I. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы» ММ-сі (010000 Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 14, телефондары: 8(7172) 71-25-32, кабинет №525, электронды мекенжайы: 7172892@prokuror.kz) прокуратура органдары жүйесінің мемлекеттік қызметкерлері арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты) бос лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.
Функционалдық міндеттері: Ақпараттық қауіпсіздіктің, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі қазіргі заманғы технологиялар нарығының талаптарына құрылатын жүйелердің сәйкестігін талдау, ақпараттық ресурстар қауіпсіздігін мониторингілеу. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы мәселелердің шешілуін ұйымдастыру, өз құзыреті шегінде ақпараттық ресурстарды қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын үйлестіру жөнінде түсіндірмелер беру және Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар).
Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы курстардан өту туралы сертификаттардың болғаны жөн.
II. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, анықтама үшін телефон (7172) 75-46-26 немесе 75-46-30, e-mail: a.inkarbekova@mid.gov.kz бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға бір мемлекетітк органның мемлекеттік қызметшілеріне арналған ішкі конкурс жариялайды:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Концессия басқармасының басшысы (С-3 санаты) - 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Басқарманың қызметіне жалпы басшылық ету және үйлестіру; концессиялық ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, конкурстық құжаттамаларды (соның ішінде ТЭН, концессия шартының жобасы) әзірлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген концессиялық ұсыныстар мен конкурстық құжаттамалардың қажетті сараптамалары мен келісулерін алуға қатысу; инвесторлардың, соның ішінде халықаралық роуд-шоуларды, конференцияларды өткізу жолымен ықтимал концессионерлерді тартуды ұйымдастыруға қатысу; конкурсты ұйымдастыруға қатысу; ықтимал концессионерлермен (конкурсқа қатысушылармен) конкурс талаптарын түсіндіру, соның ішінде жазбаша сауалдарға түсініктемелер беру бойынша кездесулер, келіссөздер ұйымдастыруға қатысу; келіссөздер рәсіміне және концессия шарты жобасының түпкілікті нұсқаларын құруға, сондай-ақ, қажетті келісулерді алуға қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге қажеттілігіне қарай заңды тұлғаларды тартуға қатысу; іске асырылатын концессиялық жобалар бойынша анықтамалық материалдарды және өзге қажетті құжаттамаларды дайындауға қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге қызметтерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар мен технологиялар (көлік құрылысы, құрылыс, көлік, көлік техникасы және технологиялары, ақпараттық жүйелер, геодезия және картография, машина жасау, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, техникалық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг) немесе құқық немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі).
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Қаржыландыру, бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты) - 1 бірлік, негізгі қызметкердің 2020 жылғы 4 қыркүйекке дейінгі бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне).
Функционалды міндеттері: Сертификаттарды тексеру және келісу; аралық төлемдік сертификаттарды дайындау бойынша қаржылық тексерулерді жүзеге асыру (орындалған жұмыстардың актілері), займдық қаражатты шешуге өтінімдерді, бірлесіп қаржыландыруға өтінімдерді алуға дайындау; бірлесіп қаржыландыру және сыртқы займдар есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарының жобасын дайындау; бірлесіп қаржыландыру мен сыртқы займдарды төлеу және тіркеу құжаттарын дайындау; бірлесіп қаржыландыру және сыртқы займдарды тарту есебінен қаржыландырылатын жобалардың іске асырылуына бақылау жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар мен технологиялар (көлік құрылысы, құрылыс, көлік, көлік техникасы және технологиялары, ақпараттық жүйелер, геодезия және картография, машина жасау, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, техникалық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика) немесе құқық немесе білім (шетел тілі: екі шетел тілі).
III. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті, кабанбай батыра 32/1, пошта мекенжайы: кабанбай батыра 32/1, анықтама телефоны: 87172-75-47-90, факс: 87172-75-47-90, e-mail: g.usenova@mid.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті ұшу жарамдылығы басқармасының бас сарапшы – аға мемлекеттік авиация инспекторы, C-4 (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Азаматтық авиация ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаға сәйкес іс-шараларға қатысу, азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдармен, авиация техникасын шығарушылармен, әзірлеушілермен, авиация техникасын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі азаматтық авиация объектілерін сертификаттау және авиация техникасын пайдалану мәселелері бойынша шет ел мемлекеттерінің авиация әкімшіліктерімен өзара қарым-қатынас; авиациялық техника қызметтерінің мерзімдері мен ресурстарын дербес ұзарту және орнату бойынша жұмыстардың жүргізілуін, сондай-ақ әуе кемесінің данасын сертификаттау бойынша бақылауды жүргізу; қызмет барысында пайда болған мұрағат құжаттарын жинақтау, сақтау, есептеу және пайдалану бойынша жұмыстарды іске асыру;ұшу жарамдылығын ұстауың орнатылған саласына жататын мәселелер бойынша ішкі пайдалану үшін дерекқорды қалыптастыру және жүргізу;орнында уақытша болмаған қызметкерлердің функцияларын орындау, азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, инспекторлық ұйғарымдарды беру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (авиациялық техника және технологиялары, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану) (бұрын ұшу апараттарын техникалық пайдалану), ғарыштық техникалар және технологиялар)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті «Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы бойынша өңіраралық авиациялық қауіпсіздік инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас маман – ұшу жарамдылығы жөніндегі аға мемлекеттік авиация инспекторы, C-O-5 (1 бірлік)
Функционалдық міндеттері: Функционалдық міндеттері Әуе кемелерін инспекциялау және сертификаттау жүргізу; Әуе кемесінің ұшу жарамдылығына сертификаттар, жергілікті жерде шуыл бойынша азаматтық әуе кемесінің жарамдылығы туралы куәлік, радиостанцияны пайдалануға лизензиялар әуе кемесінің данасына куәлік және өзге құжаттарды даярлау және беру комиссиясына қатысу, олар бойынша дерекқор қалыптастыру; мәліметтерді жинақтау және әуе кемелерінің сенімділігін талдау; ұшу жарамдылығын күтіп ұстау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; авиациялық техника, ақпарттық бюллетеньдер сенімділігі бойынша талдау жасау, профилактикалық іс-шараларды әзірлеу, сертификаттық және инспекциялық комиссияларға қатысу, Әуе кемесінің ұшу жарамдылығын күтіп ұстау бойынша сектордың уақытша жоқ қызметкерлердің функцияларын орындау, әуе кемесінің ұшу жарамдылығы бойынша дерекқор базасын (файлдарын) және ҚР азаматтық авиация ұйымдарының ұшу жарамдылығы бойынша пайдалану құжаттамасын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: авиациялық техника мен технологиялар, ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
IV. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитет, 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы 11, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 70-98-50, b.zhalgasbaeva@kgd.gov.kz
1. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, С-О-2 санаты, барлығы 1 бірлік .
Функционалдық міндеттері: Департаменттің жетекшілік ететін бөлімшелері бойынша жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау; кеден заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру; Департаменттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, тауарлардың кедендік құнын және шығарылған елін анықтаудың дұрыстығына бақылау жүргізу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік әкімшілендіруді, кедендік бақылауды жүзеге асыру; лицензиялау және жеке кедендік режимдер мен тарифтік емес реттеу шаралары шеңберінде қызметтерді ұсыну саласындағы талаптарды сақтау; Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік режимдерді, алдын ала операциялардың бақылауын, радиациялық бақылауды пайдалану; азаматтардың, оның ішінде Департаменттің лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауын ұйымдастыру, құзыреті шегінде сот актілерін, прокурорлардың жазбаша тапсырмаларын орындау, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жеке іс жүргізу әрекеттерін жүргізуде оларға көмек көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар.Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттарының болғаны жөн.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Салық және кеден заңнамаларын білген жөн. Басқа да міндетті білімдер.
2. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, С-О-2 санаты, барлығы 1 бірлік .
Функционалдық міндеттері:
Департаменттің жетекшілік ететін бөлімшелері бойынша жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау; кеден және салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша салық заңнамасының және салықтық емес түсімдердің түсімін көздейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және салықтық емес төлемдердің бюджетке түсуін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының аударылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, салық органында салықтық есепте тұрған салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды және белгіленген тәртіпте салық төлеушілердің мониторингін жүзеге асыру, конкурстық өндіріс жүргізуді, оңалту, сырттай байқау рәсімдерін жүргізу, жалған және алдын ала ойластырылған банкроттық белгілерін анықтау жөнінде жұмысты қамтамасыз ету, құқықтық сараптама жұмыстарын ұйымдастыру және салық комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық актілерді әзірлеуіне, салық органдары мен салық төлеушілер арасында туындайтын дау материалдары бойынша құқықтық қорытынды дайындауын бақылау; мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сай мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытылығын бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте, салықтық және жоспардан тыс тексерулерді бақылау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте, бюджетке төленетін мәндетті төлемдер мен артық өндірілген немесе артық (қате) төленген салық сомаларын қайтаруды (есепке алуды) қамтамасыз ету; салық міндеттемелердің пайда болуына, орындалуы мен тоқтауына байланысты мәселелер жөнінде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру; Өндірісті, этил спирті мен алкоголь, темекі өнімінің айналымын, мұнай өнімдері мен биоотынның жеке түрлерінің айналымын мемлекеттік реттеу; оңалту мен бакроттық саласында мемлекеттік реттеу және бақылау (банкттер, сақтандыру ұймдары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан басқа) және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар.Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттарының болғаны жөн.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен анықталған, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін бағдарламалық тестілеуде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты старегиясын білу. Салық және кеден заңнамаларын білген жөн. Басқа да міндетті білімдер
V. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, Қаржы министрлігінің үйі, анықтамалар үшін телефон (7172) 71-71-80, 71-78-46, телефон-факс 71-71-83, электрондық мекенжай - g.usenkulova@minfin.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің мемлекеттік қызметшілері арасында ІШКІ КОНКУРС жариялайды:
1. Республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1-бірлік).
Функционалдық міндеттері:
Брокерлердің қызметтерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу. Брокерлердің қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды сараптау. Брокерлердің қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Брокерлердің есептерін сараптау. Брокерлерге міндеттер қалыптастыру. Республикалық меншікті және жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған, түскен мүлікті жекешелендіру жөніндегі сауда-саттықтарды ұйымдастыру және өткізу.
Сатып алу-сату шарттарын сараптау. Сатып алу-сату шарттары бойынша ақшалай қаражаттың түсуін бақылау.
Сатылған объектілердің сатып алушылардың меншігіне берілуін бақылау. Сатып алу-сату шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылау.
Республикалық меншікті жекешелендіру және жекешелендіруден кейінгі бақылау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар қалыптастыру.
Мемлекеттік органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ заңды, жеке және өзге де мүдделі тұлғалардың өтініштерін қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе аймақтану) немесе құқық саласында (құқықтану) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысу, талдамалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
VI. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, 010000, Астана қаласы, А. Мамбетов көшесі, 32 үй, анықтама үшін телефондары: 8(7172) 39-04-90, e-mail: a.tuyakova@mid.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің заң басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Басқарма қызметіне жалпы басшылық ету. Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер, бұйрықтар, қорытындылар жобаларын қарау. Басқа министрліктер мен ведомстволар ұсынған нормативтік құқықтық актілер жобаларына қорытынды дайындау. Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және фискалдық органдардың сұрауларын қарау. Комитет қызметінің құқықтық мәселерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Комитет мүддесін белгіленген тәртіппен білдіру. Министрлік және Комитет басшылығының тапсырмасы бойынша әзірленетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері жобаларын дайындауға және әзірлеуге қатысу. Комитет пен оның аумақтық бөлімшелері туралы ережені әзірлеу. Нормативтік құқықтық сипаттағы құжаттарға құқықтық сараптаманы жүзеге асыру. Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (құқықтану немесе заңтану, немесе халыаралық құқық).
VII. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, анықтама үшін телефон: 75-45-30, электрондық адрес: konkurs.kirpb@mid.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. Қаржы және әкімшілік жұмыс басқармасының бас сарапшысы С-4 санаты, 1 бірлік, № 23-6-7.
Функционалды міндеттері: Мемлекеттік мүлік және акционерлік қоғамдар туралы заңнамаға сәйкес қызметін жүзеге асыру; Мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер және акционерлік қоғамдардың қызметін үйлестіру; Акционерлік қоғамдардың, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау бойынша есептерді қарау, келісу және Комитет басшылығының бекітуіне енгізу; ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың мемлекеттік активтерін тиімді басқару және Комитеттің қарауындағы республикалық мүлікті мақсатты және тиімді пайдалану саясатын іске асыруды қамтамасыз ету; ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын талдау; ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылтай құжаттарын дайындау; «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңдарына сәйкес ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, банкротқа ұшырауының алдын алу, жою мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға әдістемелік көмек көрсету; жеке және заңды тұлғалардың Басқарма құзыретін мәселелер бойынша хаттарын қарау; мемлекеттік органдармен және басқа да заңды және жеке тұлғалармен Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат алмасуды жүзеге асыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, есеп және аудит, экономика).
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мониторингі басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 23-11-4.
Функционалды міндеттері: Өз құзыреті шегінде бағдарламаларды (мемлекеттік, салалық, стратегиялық жоспарларды) іске асыру көрсеткіштерін талдау, іске асыру тетіктерінің тиімділігін бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Комитет жетекшілік ететін салалар бойынша статистикалық және өзге де деректерді жинау және талдау; тиісті ақпарат пен Комитеттің және Министрліктің шығыс құжаттарын дайындау мақсатында Комитет басшылығының тапсырмаларына сәйкес жетекшілік ететін бағыттар бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету; Комитет жетекшілік ететін салалардың талдамалық қорытындылары мен шолуларын жасау; Басқарма құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Басқарма жетекшілік ететін бағыттар бойынша іс-шаралар жоспарларын орындау жөнінде ақпарат жинау және жиынтық материалдар дайындау; бекітілген іс номенклатурасына сәйкес Басқарма құжаттарын уақытылы мұрағатқа өткізу (тапсыру) жұмысын ұйымдастыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (биотехнология (сала бойынша), автоматтандыру және басқару, математикалық және компьютерлік модельдеу, ақпараттық жүйелер, металлургия, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, техникалық машиналар және жабдықтар (сала бойынша), қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент,мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), құқық (құқықтану), жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, физика, химия).
VIII. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-36-86, e-mail: b.almatova@mz.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1. Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы (1 бірлік), С-О-1 санаты, № 18-21-1
Достарыңызбен бөлісу: |