1. 100 мл 0,05 н қымыздық қышқылы стандартты ертіндісін даярлау. Қымыздық қышқылын қышқылдық ортада калий перманганаты ертіндісімен титрлеу кезінде мына реакция жүреді:
5Н2С2О4 + 2КМпО4 + 3Н2SО2 = 2МпSО4 + 10СО2 + К2SО4 + 8Н2О
Н2С2О4 – 2е- → 2СОо2 + 2 Н+ 5
2МпО4- + 8Н + 5е- → Мп2+ + 4Н2О 2
Реакция бойынша қымыздық қышқылының эквиваленттік массасы тең:
Мэ = = г/моль
Ертінді даярлау үшін қажет қышқылдың массасы есептеледі:
m Н2С2О4 = Сн ▪ Мэ ▪ V(л) = 0,05 ▪ 63 ▪ 0,1 = 0,315 г.
Таразыда 315 мг жуық қымыздық қышқылын өлшеп алады. Оны өлшеуіш колбаға (100 мл) салып, колбаның ортасына дейін дистилденген су құйып ерітеді. Қышқыл толық еріген соң, колбадағы судың көлемін белгіге дейін жеткізеді. Енді қымыздық қышқылының дәл өлшеніп алынған массасы бойынша даярланған ертіндінің титрін, нормальдығын есептейді мына формулалар бойынша:
Т Н2С2О4 = ; Сн Н2С2О4 =
2. 500 мл 0,05 н жуық калий перманганатының ертіндісін даярлау.
Ертінді даярлау үшін қажет калий перманганатының массасы тең:
m = Сн▪Мэ▪ V(л) = 0,05 ▪ 31,6 ▪ 0,5 = 0,79 г
Таразымен 0,8 г жуық калий перманганатын өлшеп алады. Оны қоңыр шыныдан жасалған склянкаға салып 0,5 л дистилденген суда ерітіп 5-7 күнге қалдырады. Осы уақыт ішінде ауа, ылғал әсерінен оның бастапқы концентрациясы өзгеріп, тұрақтанады.
Бұл уақыт ішінде нейтрал ортада калий перманганатының бір бөлігі суда еріген заттардың әсерінен мына реакция бойынша тотықсыздануы мүмкін:
4 КМпО4 + 6Н2О = 4МпО(ОН)2 $+ 4КОН + 3О2#
қоңыр тұнба
3. Калий перманганатының ертіндісін стандарттау. Даярлаған калий перманганаты ертіндісін бюреткаға құяды. Титрлеуге арналған колбаға пипеткамен 10 мл қымыздық қышқылының стандартты ерітіндісін және 8-10 мл 2 н Н2SО4 қосады да 70-800 С-қа дейін қыздырады. Реакция баяу жүретіндіктен басында қыздыруды қажет етеді. Титрлеу барысында ерітіндіде Мп2+ иондары пайда болғаннан кейін реакция тез жүретін болады, себебі Мп2+-иондары катализатор ролін атқарады. Ерітіндіні қайнатпау керек, себебі қымыздық қышқылы жоғары температурада ыдырайды.
Ыстық күйде бюреткадан калий перманганаты ертіндісімен тамшылатып титрлейді. Калий перманганатының артық бір тамшысынан ерітінді қызыл-күлгін түске боялғанда титрлеуді тоқтатады. Ертінді түсі бір минуттай жойылмауы керек. Титрлеуді кемінде үш рет қайталап, орташа көлемін тауып, калий перманганаты ертіндісінің нормальдығы мен титрін есептейді.
Cн КМnО4 = ; Т КМnО4 = .
4. Мор тұзын титрлеу. Титрлеуге арналған 250 мл-лік үш колбаға пипеткамен өлшеп оқытушы берген Мор тұзының ерітіндісін құяды. Оған 8 -10 мл 2 н Н2SО4 қосып қыздырады 70-80оС-ге дейін, сонан кейін бюреткадан біртіндеп калий перманганатын тамшылатып қоса бастайды. Титрлеу барысында титранттың артық бір тамшысынан қызыл-күлгін түсті ертінді пайда болғанда титрлеуді тоқтатады. Ертінді түсі бір минуттай жойылмауы керек. Титрлеуді ең кемінде үш рет қайталап, орта көлемін тауып Мор тұзының ертіндісінің нормальдығын есептеледі:
C Мор тұзы =
Осыдан кейін темірдің массасы есептеледі мына формула бойынша:
mFе = Сн Мор тұзы ▪ Мэ(Fе) ▪ V(л)
осындағы: V(л) - өлшеуіш колбаға құйылып берілген бақылау ертіндісінің көлемі, мл.
Әдебиет: 1 - Б. 101-125; 3 – 87-90; 6 - Б. 300-307; 7 - Б. 252-265; 11 – Б. 116-120.
Бақылау тапсырмалары:
1. Калий перманганатының 750 мл ~0,05 н ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм КМпО4 алу керек ?
2. Калий пермангаатының титрі 0,001617 г/мл. Нормальдығын есептеңдер.
3. 500 мл 0,2 н Н2С2О4·Н2О ерітіндісін дайындау үшін қымыздық қышқылының қандай массасын алу керек ?
4. 1,2640 г Nа2С2О4 200 мл-лік өлшеуіш колбада ерітіліп, көлемі белгіге дейін жеткізілген. Осы ерітіндінің 25 мл-ін титрлеуге 0,097 н КМпО4 ерітіндісінің қандай көлемі жұмсалады ?
5. FеSО4 ерітіндісін титрлеуге титрі 0,002852 г/мл КМпО4 ерітіндісінің 21,6 мл жұмсалған. Ерітіндіде темір (ІІ) сульфатының қандай массасы бар ?
6. Пергидрольдің 5 граммы 500 мл-лік өлшеуіш колбада ерітілген. Осы ерітіндінің 25 мл титрлеуге 37,43 мл 0,124 н КМпО4 ерітіндісі жұмсалған. Пергидроль құрамындағы сутек пероксиднің (Н2О2) массалық үлесін (%-пен) есептеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |