Функционалдық міндеттері: Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына жалпы басшылық ету, үйлестіру, жоспарлау және тиімді өзара іс-қимыл жасасу. Қоғамдық денсаулық сақтау саласында, медициналық қызметтердің көрсетілуін бақылау, қаланың/облыстардың аумақтарында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджеттің орындалуы, мемлекеттік мүлікті басқару, әкімшілік қамтамасыз ету, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты жүргізу, басқарудың автоматтандырылған жүйесі, мемлекеттік тілді дамыту мәселелері жөніндегі іс-шараларды үйлестіру. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және медицина қызметі саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік көрсетілетін, оның ішінде тиісті облыста электрондық түрде көрсетілетін қызметтер мәселелері.
Департаменттің қызметі мәселелері бойынша қызметкерлерге әдіснамалық көмек көрсету, қызметкерлерді көтермелеу және оларға тәртіптік жазалар қолдану, сондай-ақ оларды ауыстыру туралы шешімдер қабылдау. Департаментті білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Кәсіптік білімдері мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және оларды дамыту. Атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауын, құжаттамаларды басқару жұмысын сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын орындауын қамтамасыз ету. Тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалар қолдану. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандығы бойынша жоғары білім (жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
IX. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, анықтама үшін телефоны: 8(7172) 98-36-02, 98-36-01 электронды адрес: k.urmantaev@mid.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға мемлекеттік органның қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Мемлекеттік сатып алу және ұйымдастыру-бақылау жұмысы басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік) (уақытша, негізгі қызметкер бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне13.06.2018).
Функционалды міндеттері: Комитет қызметкерлерімен: «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының; бағдарламалық және стратегиялық құжаттардың тармақтарының, басшылықтың хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысын бақылауды ұйымдастыру. Бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды жинақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Комитеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шараларды орындауды үйлестіру. Басқарманың міндеттеріне кіретін басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар, көліктік құрылыс) немесе қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк көзғаласы мен тасымалдауды ұйымдастыру) немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық, кеден ісі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, саясаттану) немесе
X. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 5 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-34-50; zh.mukataeva@mz.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1. Фармация комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы – Маңғыстау облысының бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы (1 бірлік), С-О-1 санаты, 16-14-1;
Функционалдық міндеттері: Департамент жұмысын басқару, үйлестіру, іске асыру, жоспарлау; сәйкес облыста дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, фармацевтикалық инспекция саласында, фармацевтикалық қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; жалған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы іске асыруды болдырмау шараларын жүзеге асыру; бағаларға мониторинг жүргізу мен бағаны қалыптастыру шараларын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауды дамыту 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру; Ұлттық дәрілік саясатты іске асыру; GXP стандарттарын енгізуді ұйымдастыру; Департамент қызметі бойынша сұрақтары бар қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету; қызметкерлерге мадақтау және тәртіптік жаза тағайындау шешімдерін қабылдау, сонымен қатар олардың орындарын ауыстыру; Департаментті білікті мамандармен қамтамасыз ету; олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалану және одан әрі жетілдіру; орындаушылық және еңбек тәртіптерін, құжаттарды басқару жұмысының сапасын сақтауды қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы орындалуын қамтамасыз ету; тәртіптік, аттестациялық, конкурстық және өзге де комиссия шешімдерін қабылдау; жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын құзыреттілік шеңберінде қарау және тиісті шараларды қолдану. әкімшілік құқықбұзушылық істерін қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза тағайындау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қаматамасыз ету (фармация) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
2. Фармация комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Жамбыл облысының бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының орынбасары (1 бірлік), С-О-2 санаты, 16-9-2;
Функционалдық міндеттері: Департамент жұмысын басқару, үйлестіру, іске асыру, жоспарлау; сәйкес облыста дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, фармацевтикалық инспекция саласында, фармацевтикалық қызмет бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; жалған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы іске асыруды болдырмау шараларын жүзеге асыру; бағаларға мониторинг жүргізу мен бағаны қалыптастыру шараларын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауды дамыту 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру; Ұлттық дәрілік саясатты іске асыру; GXP стандарттарын енгізуді ұйымдастыру; Департамент қызметі бойынша сұрақтары бар қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету; қызметкерлерге мадақтау және тәртіптік жаза тағайындау шешімдерін қабылдау, сонымен қатар олардың орындарын ауыстыру; Департаментті білікті мамандармен қамтамасыз ету; олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалану және одан әрі жетілдіру; орындаушылық және еңбек тәртіптерін, құжаттарды басқару жұмысының сапасын сақтауды қамтамасыз ету; Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы орындалуын қамтамасыз ету; тәртіптік, аттестациялық, конкурстық және өзге де комиссия шешімдерін қабылдау; жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын құзыреттілік шеңберінде қарау және тиісті шараларды қолдану. әкімшілік құқықбұзушылық істерін қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза тағайындау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қаматамасыз ету (фармация) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
XI. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, Астана қаласы, Есіл ауданы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел көшесі, 8 үй, 14 кіреберіс, пошта мекенжайы: стана қаласы, Есіл ауданы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел көшесі, 8 үй, 14 кіреберіс, анықтама телефоны: 74 13 88, факс: 74 13 88, e-mail: e.saparkhanuly@mic.gov.kz
1. Телекоммуникациялар комитетінің Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы, (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 30.07.2019 ж.) С-4 санаты, 1 бірлік
Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасының заңдары талаптарының сақталуы тұрғысынан ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруына қатысады. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыруына қатысады. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарын, республикалық маңызы бар қалаларды, астананы Интернет-ресурстарына мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды бақылау үйлестіру іске асырады. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекітеді. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекiтеді. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу. Ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттар мен ақпараттар жобаларын әзірлейді. Басқарма құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіреді. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша министрліктермен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттеседі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және Комитет қызметшілерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын болдырмау бойынша шаралар қолданады. Функционалдық міндеттемелерді орындау кезінде гендерлік кемсітушілікке жол бермейді. Министрлік пен Комитеттің регламентін, құжаттарды басқару және құжаттандыру қағидаларын сақтайды. Министрлік басшылығына халықаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындайды. Үкіметаралық және ведомствоаралық комиссияларға, арнайы жұмысшылардың топтарына қатысады. Басқарманың құзыреті шегінде бюджеттік тапсырысты, мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу жұмысына қатысады. Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты жүргізеді. Басқарманың құзыреті бойынша Стратегиялық және операциондық жоспары іс шараларының мақсатты индикаторларына, нәтиже көрсеткіштеріне, сапалы және уақытылы орындалу бойынша жұмыстарды жүргізеді. Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша Заң департаментіне сотқа арыз түсіру қажеттілігі бойынша хабарламаны уақытылы жолдайды. Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді, табылу кезінде оларды сәйкеске келтіреді. Министрліктің басшылығына құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қарастыру, әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Комитет және Министрліктің басшылығының тапсырмалар бойынша басқа да міндеттерді жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімше туралы ережеге сәйкес Басқарманың кіретін сұрақтар бойынша басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе әлеуметтік ғылымдар және бизнес, немесе құқық, немесе білім, жаратылыстану ғылымдары. «Ақпараттандыру туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.
2. Телекоммуникациялар комитетінің Байланыс саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік
Функционалды міндеттері: Өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; радиобақылауды жүзеге асыру және қызметін байланыс саласында жүзеге асыратын жеке мен заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдалану және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтерді ұсынуды жүзеге асыратын субъектілердің біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтау тексерулерін өткізу; Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету бойынша кіреді; радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану құқығына рұқсат етулер болмаған және (немесе) техникалық сипаттамаларының белгіленген нормаларға сәйкессіздігі жағдайында оларды ажырату; Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу; байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру санының және барумен бақылау мен қадағалаудың басқа нысандарының, сондай-ақ тексеру парақтарға сәйкес айқындалған бұзушылықтардың және оларға қабылданған әкімшілік ықпал ету шараларының ведомстволық есебін жүргізу және оларды ресми интернет-ресурсында орналастыру; Байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құру; өз құзыреті шегінде байланыс туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша сот органдарына талаптарды дайындау; Комитеттің талап ету арыздарын, сондай-ақ, сот процестеріне материалдар (талап ету арызын кері қайтарып алу, шағым және қадағалау арыздарына қарсылығын, өтінішхаттарын және т.б.) дайындау; Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің есептеріне талдау және бақылау жүргізеді, олар бойынша тиісті шараларды қабылдау үшін қорытындыларды дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық. Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.
3. Телекоммуникациялар комитетінің Телекоммуникациялар саласындағы рұқсат құжаттар басқармасының бас сарапшысы, (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 19.07.2018 ж.) С-4 санаты, 1 бірлік
Функционалды міндеттері: Өз құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының нысаналы индикаторларына, нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша іс-шаралар жоспарын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмыстар жүргізу. Байланыс саласында қызмет көрсетуге лицензия беру бойынша және нөмірлеу ресурсын бөлу тәртібін анықтау бойынша құжаттарды әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желісінде нөмірді тасымалдауды дамыту бойынша жұмысты жүргізу. Қазақстан Республикасының РЖС пайдалануға рұқсат беру және өтініштерді қарастыру бойынша келесі байланыс түрлері бойынша жұмыстар жүргізу: ҚТ-байланысы, телевизия, радиохабартарату, цифрлық телевизия. Басқарма құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша ақпаратты және хаттар жобасын әзірлеу. Байланыс саласындағы РЖС мәселелері бойынша аумақтық органдарымен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен, өзара әрекет ету. РЖС бөлу саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. РЖС тиімді пайдалану бойынша қамтамасыз ету жұмыстар жүргізу және ұсыныстар енгізу. Радиожиілік спектрі мәселелі бойынша Комитеттің аумақтық органдарының қызметін ұйымдастыру. Өз қызметінің қажет есептілігін дайындау. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де қызметтерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық.
Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидалары» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.
4. Телекоммуникациялар комитетінің Телекоммуникациялар саласындағы жобаларды дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік
Функционалды міндеттері: Байланыс жобаларын дамыту мәселелері бойынша есептер, анықтамалар, хаттар және басқа да құжаттар дайындау. Байланыс саласындағы мәселелер бойынша БАД-пен (Байланыс саласындағы өңірлік достастық) және ХЭО-мен (Халықаралық Электр байланыс одағы) өзара іс-қимыл ету. БАД-қа, ХЭО-ға және басқа халықаралық ұйымдарға жіберілетін құжаттарды қарастыру және ұсыныс беру. Дайындалатын құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асыру. Мемлекетттк органдарды, аймақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстыоргандардың IP VPN байланыс қызметтін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдармен қарым қатынаста болу. Мемлекетттк органдарды, аймақтық бөлімшелері және ведомстволық бағыныстыоргандардың бйнеконференцбайланыс, тікелей-трансляция қызметтін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдармен қарым қатынаста қамтамасыз ету жұмыс үйлестіруді. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық, немесе білім беру, немесе жаратылыстану ғылымдары.
XII. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, анықтама үшін телефондар:74-23-62 e-mail: sup-mon@mail.ru Министрліктің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1. Министрліктің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 1 бірлік
Функционалдық міндеттері: Департамент мамандарының жұмыстарын үйлестіру; Министрлік қызметінде және оның құрылымдық бөлімшелерінде заңдылықты ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысу; Министрліктің мүліктік және өзге заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғау; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері дайындаған құқықтық актілерді зерделеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде министрліктің құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету және олардың уақытында жариялануына бақылау жасау; құқықтық актілерді мониторингтеу және талдау, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеуді жүргізу, олардың зерделеуіне құқықтық актілерді жолдау және Сараптамалық және қоғамдық кеңес отырысына материалдарды дайындау, Заң жобалау қызметі жөніндегі Үкіметтің, ведомствоаралық комиссия отырысына материалдарды дайындау бойынша басшылықты жүзеге асыру; басқа да органдар мен ұйымдардың нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысу; халықаралық ынтымақтастық, жастар саясаты, қаржылық құқық және бюджет заңнамасы мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету; білім және ғылым жүйесінде жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру және Министрлік қызметкерлерін жалпыға бірдей құқықтық оқытуды өткізуге қатысу; құқық қолдану практикасын және білім және ғылым саласында құқықтық база жағдайын талдау; заңнаманы жүйелендіру және кодтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; басқармалардағы іс жүргізуді ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |