Основы качественного анализа


Тұз қышқылының жұмыс ерітіндісін (титрантын) даярлау



жүктеу 3,62 Mb.
бет14/22
Дата21.12.2017
өлшемі3,62 Mb.
#5406
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

2. Тұз қышқылының жұмыс ерітіндісін (титрантын) даярлау

Мысалы, 250 мл 0,1 н жуық хлорсутек қышқылының стандартталатын ертіндісін даярлау. Тұз қышқылының эквиваленттік массасы Мэ(НСI) = М/1=36,5 г/моль. Сонда ерітінді дайындауға қажет таза құрғақ хлорсутектің массасы тең болады:

mНСI = Сн · Мэ · V(л) = 0,1 · 36,5 · 0,25 = 0,912 г
Хлорсутек қышқылы (тұз қышқылы) - сұйық ерітінді. 0,912 г хлорсутек тұз қышқылының қандай көлемінде болатынын есептеп шығару керек. Ол үшін қышқыл ерітіндісінің тығыздығын білу керек. Цилиндрге концентрлі қышқылды құйып ареометрмен тығыздықты өлшейді. Анықталғаннан тығыздыққа сәйкес проценттік концентрация анықтамалықтан алынады (Қосымша Д).

Мысалы: ареометрмен анықталған тығыздық р =1,183 г/мл болса, онда қышқылдың проценттік концентрациясы ω(НСI) = 36%. Осыны ескере отырып, 0,912 г хлорлы сутек 36%НСI-дың қандай массасында болатыны есептелінеді:



m 36%НСI = = 2,53 г

Таразыда қышқылдың ерітіндісін өлшеу қолайсыз, көлемін өлшеу ыңғайлы, сондықтан ерітіндінің көлемі есептеледі:



V36%НСI = 2,1 мл

36%НСI ерітіндісінің 2,1 мл-ін склянкаға құйып үстіне 250 мл-дей дистилденген су қосу керек. Стандартталатын ерітіндіні өлшеуіш колбада дайындаудың қажеті жоқ. Себебі оның дәл концентрациясы әрі қарай стандартты ерітінді бойынша анықталады (стандартталады).



3. Хлорсутек қышқылының ертіндісін натрий тетраборатының стандарт ерітіндісі бойынша стандарттау

Бюретканы алдымен кран суымен толтырып бірнеше рет жуғаннан кейін дистилденген сумен шаяды, сонан кейін даярланған хлорсутек қышқылымен шаяды. Осыдан кейін хлорсутек қышқылын бюреткаға толтырып құяды. Бюретканың төменгі жағындағы пипеткадағы ауаны ығыстырғаннан кейін шүмекті алып тастап нольді сәйкестендіреді. Осыдан кейін титрант құйылған бюретка титрлеуге дайын болады.

Титрлеуге арналған 250 мл-лік үш колбаның әрқайсысына пипеткамен 10 мл натрий тетрабораты ертіндісін өлшеп құяды, оған 1-2 тамшы метилоранж қосады, ертінді сары түске боялады. Колбадағы ерітіндге бюреткадан біртіндеп хлорсутек қышқылын тамшылатып қоса бастайды. Титрлеу кезінде ертінді түсінің өзгеруін жақсы байқау үшін, колба астына ақ қағаз қояды. Ертінді түсі артық бір тамшы қышқылдан қызғылт малина түске айналған кезде титрлеуді тоқтатады. Бюреткадан титрлеуге кеткен қышқыл көлемін жазып алады. Титрлеуді ең кемінде үш рет қайталап, орташа көлемін тауып қышқылдың нормальдығы мен титрін анықтайды. Реакцияың эквиваленттік нүктесінде мына теңдік орындалады:

Сн1 ·V1 = Сн2 ·V2

Бура НСI


Осы теңдеу бойынша Cн НСI = .

Тұз қышқылының нормальдығы бойынша титрі есептеледі: ТНСI = .

4. Суды титрлеу. Титрлеуге арналған 250 мл-лік үш колбаға пипеткамен немесе өлшеуіш колбамен 100 мл суды (кран суын, дистилденген су, фильтрленген су, қар суын, т.б. сулар) өлшеп құяды, оған 4-5 тамшы метилоранж қосады, су сары түске боялады. Енді бюреткадан біртіндеп хлорсутек қышқылын тамшылатып қоса бастайды. Титрлеу кезінде ертіндінің түсі артық бір тамшы қышқылдан қызғылт малина түске айналған кезде титрлеуді тоқтатады. Бюреткадан титрлеуге кеткен қышқыл көлемін жазып алады. Титрлеуді ең кемінде үш рет қайталап, орта көлемін тауып, судың кермектігін есептейді. Кермектікті ммоль/л түрінде көрсету үшін 1000-ға көбейтеді:

Куақ = , ммоль/л
Судың уақытша кермектігі 1 л суда еріген Са2+ мен Мg2+ иондарының моль-эквиваленттерінің мөлшерін сипаттайды.

Алкалиметрия
Зертханалық жұмыс № 10
Әк тасының құрамындағы кальций карбонатының

массалық үлесін анықтау
Мақсат: Әк тасының құрамындағы кальций карбонатының массалық үлесін алкалиметрияның кері титрлеу әдісімен анықтауды меңгеру.
Қышқылдығы жоғарлап кеткен жағдайда топырақты ізбестейді (әк тасты ұсатып топыраққа себеді). Ізбестеу үшін қанша әк тас керек екендігін есептеу мақсатында табиғи әк тас құрамындағы кальций карбонатының мөлшері алкалиметрия әдісімен анықталады.

Ол үшін ұсатылған әк тасты концентрациясы белгілі тұз қышқылының дәл өлшеніп алынған көлемінде ерітеді. Реакциядан артылып қалған тұз қышқылын стандартталған натрий гидроксиді ертіндісімен титрлейді. Тұз қышқылының бастапқы алынған көлемдегі мөлшері қатарлас титрленеді (ноль ертінді). Титрлеуге жұмсалған натрий гидроксидінің көлемдерінің айырмашылығы бойынша әк тас құрамындағы кальций карбонатының массалық үлесі (%) есептеледі.




жүктеу 3,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау