Өскемен қаласының әкімдігі, "Аманат" Қазақстанның Кәсіподақтар Ынтымақтастығы" Республикалық кәсіподақтар қауымдастығының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі - Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы, Білім беру қызметкерлер кәсіподағының Өскемен қалалық ұйымы, «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік жұмысшыларының кәсіподағы» қоғамдық бірлестегі және Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер Палатасы арасындағы 2019-2021 жылдарға арналған
келісім
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауларын жүзеге асыру аясында Өскемен қаласының әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік), жұмыскерлердiң өкiлеттi өкiлдері – "Аманат" Қазақстанның Кәсіподақтар Ынтымақтастығы" Республикалық кәсіподақтар қауымдастығының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі - Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы, Білім беру қызметкерлер кәсіподағының Өскемен қалалық ұйымы, «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік жұмысшыларының кәсіподағы» қоғамдық бірлестегі (бұдан әрі – кәсіподақ), жұмыс берушілердің өкілетті өкілі - Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер Палатасы (бұдан әрі - жұмыс берушілер), бұдан әрі атаулары – тараптар, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жеделдетілген ауқымды және іргелі жұмысына белсене қатысуды қажет деп санайды. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында әрекет ете отырып, 2018 – 2020 жылдарға жасалған Бас Келісімді, әлеуметтік әріптестікті дамыту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу, еңбек құқықтарын жүзеге асыруда кемсітуге жол бермеу қағидаттарын басшылыққа ала отырып, үшжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімдерді сақтауға міндеттеніп, тараптар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Кәсіптік одақтар туралы» заңы және Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық нормативтік актілері негізінде жұмышылардың еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеудің мазмұны мен тараптардың міндеттерін анықтайтын құқықтық акт болып табылатын, 2019-2021 жылдарға арналған осы қалалық 3 жақты әлеуметтік әріптестік пен еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі Келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
Осы Келісім, қалада орналасқан салалар мен ұйымдарда келіссөздер үшін негіз ретінде тараптармен қарастырылады.
Келісімге енгізілген міндеттемелер мен кепілдіктер, тұрақты жұмыс жағдайларда ең төмен болып табылады, және еңбекшілердің әлеуметтік және экономикалық қауіпсіздігін төмендету бағытында өзгермейды.
Келісім қаладағы өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын әрі қарай дамыту, жұмыскерлердің әлеуметтік-құқықтық қорғау, олардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қажетті жағдайларды жасауға бағытталған.
1. ЭКОНОМИКАНЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ЖАҢҒЫРТУ
Тараптар:
- 4-ші өнеркәсіптік революция элементерін енгізу есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың бәсекелестік артықшылықтарын кеңейтуге;
- экономиканың технологиялық жаңаруы мен цифрландыру жағдайында еңбек нарығын тиімді реттеуге бағытталған бірлесе күш-жігер жұмсауға міндеттенеді.
Осы мақсатта:
1.1. Инновацияларды енгізу және кәсіпорындарды технологиялық қайта жабдықтауды ынталандыру;
Экономиканы технологиялық жаңғыртуға бизнесті және халықты жедел енгізу үшін ақпараттық-коммуникациялық құрылымды дамыту;
Босатылатын қызметкерлердің құзыреттерін дамытуды қамтамасыз ету шаралары бойынша жұмыс берушілерге көмек көрсету(әкімдік).
1.2. Еңбек нарығындағы шиеленісті болдырмау үшін еңбек ресурстары ағынын басқару жүйесін құруға қолдау көрсету. Өндірісті технологиялық қайта жабдықтау аясында, еңбек нарығындағы шиеленісті төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу (кәсіподақтар).
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ САЛАСЫНДА
2.1. Қала экономикасының тұрақты дамуына жағдай жасау, оның бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылату, жиынтықты жалпы ішкі өнімнің тұрақты және динамикалық өсу қарқынын қамтмасыз ету (тараптар).
2.2. Экономикалық мүмкіндіктердің бар болу жағдайында, 2020 жылдың соңына жаңа технологияларды енгізу және меңгеру, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру және ассортиментті ұлғайту, агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы, 2018 жылдың деңгейіне өнеркәсіп өндірісі көлемінің 8,6 % кем емес, ауыл шаруашылық өнімдерінің 4,5 % өсуін қамтамасыз ету (әкімдік, жұмыс берушілер).
2.3. 2016-2020 жылға арналған Өскемен қаласы аумағының даму Бағдарламасының жүзеге асуына қатысу (тараптар).
2.4. Табиғи монополиялардың өнімдерге арналған бағалары мен тарифтерін реттеу қағидаларын жетілдіру, экономиканың түрлі салаларындағы оларды қалыптастырудың негізділігіне бақылау жасау (әкімдік, жұмыс берушілер).
2.5. Еңбек ұжымдарын өндірісті тұрақтандыру жөніндегі шараларды қолдауға, қаржы нәтижелерге оңды қол жеткізуге, жаңа технологияларды енгізуге жұмылдыру (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
2.6. Еңбек ұжымдарының жұмысшыларымен еңбек тәртібін бекіту, еңбек өнімділігін және өндірілетін өнімнің сапасын арттыру жұмысын жүргізу (кәсіподақ-тар, жұмыс берушілер).
2.7. Табиғатты сақтау талаптарын мүлтіксіз орындау, табиғи орта жағдайының жақсаруына және сақталуына қатысу, қоршаған табиғи ортаға өз кәсіпорындары қызметінің әсер етуі туралы өкілетті органдарды ақпараттандыру (жұмыс берушілер).
2.8. Қаржылық-экономикалық тоқыраудың салдарына байланысты шұғыл жағдайлардан басқа жағдайларда, жұмысшыларды жаппай босатылуына жол бермеу (жұмысшылардың жалпы санының 10 %-дан артық). Жұмысшыларды босатуды Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарының қатаң сақталуымен жүзеге асыру. Өзара кеңес негізінде, босатылған жұмысшыларды жұмысқа орналастыру бойынша қаржыландыру көздерін айқындап, шұғыл іс-шаралар бағдарламасын жасау (тараптар).
3. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ РЕТТЕУ САЛАСЫНДА
3.1. Жұмыскерлерге еңбекақыны уақытында және толық көлемде төлеуді қам-тамасыз ету. ҚР Еңбек Кодексінің 113-бабының 2-тармағына сәйкес, қызметкерге тиісті кезеңдегі тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша түрде ай сайын хабардар ету (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
3.1.1. Жұмыс берушілер 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақы алатын қызметкерлердің ай сайынғы жалақысының 10% кем емес өсуін қамтамасыз етсін және олардың жаппай босатылуына жол бермеу (жұмыс берушілер).
3.2. Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 113-бабының 3-тармағына сәйкес, жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді (жұмыс берушілер).
3.3. Бар күшті еңбекақы және БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдері бойынша қарыздарды жоюға бағыттау. БЖЗҚ-ға төленетін жарналардың төлемін ай сайын анықтау (әкімдік, жұмыс берушілер).
3.4. ҚР Еңбек кодексінің 92-бабының 4-тармағына сәйкес, өндірістік және бюджет саласындағы қызметшілердің еңбек демалысының төлемін толық көлемде жүргізу (әкімдік, жұмыс берушілер).
3.5. Ұжымдық шарттар мен келісімдерге сәйкес, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге заңнамаға сай қосымша жеңілдіктер мен өтемақылар беру (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
3.6. Жұмыс берушілерге, мүмкіндік болған жағдайда, отбасылық міндеттемелері бар жұмыскерлерге қатысты, оның ішінде бала-бақшалық және кіші мектеп жасындағы балалары бар жұмыскерлерге қатысты, икемді жұмыс уақыты режимі кестемін ендіру ұсынылсын, икемді жұмыс уақыты режимін қолдану тәртібі ұжымдық, еңбек шарттарында бекітілсін.
3.7. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында, оның ішінде шағын және орта бизнесте еңбек, жұмыспен қамту, қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы заңнаманы сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыстар өткізу (тараптар).
3.8. Негізгі еңбекақы көлемін төмендерту есебінен еңбекақы төлеудің дәстүрлі емес түрлерін (заттай төлеу) төлеуге жол бермеу (жұмыс берушілер).
3.9. Жұмыс беруші өз қаражат есебінен, денсаулық сақтау органдары белгіле-ген тәртіпте зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлар әсер ететін еңбекте жұмыс істейтін жұмыскерлердің міндетті түрдегі мезгілді медициналық тексерулерден өткізеді (әкімдік, жұмыс берушілер).
3.10. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 201-бабына, 202-бабына сәйкес, өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Саны 50-ден астам жұмысшылары бар жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құрады, ал жұмысшылар саны 50-ге толмағанда, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша маман лауазымын енгізеді (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
3.11. Әлеуметтік серіктестік бойынша қалалық үш жақты келісім таратылатын барлық іс-әрекеттегі субъектілер ұжымдық шарт жасауға міндетті.
3-тен 15 адамға дейінгі санымен макробизнес субъектілері бір тараптан облыстық кәсіподақ төрағасымен және екінші тараптан жұмыс берушімен қол қойылатын Келісім жасайды.
3.12. Кәсіпорындар мен ұйымдарда міндетті түрде барлық жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде оқыту және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру. Кәсіпорын есебінен комиссия мүшелерін кәсіпорында еңбек қорғау бойынша еңбек қорғау қоғамдық инспекторларын оқыту (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
3.13. Жұмыскерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізу, жұмыскерлердің өндіріспен байланысты жалпы және кәсіптік ауруларының алдын-алу бойынша емдеу-сауықтыру шараларын өткізу (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
3.14. Жыл сайын жергілікті билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілердің және кіәсіподақтардың қатысуымен еңбек жағдайларын, қала кәсіпорындары және ұйымдарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайын қарастыру, өндірістік жарақат, кәсіптік ауру себептерін талдау және осы мәселелер бойынша жағдайдың жақсартылуы үшін сәйкес шаралар қолдану (тараптар).
Әлеуметтік-еңбек даулары мен ереуілдерінің алдын алу және ескерту шаралары. Жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге қолдау көрсету.
3.14. Тараптар әлеуметтік-еңбектік даулар мен ереуілдердің алдын алу және ескерту шараларына қатысады және келесі алгоритмді іске асырады:
- азаматтардың еңбектік құқықтарын қорғау саласындағы жағдайларға үнемі тадлау және мониторинг жүргізеді;
- жұмыс берушілердің (жалақы төлеуден қарыздары бар) қарыздарды төлеу кестесін орындауы және әзірленген іс-шараларды атқаруы;
- еңбек қатынастары саласындағы бар және пайда болған түйіткілді мәселелерді шешу үшін тәжірибелік, ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы келісілген ұсыныстарды әзірлеу;
- қолдағы ақпараттық, құқықтық, ғылыми және ұйымдастырушылық ресурстарды пайдалана отырып, еңбек дауларының алдын-алу үшін бірлескен шараларды жоспарлау және іске асыру;
- қалалық үш жақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының отырыстарында жасалған жұмыстары мен дағдарысқа қарсы штабтың жұмысы нәтижелерін мемлекеттік органдардың қатысуымен үнемі қарау(тараптар).
3.15. Әлеуметтік әріптестік тараптары, даулы жағдайлардың ықтималдығы жоғары кәсіпорындардың ұжымымен жұмыстық кездесулер өткізу(тараптар).
3.16. Дау бола қалған жағдайда, тараптар жедел түрде наразылық шаралары өтіп жатқан жерге жетіп, себептерін анықтап, дауды тоқтатудың жолдарын қарастырып, ұжымда түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Бұзылушылықтар анықталған кезде, жұмыс берушіге тиісті шаралар қолданылады (тараптар).
Ұжымдық еңбек дауларын шешу және алдын алу жөніндегі Кеңесті құру мен атқаратын қызметін анықтау реті.
3.17.Тараптар тепе - теңдік негізде ұжымдық еңбек дауларын шешу және алдын алу жөніндегі Кеңесті құрайды.
Ұжымдық еңбек дауларын шешу және алдын алу жөніндегі Кеңестің саны мен құрамы, әлеуметтік әріптестік тараптарының ұсыныстары бойынша,әлеуметтік әріптестік комиссиясында анықталады. Кеңес өз құрамынан Кеңестің төрағасын және Кеңестің хатшысын сайлайды. Кеңес отырысы қажеттілікке байланысты өткізіледі (тараптар).
3.18. Кеңестің шешімі қарапайым дауыс басымдылығымен анықталып, қаулымен бекітіледі. Кеңес мүшелері дауыстарының арақатынасы тең болған жағдайда, Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Кеңестің шешімі еңбек даулары тараптарына Кеңес отырысы аяқталғаннан соң 3-күннен кешіктірілмей жеткізіледі.
3.19. Тараптардың, немесе еңбек дауы тарапының, Кеңестің шешімімен келіспегенінде, дау қарау бойынша материалдар, қалалық әлеуметтік әріптестік бойынша 3-жақты комиссияның қарауына жіберіледі.
3.20. Кеңес өз әрекеті барысында, қалалық әлеуметтік әріптестік бойынша 3-жақты комиссияға бағынышты болып табылады және қалалық 3 жақты комиссияның отырысында, атқарылған жұмыстары туралы жылына кемінде 1 рет есеп беріп отырады.
4. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ ШАРАЛАРЫ
4.1. Жаңа жұмыс орындарын құру және сақтау, кәсіптік және қайта оқытудың, соның ішінде жұмыссыздарды еңбек нарығының сұранысына сай оқыту сапасын жақсарту, еңбек қатынастарын заңдастыруды жалғастыру (әкімдік, жұмыс берушілер).
4.2. Тіркелетін жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жұмысты жалғастыру (әкімдік).
4.3. Жұмыссыздық деңгейін төмендету және тұрақтандыру мақсатында, жыл сайын аумақты дамыту Бағдарламасы аясында (бөлінген қаражат шегінде), жұмыссыздықты азайту бойынша бағдарламалар жасалынсын (әкімдік).
4.4. Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдарында және қала әкімінің сайтында еңбек нарығы және жұмыссыздық жағдайы туралы мәліметтерді жариялау. Жұмыс берушілерді және қала тұрғындарын жұмысқа орналасу және кәсіптік оқыту мүмкіндіктері туралы үнемі хабардар ету (әкімдік).
4.5. Жұмыс істеушілерді жаппай қысқарту қауіпі туындаған жағдайда (жұмыс істеушілердің 10%-нан артық) кәсіподақтарды, жұмыспен қамту қызметін 1 ай бұрын хабардар ету, босатылған жұмысшыларға еңбек шартын бұзу мерзіміне дейін жаңа мамандықтарға қайта оқу мүмкіндіктерін беру (жұмыс берушілер).
4.6. 1 айдан кем емес уақытта жұмыспен қамту органдарын ескертусіз штатты қысқарту жағдайларынан, жұмыскерлерді толық емес жұмыс уақыты кестесіне ауыстыруға, еңбекақы сақталмайтын демалысқа жолдауға жол бермеу.
4.7. Жұмыссыздардың еңбек нарығындағы бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында оқыту ақысын төлеуде бірлесіп қаржыландыруға қатысу жолымен білім беру бағдарламалары бойынша кәсіпкерлік іске оқыту, бос халықты және жұмыссыздарды кәсіптік дайындау және қайта даярлау және біліктілігін көтеруді дамытуға көмектесу (әкімдік, жұмыс берушілер).
4.8. Кадрларды дайындау жүйесін қала экономикасының сұраныстарына сәйкестендіру мақсатында жұмыс күшіне сұраныс мониторингін жүзеге асыру. Еңбек нарығындағы кадрлардың бар болуын ескере отырып ақпараттық мәліметтер банкін құру үшін жұмыс беруші кәсіпорындар қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына босатылған жұмыс орындар (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді (вакансия болған жағдайда) ұсынып отыру (әкімдік, жұмыс берушілер).
4.9. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына сәйкес халықты жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін жұмыссыз халықты оқытуды қамтамасыз ету (әкімдік).
4.10. Қаланың кәсіпорындары мен мекемелері тарапынан студенттердің, оқу орындарының түлектерінің өндірістік тәжірибелерінің ақысыз өтуін іске асыру (жұмыс берушілер).
4.11. Жұмыс беруші кәсіпорындар әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздарды жұмыс орындарына бекітуді қамтамасыз етсін, осы кәсіпорында оларды әрі-қарай жұмысқа орналастыру шартымен, олардың кәсіпорындарда болған уақытта жоғары біліктілік алуына мүмкіндік жасау (әкімдік, жұмыс берушілер).
4.12. Кәсіпорын жұмысшыларына жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру, еңбекақы төлеу мәселелері бойынша кеңес беруді және қорғауды қамтамасыз ету. Олардың мүдделерін келісім комиссияларында және соттарда қорғау (әкімдік, кәсіподақ, мемлекеттік еңбек инспекциясы (келісім бойынша)).
4.13. 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді еңбекке бейімдеу мақсатында жоғары біліктілікті қажет етпейтін жұмыс орындарына оқудан бос уақытта және демалыс кезеңінде олардың уақытша жұмысқа орласу мүмкіндігін қарастыру. Бұл ретте, денсаулыққа және жасөспірімдердің адамгершілік дамуына зиян келтіретін, сонымен қатар толық материалдық жауапкершілік, мүлік сақталуын және жұмысберушінің (әкімдік, жұмысберушілер) басқа құндылықтарын қамтамасыз етуді қажет ететін жұмыс жағдайын алып тастау.
5. ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУ САЛАСЫНДА
5.1. Экономикалық мүмкіндігі бар шаруашылық жүргізуші субъектілер, аумақтық орналасушылықтарына қарай, интернат үйлеріне, сәбилер үйіне, қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерге қамқорлық көмек көрсету шараларына қатыссын (жұмыс берушілер).
5.2. Бірінші қажеттегі негізгі тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру (тараптар).
5.3. Ұжымдық шарттарда қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін сауықтыру және санаторлық-курорттық емдеуге жолдамалардың ақысын төлеу үшін кәсіпорын қаржысын жинақтау бойынша іс-шаралар қарастыру (жұмыс берушілер, кәсіподақтар).
5.4. Өткізілетін іс-шараларға бірлесе қатысуға тараптар өкілдерін тарту, оларды алқа, кеңес, тендерлік комиссия, актив, семинар, жиналыс және т.б. құрамына енгізу (тараптар).
5.5. Қоршаған ортаны ластайтын қолайсыз жағдайларды болдырмауды және қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған шараларды қабылдау (жұмыс берушілер, әкімдік).
5.6. Мәдениетті, спортты, туризмді дамыту, балалар мен отбасы демалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету саласында келісілген саясат жүргізу және бюджеттен демалыс уақытында балаларды сауықтыру және демалу үшін қаржы қарастыру (тараптар).
5.7. Бюджет саласы қызметкерлеріне мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй бөлу қарастырылсын (әкімдік).
5.8. Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үйлерді бөлу комиссиясының құрамына кәсіподақтар өкілдерін енгізу (әкімдік).
5.9. Ауылды жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және мал дәрігері қызметкерлерінің отын сатып алуына және коммуналдық қызмет шығындарын жабуға, қаланың бюджетінен келесі мөлшерде қаржы қарастырылсын: 2019 жылға – 25920 теңге, 2020 жылға – 31104 теңге, 2021 жылға – 37 325 теңге* (областық келісімге сәйкес өзгеруі мүмкін) (әкімдік).
5.10. «Білім туралы» ҚРЗ 48-бабының 4-тармағына сәйкес педагог қызметкерлерді тегін медициналық тексеруден өткізу қамтамасыз етілсін (әкімдік).
5.11. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметкерлерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі. Педогогика қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға сауықтыруға арналған жәрдемақы мөлшері олардың демалыс беру күніне келетін нақты оқу жүктемесіне сәйкес есептелсін. Қоса атқарылатын жұмыс жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы жалпы негізде белгіленеді және төленеді (әкімдік, бюджеттік ұйымдар өкілдері болып табылады жұмыс берушілер).
5.12. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға, еңбек аясында жастардың әлеуметтік құқықтарын, білім алу және денсаулықты қорғау мәселелерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешуге қатысу, жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін өз бетімен іске асыруына жағдай тудыру.
Жасөспірімдер мен жастарды уақытша, оның ішінде шағын және орта бизнес құрылымдарында жұмыспен қамту механизмдерін жетілдіру (тараптар).
5.13. Орташа айлық еңбекақы бойынша шағылған сомадан, жүктілігіне және босануына байланысты демалысы кезінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру Қордан төленген соманың айырмасын төлеу мүмкіндігі, ұжымдық шарттарда қарастырылсын (жұмыс берушілер).
6. ҚАЛА МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ, ҰЙЫМДАРЫНДА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫ МЕН КӘСІПОДАҚ ОРГАНДАРЫ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ КЕПІЛІ
6.1. Кәсіподақ құқықтары мен кепілін сақтау, меншік түріне қарамастан ұйымдарда, кәсіпорындарда және мекемелерде кәсіподақ органдарының құрылуына және қызмет етуіне бөгет жасамау, олардың қызметіне араласуға жол бермеу (жұмыс берушілер, әкімдік).
6.2. Кәсіподақ органдарын,мүмкіндікке орай, бөлмелермен, жиһазбен қамтамасыз ету жағдайын ұжымдық шарттарда қарастыру (жұмыс берушілер).
6.3.Мүмкіндік болған жағдайда, босатылған кәсіподақ қызметкерлеріне кәсіпорында қолданылатын жеңілдіктерді, кепілдіктерді, қосымша ақыларды сақтау ұжымдық шартта қарастырылсын (жұмыс берушілер).
6.4. Жұмыс беруші кәсіпорындағы жалақы, еңбек және демалыс режимі, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер жөніндегі өзгерістер туралы кәсіптік органдарға ақпаратты, егерде еңбек, ұжымдық шарттарында бұдан ұзағырақ мерзім қарастырылмаса, 1 ай бұрын береді (жұмыс берушілер).
7. КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫНА БАҚЫЛАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
7.1. Келісім мемлекетітік органдарға, жұмыс берушілерге, қызметкерлерге және олардың өкілдеріне Өскемен қаласында іс-әрекет ететін қолданылады.
7.2. Тараптар Келісімді дамыту және оның орындалуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік серіктестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі қалалық комиссияның аясында өзара кеңес беру негізінде құжаттарды әзірлейді, тиіс шешімдер қабылдайды, заң шығарушы және атқарушы органдарға ұсыныстарды әзірлейді және олардың іске асырылуына қол жеткізеді (тараптар).
7.3. Қол қойылғаннан кейін Келісім мәтіні қысқартуларсыз 2 жұма ішінде қала әкімінің ресми сайтында орналастыруға жатады. Келісімге қол қойылғаннан кейін отыз үнтізбелік күн ішінде, Келісімнің ресми сайттарда орналастырылған толық мәтініне ақпараттық сілтеме жасай отырып, облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінде жариялануға жатады (әкімдік).
7.4. Осы Келісімнің орындалуын бақылауды тараптар жүзеге асырады.
Келісім жағдайларының орындалу қорытындыларын, Тараптар күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін, қалалық үш жақты әлеуметтік әріптестік және еңбек пен элеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) отырысында қарайды (тараптар).
7.5. Тараптар комиссия құрамына өкілдерді енгізеді, өзгертулер мен толықтырулар енгізеді және Келісімді жүзеге асыру бойынша жұмысты атқарады.
7.6. Комиссиялар бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс атқарады және жарты жылда 1 рет өз отырыстарын өткізеді.
7.7. Келісімнің қолданылуы кезінде, оған қол қойған жүмыс берушілер бірлестіктері, экономиканы тұрақтандыру, өндірістің құлдырауына жол бермеу, істеп тұрған жүмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады (жұмыс берушілер).
7.8. Тараптар осы Келісімді орындау барысында Жұмыс берушілерден ақпараттар (есептер) беру туралы талаптар қоймауға келісімге келді.
7.9. Келісімнің әрекет ету кезеңінде қаланың кәсіподақтары оның жүйелі тәжірибелі жүзеге асуының шартында Келісімге енгізілген мәселелер бойынша наразылық акциясын өткізбейді (кәсіподақтар).
7.10. Келісім тараптардың қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді, жаңа Келісім жасалғанға дейін әрекет етеді және қажет болған жағдайда мерзімі ұзартылады. Іске асыру үрдісінде туындаған барлық өзгерістер, толықтырулар Тараптар өзара қол жеткізген жағдайда ғана енгізіледі.
Өскемен қаласының
әкімі Ж. Омар
"Аманат" Қазақстанның Кәсіподақтар
Ынтымақтастығы" РКҚ
аумақтық кәсіподақтар бірлестігі
- ШҚО филиалының төрағасы М. Айзенберг
Шығыс Қазақстан облысының
кәсіпкерлік жұмысшылары
кәсіподағының төрағасы Г. Казанцева
Білім беру қызметкерлер
кәсіподағының Өскемен
қалалық ұйымының төрағасы А. Кузнецов
Шығыс Қазақстан облысының
кәсіпкерлер палатасының директоры И. Шацкий
Достарыңызбен бөлісу: |