ЖАСАНДЫ СУЫТУ
1. Жалпы мәлімет
Химиялық технологияның бірқатар үрдістерін ауа, су сияқты суытушы агенттерін қолданып алған темперетурадан да төмен температураларда жүргізіледі.
Жасанды суытумен жүргізілетін үрдістерге абсорбцияның, кристалданудың, сублимациялы кептіру үрдістерінің кейбір үрдістері жатады. Жасанды суыту халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданады, мысалы, тағамдық өнімдерді сақтауда, ауаны конденсирлуде және т.б. Суыту үрдістері металлургияда, электротехникада, электроникада, техниканың ядролы, ракеталы, вакуумды салаларында қолданылады. Қазіргі кездегі химиялық комбинаттар 20-63 Гдж/ч (5-15 Гкал/ч) жететін суықтың көп мөлшерін қолданады.
Жасанды суыту температурасы төмен денеден температурасы жоғары денеге жылудың алмасуымен байланысты. Мұндай тасымалдау, термодинамиканың екінші заңына сәйкес энергия шығынын қажет етеді. Сондықтан жүйеге энергияны енгізу суықты алудағы қажетті жағдай болып табылады.
Жасанды суытуды өндіру әдісі талап етілетін суыту температурасымен анықталады.
Түрлері:
Біртекті суыту (температура диапазоны бөлме температурасынан -100 °С дейін);
Терең суыту (-100 °С төмен температураға дейін).
-100 °С төмен температураны алу келесі түрде жіктеледі:
а) терең суыту техникасы ( —100 - —218 °С);
б) криогенді техника (40 - 0.3 °К);
в) ультра төмен температура техникасы (0.00002 °К дейін).
Терең суытуға сйкес келетін температураны қолдану газ қоспаларын бөліктеп және толық сұйылту арқылы бөлуге және көптеген техникалық газдарды алуға мүмкіндік береді, мысалы, азот, оттегі, кокс газынан алынатын сутегі, мұнай крекингісінің газдарынан алынатын этилен т.б.
Негізгі жағдайлары. Суытқыш құрылғыларда температурасы төмен ортадан температурасы жоғары ортаға жылуды тасымалдау суытушы агент немесе хлодоагент деп аталатын жұмыс денесінің көмегімен жүзеге асырылады.
Хлодоагенттер ретінде қолданылатын заттарға қойылатын талаптар:
табиғи суытушы агенттер көмегімен (су, ауа) конденсаторда хладоагенттің буының конденсациясын қамтамасыз ететін жоғары критикалық температура
қажетті суытуды алу үшін керек суытушы агенттің шығынын азайту үшін жоғары булану жылуының болуы
булану қысымы мен температурасындағы суытушы агенттің буының меншікті көлемінің төмен болуы, бұл суытушы машиналардың өлшемін төмендетуді негіздейді.
Қазіргі кезде кең тараған суытушы агенттер болып аммиак және фреондар табылады. Көміртегенің екі тотығы және күкіртті ангидрид, хлорлы метил сирек қолданылады. –70 оС-ден төмен температураны алу үшін пропан, этан және этилен қолданылады. Фреондар метанның және кейбір басқа қаныққан көмірсутектердің фторхлор туындылары.
Достарыңызбен бөлісу: |