Основы массопередачи


Кептірудің арнайы түрлері және кептіргіштің типтері



жүктеу 396 Kb.
бет33/36
Дата17.11.2022
өлшемі396 Kb.
#40208
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Îñíîâû ìàññîïåðåäà÷è

Кептірудің арнайы түрлері және кептіргіштің типтері

Кептірудің арнайы түрлеріне радиациялық, диэлектрлік және сублимациялық жатады. Осы түрлерге сәйкес термодинамикалық, жоғары жиілікті және сублимациялық кептіргіштер деп ажыратады.
Терморадиациялық кептіргіш. Бұл кептіргіштерде кептіруге қажетті жылу инфрақызыл сәулелермен беріледі. Бұл әдіспен материалға жылуды конвективті және контактылы кептіргішке қарағанда 10 есе көп мөлшерде беруге болады. Сондықтан, бұл әдісте материалдан ылғалды буландыру қарқындылығы артады.
Терморадиациялық кептіргіштер электрлі және газбен қыздыру түрінде қолданылады.
Электрлі сәулелендіргіштер ретінде айналы лампалар және кедергі элементтері, сонымен бірге керамикалық қыздырғыштар, яғни керамикалық массаға престелген электр спиральдары қолданылады. Газбен қыздыру электрлікке қарағанда қарапайым және үнемді. Газбен қыздыруда сәулелендіргіштер болып металды немесе керамиклық плиталар табылады, олар ашық жалынмен және газдың жану өнімімен қыздырылады.
XV-35 суретте (а) сәулелендіруші панельдер газ жанарғыларының (2) ашық жалынымен қыздырылады. Материал (3) тасымалдағыш арқылы қозғалады.
(б) суретінде газдың жылу өнімдерімен қыздыру аппаратында жылу (1) сәулелендіргіштің ішінде қозғалады. Газ және ыстық ауа (2) жанарғыға түседі. Жану өнімдері (6) камерадан сәулелендіруші бетті қыздыруға бағытталады. Жолда олар электорда (7) жылутасымалдағыштың ағын жылдамдығын жоғарылату үшін ұсталынған газдың (рециркуляциялануын) бір бөлігін сорып алады.
Терморадиациялық кептіргіштер компактілі және нәтижелі; бірақ энергия өте көп кетеді: 1 кг буландырылған ылғалға 1,5-2,5 квт/сағ энергия кетеді, бұл мұндай аппараттардың қолданылу аясын шектейді.
Жоғары жиілікті (диэлектрлі) кептіргіштер. Бұл кептіргіштер температураны реттеу қажет болатын қалың қабатты материалдарды кептіру үшін қолданылады. Бұл әдіспен диэлектрлік қасиетке ие пластикалық массаларды және басқа да материалдарды кептіруге болады.
Бұл кептіргіш (XV-36) лампалы жоғары жиілікті генератордан (1) және кептіргіш камерадан (2) тұрады. Тоқ көзінен шыққан айналмалы тоқ (7) түзеткішке, содан кейін генераторға түседі, мұнда ол жоғары жиілікке ие болады. Бұл тоқ (3) және (4) конденсатор пластиналарына жіберіледі, олардың арасымен лентада кептірілетін материал қозғалады. Көрсетілген кептіргіште 2 лента бар (5) және (6), мұнда материал кезектесіп кептіріледі.
Жоғары жиілікті электр өрісінің әсерінен материалдағы иондар мен электрондар (материалда әдетте, электролиттің аз мөлшері болады, мысалы тұздар ерітіндісі) конденсатор пластиналарының заряд белгісін өзгерте отырып, қозғалыс бағытын синхронды түрде өзгертеді; дипольді молекулалар айналмалы қоғалысқа ие болады, ал полюссіз молекулалар олардың зарядтарының ығысуына байланысты полюстенеді. Үйкеліспен өтетін бұл процестер жылудың бөлінуіне және кептірілетін материалдың қызуына әкеледі. Электр өрісінің кернеулігін өзгерте отырып, материалдың ішкі қабаты мен оның беті арасындағы температуралық градиентті реттеуге болады, яғни кептіру жылдамдығын арттыруға болады. Бұл әдіспен қалың қабатты материалдар тез және біркелкі кептіріледі. Бірақ кететін элетр мөлшері жоғары. 1 кг буланған ылғалға 2,5-5 квт-сағ.
Сублимациялық кептіргіштер. Материалдарды мұздатылған күйінде, яғни олардағы мұз түрінде ылғал сұйық күйге өтпей, бірден буға айналу арқылы кептіруді сублимациялық немесе молекулалы деп атайды. Сублимациялық кептіру терең қысымда (қалдық қысым 1,0-0,1 мм сын бағ) және сәйкес төменгі температурада жүргізіледі.
(XV-37) суретте сублиматор деп аталатын кептіргіш камерада (1) бос плиталар (2) орналасқан, олардың ішінде ыстық су циркуляцияланады. Плиталардың үстіне кептіргіш материал салынған противин (3) орналастырылған, противин астында үлкен емес борттар болады, сондықтан олар плиталармен беттеспейді. Жылу материалға плитадан радиация арқылы беріледі. Бу-ауа қоспасы сублиматордан (1) кондесатор-мұздатқышқа (4) түседі, ол түтік арқылы кеңістікте суытқыш агентті, мысалы, аммиакты, циркуляциялайды.
Материалдан ылғалды шығару 3 кезеңде өтеді:

  1. кептіргіш камерада қысымды төмендеткенде ылғалдың өз бетімен мұздануы және материалдан берілетін жылу әсерінен сублимация өтеді (мұнда барлық ылғалдың 15%-ы ысытылады).

  2. ылғалдың негізгі бөлігін сублимациямен жою, бұл кептірудің тұрақты жылдамдығының кезеңіне сәйкес келді.

  3. қалған ылғалды жылулық кептірумен жою.

Бұл әдіс материалдың қасиетін бұзбай, ұзақ мерзімде сақтау қажет болғанда қолданылады (пенициллин және басқа да медициналық препараттар, қан плазмасы, жоғары сапалы тамақ өнімдері).


СУЫТУ ҮРДІСТЕРІ

жүктеу 396 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау