|
Основы массопередачиАбсорбциялық аппараттардың құрылғылары
|
бет | 5/36 | Дата | 17.11.2022 | өлшемі | 396 Kb. | | #40208 |
| Îñíîâû ìàññîïåðåäà÷è3. Абсорбциялық аппараттардың құрылғылары
Абсорбциялық процестер жүретін аппараттар абсорберлер деп аталады. Масса алмасудың басқа процестері сияқты абсорбция да фазалар шекарасында өтеді. Сондықтан абсорберлер газ бен сұйықтық арасындағы үлкен жанасу аймағына ие болуы керек. Бұл беттің түзілу тәсіліне байланысты абсорберлерді шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады: беттік және жұқа қабықшалы, саптамалы, барботажды (табақшалы), шашыратқыш.
Беттік және жұқа қабықшалы абсорберлер.
Бұл типті абсорберлерде фазалр түйісу беті қозғалмайтын немесе баяу қозғалатын сұйықтық айнасы немесе ағып жатқан сұйық қабықшаның беті болып табылады.
Беттік абсорберлер.Бұл абсорберлерді жақсы еритін газдарды сіңіру үшін қолданады. Аталған аппараттарда газ қозғалмайтын немесе баяу қозғалатын сұйықтықтың бетінің үстімен өтеді.(XI-6) Осындай абсорберлерде түйісу бетінің ауданы аз болғандықтан, газ бен сұйықтық бір-біріне қарсы ағатын тізбектей жалғанған аппараттар орнатады. Сұйықтық абсорбер ішінде өздігінен қозғалу үшін әрбір келесі аппаратты сәл төмендеу орналастырады. Абсорбция кезінде бөлінетін жылуды шығару үшін аппараттарда сумен немесе басқа суытқыш агентпен суытылатын жыланшаларды орнатады немесе абсорберлерді ағынды су астына қояды. Бұл типті аппараттардың ең дамығаны сырттан сумен салқындатылатын горизонтальді құбырлар қатарынан тұратын абсорбер болып табылады (XI-7 суреті). Мұндай аппаратың әрбір элементінде қажетті сұйықтық деңгейі табалдырық арқылы қамтамасыз етіледі.
Пластинкалы абсорбер (XI-8 суреті) каналдардың 2 жүйесінен тұрады: 1-үлкен қима ауданы бар каналдар арқылы газ бен абсорбент қарама-қарсы қозғалады, ал 2-қима ауданы кішкентай каналдар арқылы суытқыш агент (әдетте су) қозғалады. Пластинкалы абсорберлер әдетте графиттен жасалады, себебі жылуды жақсы өткізетін химиялық тұрақты материал болып табылады.
Беттік абсорберлер төмен эффективтілігімен көлемінің үлкен болуынан шектеулі қолданылады.
Жұқа қабықшалы абсорберлер. Бұл аппараттар беттік абсорберлерге қарағанда эффективтілігі жоғары және көлемі шағын болады. Жұқа қабықшалы абсорберлерде фазалар түйісу беті сұйықтықтың ағып жатқан жұқа қабықшасының беті болып табылады. Бұл типті аппараттардың келесі түрлерін бөледі, 1) құбұрлы (түтікті) абсерберлер; 2) жалпақ - параллельді немесе беттік қондырмалы абсарберлер; 3) сұйықтың қабықшасы жоғары қозғалатын абсарберлер.
Құбұрлы абсорбер (XI-9 суреті) құрылысы бойынша қабықшалы вертикальді жылуалмастырғышқа ұқсас. Абсрбент үстінгі құбұрлы торға барады, құбұрлар арқалы үлестіріп, оларды ішкі беті арқылы жұқа қабықша түрінде ағып кетеді. Құбұрлар саны көп аппараттарда сұйықтықтың біркелкі берілуі мен үлестірілуі үшін арнайы үлестіруші құрылғыларды пайдаланады. Газ құбырлар арқылы төменнен жоғары қарай астына ағатын жұқа қабықшаға қарама-қарсы ағады. Абсорбция жылуын шығару үшін құбыр аралық кеңістік арқылы су немесе басқа суытқыш агент жібереді
Жалпақ параллельді қондырмалы абсорбер (XI-10 сурет) .Бұл аппарат әртүрлі материалдан (м еталл, пластикалық массалар және т.б.) жасалған немесе матадан жасалған кесектерден құралған вертикальді беттер түріндегі беттік қондырғылы бағана болып табылады. Абсорбердің үстіңгі бөлігінде беттік қондырманы екі жақтан біркелкі сулау үшін үлестіруші құрылғылар орналасқан.
Cұйықтың қабықшасы жоғары қозғалатын абсорберлер (ХІ-11-сурет) құбырлы торларда бекітілген құбырлардан тұрады. Газ камерадан қысқа қүбырлар арқылы өтеді, олар құбырлармен бір ось бойында жатады.
Абсорция жылуын шығару үшін құбыр аралық кеңістіктен суытқыш агент жіберіледі. Шығару дәрежесін үлкейту үшін әрбіреуітура ағын принципі бойынша істейтін екі не одан көп сатыдан тұратын осындай типті абсорберлерді қолданады. Қабықшасы жоғары қозғалатын аппараттарда газ ағындарының жоғары жылдамдығы (30-40м/сек дейін) сандарынан масса тасымалдау коэффициентінің жоғары мәндеріне қол жеткізіледі,бірақ сонымен қатар бұл аппараттардың гидравлиаклық кедергісі салыстырмалы жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|