санкцияны, орындау жөніндегі шығыстарды және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді ескере отырып, атқарушылық құжатты орындау үшін қажетті сомада тыйым салынады.
      Егер инкассолық өкім негізінде ақшаны өндіріп алу толық көлемде жүргізілген жағдайда, инкассолық өкім орындалған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде бұдан бұрын салынған тыйым алып тасталды деп есептеледі, ал тыйым салу туралы қаулы оның бастамашысына қайтарылуға тиіс.
      Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      63-бап. Мүлiкке тыйым салу тәртiбi

      1. Мүлiкке өндiрiп алуды қолдану кезiнде сот орындаушысы оның борышкерге тиесiлi екендiгiн, нақты құнын және ондағы ауыртпалықты анықтайды. Мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын мүлiктiң кiмге тиесiлi екенiн анықтау қиын болған және бұл мүлiк борышкерге тиесiлi деп жорамалдауға негiздер болған жағдайда, сот орындаушысы оның кімге тиесiлi екендігі анықталғанға дейiн мүлiкке тыйым салуға құқылы.
      Егер мүлік борышкерге тиесілі болмаса, онда ол сот орындаушысына тыйым салынған мүліктің тиесілігін белгілейтін қажетті дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.
      2. Сот орындаушысы мүліктің борышкерге тиесілі екенін анықтап, оны тізімдемеге енгізеді, өндіріп алу мөлшеріне қарай бүкіл мүлікке немесе оның бір бөлігіне тыйым салады және тыйым салу туралы қаулыны тиісті мемлекеттік тіркеу органдарына жібереді.
      Бұл ретте жылжымайтын мүлікке қатысты тізімдеме жүргізілмейді.
      3. Сот орындаушысы кепiлге салынған мүлiкке тыйым салынғандығы туралы кепiл ұстаушыға хабарлайды.
      Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      64-бап. Тыйым салынған мүлікті пайдалану тәртібін


              айқындау

      1. Қажет болған жағдайда сот орындаушысы тыйым салынған мүлiкті алып қоюды жүргізуге немесе борышкердің тыйым салынған мүлiкті пайдалану жөніндегі құқықтарын шектеуге құқылы. Шектеудің түрлерін, көлемдері мен мерзімдерін сот орындаушысы әрбір нақты жағдайда осы мүлікке тыйым салудың мақсаттарын, мүліктің ерекшеліктерін, оның меншік иесі немесе қожасы үшін маңызын, шаруашылық, тұрмыстық немесе өзгедей пайдаланылуын және басқа да факторларды ескере отырып айқындайды.


      2. Сот орындаушысының мүлiкке билік етуге салған тыйымын бұзу немесе борышкердің тыйым салынған мүлкін пайдалану құқықтарын шектеуді сақтамау атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды орындамағаны үшін осы Заңда көзделген салдарларға әкеп соғады.
      3. Вексельдерге, түбіртектерге, ұсынушының жинақ кітапшаларына, депозиттік және жинақ сертификаттарына, облигацияларға және борышкерге ақша сомасын төлеу міндеттемесі бар өзге де мүлікке тыйым салу кезінде сот орындаушысы алып қою туралы хаттаманы толтыра отырып, аталған мүлікті алып қояды.

      65-бап. Бағалы қағаздарға тыйым салу



      1. Құжаттық бағалы қағаздарға тыйым салу олардың тұрған орны бойынша жүргізіледі. Құжатсыз бағалы қағаздарға тыйым салу осы қағаздар иелерінің құқықтарын есепке алу орны бойынша жүргізіледі.
      2. Сот орындаушысы бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулы шығарады. Құжаттық бағалы қағаздарға тыйым салу туралы сот орындаушысы осы Заңның 67-бабында белгіленген тәртіппен хаттама да жасайды.
      3. Бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулыда тыйым салынған бағалы қағаздардың жалпы саны, олардың түрі, сәйкестендіру нөмірі, осы бағалы қағаздардың эмитенті туралы мәліметтер, бағалы қағаздарды сәйкестендіруге, сондай-ақ олардың борышкерге тиесілілігін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да деректер көрсетіледі.
      4. Борышкерге тиесілі бағалы қағаздарға тыйым салу борышкердің оларға билік етуіне (сатуға, өз міндеттемелерін немесе үшінші бір адамдардың міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде беруге, өзге де түрде ауыртпалық түсіруге) тыйым салуды білдіреді. Өзге де шектеулерді, оның ішінде борышкердің кіріс алуға құқықтарын және бағалы қағаздармен бекітілген басқа да құқықтарын шектеу кезінде сот орындаушысы белгіленген шектеулерді бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулыда санамалап көрсетуге міндетті.
      5. Бағалы қағаздарға тыйым салу эмитенттің (басқарушы компанияның) оларды өтеу, олар бойынша кірістерді төлеу, оларды өзге бағалы қағаздарға айырбастау немесе алмастыру жөніндегі әрекеттер жасауына, егер мұндай әрекеттер тыйым салынған бағалы қағаздарды шығару шарттарында (пайлық инвестициялық қордың қағидаларында) көзделсе және бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулыда тыйым салынбаса, кедергі келтірмейді. Аталған әрекеттердің жасалуы туралы эмитент (басқарушы компания, басқарушы) сот орындаушысына дереу хабарлайды.
      6. Айырбастау немесе алмастыру нәтижесінде алынған өзге бағалы қағаздар, егер бұл тыйым салу мақсаттарына қайшы келмесе, тыйым салу туралы қаулы бойынша тыйым салынған бағалы қағаздар секілді сол шарттармен тыйым салуда тұрған болып есептеледі. Сот орындаушысы бұрын шығарылған қаулыға қосымша осы Заңның 55-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалған берешектің мөлшерін ескере отырып, айырбастау немесе алмастыру нәтижесінде алынған бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулы шығаруға міндетті.
      6-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктердің біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген оларды біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ұйымдастырылатын банктің акцияларына қамақ салу қайта ұйымдастыру бойынша әрекеттер (өзіне біріктіру жүзеге асырылатын банктің оларды сатып алуы бойынша әрекетті қоса алғанда) жасауға кедергі келтірмейді, сондай-ақ қамақ салынған акциялар бойынша құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын тіркеушінің, орталық депозитарийдің және (немесе) номинал ұстаушылардың тиісті әрекеттер жасауына кедергі келтірмейді.
      Өзіне біріктіру жүзеге асырылатын банк біріктірілетін банктің қамақта тұрған акцияларын алғаннан кейін дереу бұл жөнінде сот орындаушысына хабарлайды.
      Қамақ салу туралы қаулы бойынша бұрын қамақ салынған акциялардың орнына өзіне біріктіру жүзеге асырылатын банктің қайта ұйымдастырылатын банк акционерлері арасында орналастырылған акциялары, егер бұл қамақ салу мақсаттарға қайшы келмесе, қайта ұйымдастырылатын банктің акцияларына қамақ салу шарттарымен бірдей қамақта деп есептеледі.
      Сот орындаушысы бұрын шығарылған қаулыға толықтыру ретінде осы Заңның 55-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалатын берешекті ескере отырып, бұрын қамақ салынған акциялардың орнына өзіне біріктіру жүзеге асырылатын банктің орналастыру нәтижесінде алынған акцияларына қамақ салу туралы қаулы шығаруға міндетті.
      7. Егер атқарушылық құжатта борышкердің бағалы қағаздар бойынша кіріс алуға құқықтарын шектеу белгіленсе, онда осы бағалы қағаздар бойынша барлық кірістер аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына есептелуге тиіс.
      8. Сот орындаушысы тыйым салынған құжаттық бағалы қағаздарды алып қояды және бағалы қағаздарға тыйым салу туралы хаттамаға қол қойғыза отырып, осы хаттаманың көшірмесін сақтаушыға сақтауға береді. Сот орындаушысы осы бағалы қағаздарды кастодианға сақтауға беру туралы шешім қабылдай алады.
      9. Тыйым салынған құжатсыз бағалы қағаздар алып қойылмайды және құқықтарды есепке алу үшін басқа номиналды ұстаушыға берілмейді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      9-1-тармақ 2013.01.01 дейін қолданыста болады - ҚР 2011.12.28 № 524-IV Заңымен.
      9-1. Тыйым салынған құжатсыз бағалы қағаздарды тіркеушінің құқықтарды есепке алу үшін бірыңғай тіркеушіге беруіне жол беріледі.
      10. Тыйым салынған бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушының тиісті лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, номиналды ұстаушы ол туралы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған не тоқтатылғандығы туралы хабарлама алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей сот орындаушысына хабарлайды.
      11. Эмитент (басқарушы компания) тыйым салынған бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушымен шартты бұзған жағдайда, номиналды ұстаушы ол туралы шарт бұзылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей сот орындаушысына хабарлайды.
      12. Эмитент (басқарушы компания, басқарушы) борышкерге тиесілі тыйым салынған бағалы қағаздар төлемінің немесе оны өтеудің мерзімі басталған жағдайда, аталған бағалы қағаздар бойынша төлем сомасын құрайтын ақшаны аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына есептейді.
      13. Тыйым салынған бағалы қағаздарды мүліктің және (немесе) мүліктік құқықтардың иесіне беру нысанында өтеген жағдайда сот орындаушысы мұндай мүлікті және (немесе) мүліктік құқықтарды осы Заңда белгіленген тәртіппен өндіріп алады.
      14. Сот орындаушысы бағалы қағаздарға тыйым салынғаны туралы қаулының көшірмелерін, оны шығарған (жасаған) күннен кейінгі күннен кешіктірмей, атқарушылық іс жүргізу тараптарына, сондай-ақ:
      1) бағалы қағаздарды берген адамға (эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда);
      2) тыйым салынған бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын тіркеушіге (номиналды ұстаушыға);
      3) егер бағалы қағаздарға тыйым салу осы бағалы қағаздарға бекітілген құқықтарды шектеуден тұратын болса, эмитентке (басқарушы компанияға) жібереді.
      15. Бағалы қағаздарға тыйым салу туралы қаулының көшірмесін алған күннен бастап, осы баптың 14-тармағында аталған адамдар:
      1) аталған қаулымен борышкердің шектелген құқықтарын іске асыруға бағытталған борышкердің талаптарын орындауға құқылы емес;
      2) сот орындаушысының қаулысында аталған ақшаның мөлшерін негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының арнаулы шотындағы борышкердің ақшасымен және жеке шоттарындағы және депо шоттарындағы бағалы қағаздарымен операцияларын дереу тоқтата тұруға міндетті.
      16. Номиналды ұстаушының клиенттеріне тиесілі ақшаны есепке алу жүзеге асырылатын, номиналды ұстаушының банктік шоттарына номиналды ұстаушының міндеттемелері бойынша тыйым салына алмайды.
      Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 19.03.2014 № 179-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      66-бап. Борышкер мүлкiнiң тiзiмдемесi

      1. Сот орындаушысы өндiрiп алушыға берiлетiн соманы, орындау жөнiндегi шығыстарды және жеке сот орындаушысының қызметтеріне төлейтін шығыстарды өтеуге қажеттi мөлшерде борышкер мүлкiнің тiзiмдемесін жүргізеді. Осы Заңның 55-бабының 5-тармағында көзделген жағдайда, тізімделетін мүліктің құны атқарушылық құжат бойынша өндiрiп алудың мөлшерiнен асып түсуi мүмкiн. Сот орындаушысының тiзiмдемеге түскен заттарға сүргi сала алады.
      2. Мүлiкке тiзiмдеме жасау борышкердiң және куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiлуге тиiс. Атқарушылық әрекеттер жасалатындығы туралы алдын ала хабардар етілген, борышкер болып табылатын жеке адам немесе заңды тұлғаның өкiлi болмаған жағдайда, тiзiмдеме куәгерлердiң қатысуымен жасалады.
      3. Мүлiктер тiзiмдемесiне әр заттың атауы, оның ерекше белгiлерi (салмағы, метражы, тозу дәрежесi, бұйымның маркасы және өзге де өлшемдері), әр заттың жеке-жеке бағасы және барлық мүлiктiң құны енгiзiледi.
      Тiзiмдемеге оны жасау кезiнде қатысқан адамдар қол қояды.
      4. Сот орындаушысы тізімдемеге қатысушы маманның қорытындысы бойынша жылжымалы мүлікке тізімдеме жасамауға не маманның қорытындысы бойынша оны сату мүмкін болмаса немесе оны сатудан түскен сома орындау жөніндегі шығыстардан кем болатын болса, оны кейін тізімдемеден алып тастауға құқылы.

      67-бап. Мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасы

      1. Мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасында:
      1) хаттама жасалған уақыт пен орны;
      2) хаттама жасаған сот орындаушысының, сондай-ақ хаттама жасалған кезде қатысқан адамдардың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);
      3) соттың немесе атқарушылық құжаты орындалатын басқа да органның атауы;
      4) өндіріп алушының және борышкердің тектері, аттары және әкелерінің аттары (олар болған жағдайда);
      5) мүлікке тізімдеме жасау жүргізілгені туралы сілтеме (тізімдемені кім жүргізді, тізімделген мүліктің жалпы құны);
      5-1) мүлік түрінің сипаты немесе мүліктің және оның сипаттамаларының тізбеленуі;
      6) егер заттарға сүргі салу жүргізілген болса, оған сілтеме;
      7) мүлік сақтауға берілген жеке адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы, егер мүлікті сақтау борышкердің өзіне жүктелмесе, мекенжайлары;
      8) борышкерге және басқа да адамдарға сот орындаушысының әрекеттеріне шағым жасау тәртібі мен мерзімінің түсіндірілгені, сондай-ақ борышкерге немесе мүлікті сақтаушыға олардың сақтауға берілген мүлікті сақтау жөніндегі міндеттері және оны талан-таражға салғаны, иеліктен шығарғаны немесе жасырғаны үшін жауапкершілігі жөнінде түсіндірілгені туралы белгі;
      9) өндіріп алушының, борышкердің, тізімдеме жасау кезінде қатысқан адамдардың ескертпелері мен арыздары және сот орындаушысының солар бойынша өкімдері көрсетілуге тиіс.
      2. Мүлікке тізімдеме жасау және тыйым салу хаттамасына сот орындаушысы және оны толтыру кезінде қатысқан адамдар қол қояды.
      Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау