Глава 17. ПЕРЕХОДНЫЕ И ЗАКЛЮЧИТЕЛЬНЫЕ ПОЛОЖЕНИЯ
Статья 173. Введение в действие настоящего Закона
Настоящий Закон вводится в действие по истечении шести месяцев после его первого официального опубликования, за исключением пункта 3 статьи 138, который вводится в действие с 1 января 2016 года.
Сноска. Статья 173 в редакции Закона РК от 15.01.2014 № 164-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
Статья 174. Переходные положения
1. Республиканская коллегия частных судебных исполнителей до 1 марта 2015 года должна быть реорганизована путем преобразования в Республиканскую палату. Региональные коллегии частных судебных исполнителей до 1 июля 2015 года подлежат ликвидации.
2. До образования Республиканской палаты ее функции осуществляются уполномоченным органом совместно с Республиканской коллегией частных судебных исполнителей.
Сноска. Статья 174 в редакции Закона РК от 29.12.2014 № 269-V (вводится в действие с 01.01.2015).
Статья 175. Заключительные положения
Признать утратившим силу Закон Республики Казахстан от 30 июня 1998 года "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1998 г., № 13, ст. 195; № 24, ст. 436; 1999 г., № 23, ст. 922; 2000 г., № 3-4, ст. 66; № 6, ст. 142; 2002 г., № 17, ст. 155; 2003 г., № 10, ст. 49; № 11, ст. 67; 2004 г., № 24, ст. 153; 2006 г., № 11, ст. 55; 2007 г., № 4, ст. 28; № 5-6, ст. 40; № 10, ст. 69; № 20, ст. 152; 2009 г., № 17, ст. 81).
Президент
Республики Казахстан Н. НАЗАРБАЕВ
1 БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) атқарушылық іс жүргізу – борышкерден атқарушылық санкциясын, атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлды және шығыстарды өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату;
2) Борышкерлердің бірыңғай тізілімі – атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын деректердің біріздендірілген электрондық банкі;
3) бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы – ақпараттық жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да құралдардың жиынтығы;
3-1) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі – Республикалық палата) – жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіруді және олардың Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын сақтауын жүзеге асыратын коммерциялық емес, кәсіптік, өзін-өзі реттейтін ұйым;
3-2) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы – Республикалық палатаның өңірдегі филиалы;
4) жеке сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) негізінде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
5) мемлекеттік сот орындаушысы – мемлекеттік қызметтегі және атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өзіне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын лауазымды адам;
6) сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өздеріне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын және осы Заңда көзделген алып қоюлар үшін тең құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік сот орындаушысы және жеке сот орындаушысы;
7) сот орындаушысының қаулысы – атқарушылық іс жүргізу процесінде сот орындаушысы қабылдайтын іс жүргізу шешімі тіркелетін іс жүргізу құжаты;
8) толық мәжбүрлеп орындату – атқарушылық құжат сот орындаушысының іс жүргізуінде болған кезеңде оны толық көлемде орындау;
9) уәкілетті орган – атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
10) электрондық аукцион – аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықтың тәсілі, онда тыйым салынған мүлік бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы пайдаланыла отырып, оларға барлық әлеуетті сатып алушылардың тең қол жеткізуі негізінде өткізіледі.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi
Атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдары мен қаулыларының, мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдері мен қаулыларының, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде осы Заңға сәйкес берілетін атқарушылық құжаттарды мiндеттi түрде және уақтылы орындау болып табылады.
3-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің негізгі принциптері
Атқарушылық iс жүргiзу:
1) заңдылық;
2) атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу мен мәжбүрлеп орындату шараларын қолданудың уақтылы және айқын болуы;
3) адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
4) борышкер мен оның отбасы мүшелерінің өмір сүруіне қажетті мүліктің ең аз мөлшеріне қол сұғылмаушылық;
5) өндіріп алушы талаптарының көлемі мен мәжбүрлеп орындату шаралары арақатынасының салыстырмалылығы;
6) өндіріп алынған сомалар кезектің барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз болған кезде оларды бір кезектегі өндіріп алушылар арасында бөлудің барабарлығы;
7) атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындату жөніндегі шығыстарды борышкердің есебінен өтеу;
8) сот орындаушысының іс жүргізу әрекеттері мен қаулыларына сотқа шағымдануға еркіндік принциптері бойынша жүзеге асырылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу
және сот орындаушыларының мәртебесі туралы
заңнамасы
Ескерту. 4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда жазылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-бап. Халықаралық, шетелдік соттар мен төрелік соттардың
шешімдерін орындау
1. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік соттардың, сондай-ақ төрелік соттардың шешімдерін орындау тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиісті халықаралық шарттарда және осы Заңда айқындалады.
2. Шетелдік сот шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының соты берген атқарушылық парақ шешімнің заңды күшіне енген кезінен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға берілуі мүмкін.
6-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу
және сот орындаушыларының мәртебесі туралы
заңнамасының қолданылу тәртібі
Ескерту. 6-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Атқарушылық iс жүргiзу атқарушылық әрекеттердi жасау кезiнде қолданылып жүрген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Бюджетке төленетiн салық және өзге де мiндеттi төлемдердiң берешегiн, айыппұлдар төлеудi кешiктiргенi үшiн өсiмпұлдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшiн өзге де санкцияларды өндiрiп алу жөнiндегi атқарушылық iс жүргiзу осы Заңда белгiленген тәртiппен және Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
3. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомаларын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу уәкілетті орган белгілеген қағидалар сақтала отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3-1. Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік ұйымдарға қатысты соттың және өзге де органдардың актілерін орындау осы Заңға сәйкес жүргізіледі.
5. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң атқарушылық құжаттары бойынша атқарушылық iс жүргiзу, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан өзгеше жағдай туындамаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
7-бап. Атқарушылық iс жүргiзуді жүзеге асыратын тұлғалар
1. Осы Заңның 9-бабында тізбеленген атқарушылық құжаттарды орындау сот орындаушыларына жүктеледі.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау ішкі істер органдары және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
3. Сот орындаушысының қызметтік іс-әрекетіне заңдарда тiкелей уәкiлеттiк берiлген тұлғалардан басқа, ешкiм де араласуға құқылы емес. Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тілі
Атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздарын жүргізу тілі сот шешімінің немесе орындауға жататын өзге де құжаттың тілі ескеріле отырып белгіленеді.
9-бап. Атқарушылық құжаттардың тiзбесi
1. Мыналар атқарушылық құжаттар болып табылады:
1) сот актiлерiнiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес берiлетiн сот бұйрықтары;
3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдiк соттардың және төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы сот актiлерiнiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар;
4) аралық соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар;
5) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған сот қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды тұлғаның) қаулылары;
7) талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулылары;
8) атқару санкциясын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулылары;
9) сот орындаушысының атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды өтеу туралы қаулысы;
10) жеке сот орындаушысының өзінің қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулысы.
2. Атқарушылық құжат жоғалған жағдайда атқарушылық құжатты берген орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен беретiн оның телнұсқасы өндiрiп алу үшiн негiз болып табылады.
3. Ол бойынша атқарушылық iс жүргiзу қозғалған атқарушылық құжат атқарушылық iс жүргiзу материалдарында болады. Сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзудің қозғалғаны туралы қаулыны аталған атқарушылық құжаттың көшірмесімен қоса орындау үшін жібереді.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10-бап. Сот орындаушысының қаулысы
1. Атқарушылық құжат орындауға берілген күннен бастап атқарушылық iс жүргiзу мәселелері бойынша сот орындаушысының қабылдаған шешімдері қаулылармен ресімделеді.
2. Сот орындаушысының қаулысында:
1) аумақтық бөлімнің атауы және мекенжайы немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайы;
2) қаулының шығарылған күні;
3) қаулыны шығарған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;
4) қаулы шығарылатын атқарушылық iс жүргiзудің атауы мен нөмірі көрсетілуге тиіс.
Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулыда атқарушылық құжаттың атауы мен нөмірі;
5) қаулы шығарылатын мәселе;
6) қабылданатын шешімнің заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтемесі бар негіздемесі;
7) мәселенің мәні бойынша қабылданған шешімді көрсететін қаулының қарар жазылған бөлігі;
8) қаулыға шағым жасау тәртібі көрсетіледі.
3. Сот орындаушысы қаулыда өзі жіберіп алған жаңылыс жазуларды немесе көрінеу арифметикалық қателерді өз бастамасы бойынша немесе атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдардың өтініші бойынша түзетуге құқылы. Аталған түзетулер бұрын шығарылған қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулымен енгізіледі.
4. Мемлекеттік сот орындаушысы қаулысының күшін жою аумақтық бөлім басшысының - аға сот орындаушысының тиісті қаулысымен жүргізіледі.
Жеке сот орындаушысы қаулысының күшін жоюды жеке сот орындаушысының өзі, оның ішінде сот актісінің немесе прокурор наразылығының негізінде жүргізеді.
5. Сот орындаушысының қаулысы міндетті түрде орындалуға тиіс және оған Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін.
6. Сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |