Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс



жүктеу 0,63 Mb.
бет4/4
Дата22.05.2018
өлшемі0,63 Mb.
#15652
түріКонкурс
1   2   3   4

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Жаратылыстану ғылымдары» немесе «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

2. Министрліктің Бірінші басшының қызметін қамтамасыз ету қызметі Бірінші басшының кеңесшісі, С-3 санаты, 1 бірлік



Функционалдық міндеттері: Министрлікте іске асырылатын жоспарлы іс-шаралардың және бағдарламалардың орындалу барысын үйлестіру және бақылау; бірінші басшы үшін талдамалық материалдарды жалпылауға және дайындауға қатысу; Министрліктің білім беру, ғылыми ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелері қызметін ұйымдастыру жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау; бірінші басшының мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру; құзыреті және функционалдық міндеттері шегінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

3. Министрліктің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әдістемесі мен мазмұны басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік



Функционалдық міндеттері: Жалпы ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және мынадй мәселелер бойынша Басқарманың қызметін үйлестіру: Еуропа Кеңесі, Болон процесінің Хатшылығы өткізетін іс-шараларға және Болон параметрлерін іске асыру жөніндегі басқа да іс-шараларға Қазақстанның қатысуы бойынша жұмысты ұйымдастыру; Болон процесінің параметрлеріне сәйкес жоғары білім берудің еуропалық аймағына ықпалдасуды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүзеге асыру; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру; кәсіптік стандарттар негізінде студенттерде кәсіпкерлік дағдылардың қалыптасуын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді үйлестіру; оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізуді басқару және үйлестіру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту. Басқару мәселелері бойынша ақпараттарды, есептерді, анықтамаларды дайындау, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерінің қаралуын бақылауды жүзеге асыру. ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің Жарғыларын, жоғары тұрған органдардың шешімдерін, министрліктердің бұйрықтарын орындау.

Өз құзыреті шеңберінде министрліктердің құрылымдық бөлімшелермен, сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Жаратылыстану ғылымдар» немесе «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Құқық» немесе «Əлеуметтік ғылымдар экономика жəне бизнес» мамандықтар тобы бойынша жоғары білім. Мүмкіндігінше ғылыми дәрежесінің болуы.

4. Министрліктің Персоналды басқару қызметінің (басқарма құқығында) бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік



Функционалдық міндеттері: Кадрлық іс жүргізуді жүргізу; Министрліктің тәртіптік комиссиясы жұмысын ұйымдастыру; қызметтік тексеріс жүргізу жөніндегі комиссия құрамы бойынша бұйрықты дайындау; тәртіптік комиссия отырысына материалдар жинақтау және хаттама ресімдеу; тәртіптік жазалау және алып тастау бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындау; жұмыс өтілін анықтау комиссиясының хаттамаларын ресімдеу; Министрлік қызметкерлерінің еңбекке жарамсыздық парағын есепке алу және мониторинг жүргізу; Министрлік қызметкерлеріне еңбек демалысын беру кестесін құру; Министрлікте еңбек демалыстарының уақытында берілуін бақылау; Министрлік қызметкерлері үшін демалыстар беру жөніндегі бұйрықтар, анықтамалар дайындау; демалыстар беру жөніндегі бұйрықтарды тіркеу журналдарын жүргізу және анықтамалар беру; Министрлік кадрларының кәсіптік дамуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу; құзыреті және функционалдық міндеттері шегінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Құқық» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономикалық және бизнес» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім.

5. Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің Статистика және жинақтық талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік



Функционалдық міндеттері: Департаменттің, Басқарманың жұмыс жоспарларында белгіленген тапсырмалардың, сондай-ақ Департамент, Басқарма басшылығы тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету; Басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша Министрліктің, Департаменттің, Басқарманың іс-шаралар жоспарларының уақытылы орындалуына есеп жүргізу; білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызметтер тізілімін қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау; білім және ғылым саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін келісу және бекіту рәсімдеріне мониторинг жүргізу; Министрліктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау жұмысын үйлестіру; мемлекеттік қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау; «ЭЫДҰ-ның Ересектердің құзыреттілігін халықаралық бағалау зерттеуіне (PIAAC) қатысу» жобасы бойынша есептерді зерттеу, ұсынымдар әзірлеу; өз құзыреті шеңберінде білім беруді дамыту мәселесіне арналған семинар-кеңестерді, конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шеңберінде Департамент пен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, аумақтық білім және ғылым және өзге де мемлекеттік басқару органдарымен, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; еңбек тәртібін және мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтау; жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттырып отыру; Министрлікте қабылданған ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» немесе «Жаратылыстану ғылымдары» немесе «Құқық» мамандықтарының топтары бойынша жоғары білім

6. Министрліктің Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық технологиялар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік



Функционалдық міндеттері: Жобалар бойынша нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және жетілдіру. Ақпараттандыру саласындағы білім берудегі әдістемелік материалдар мен ұсынымдарды әзірлеуге, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу; Өзі жетекшілік ететін жобалар бойынша техникалық ерекшеліктер жасауға және сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарды қабылдауды жүзеге асыру. Ақпараттық жүйелер мен ресурстарды пайдалануға қабылдау жөніндегі іс-шараларға қатысу. Басқарма құзыреті аясындағы ақпараттандыру саласындағы нормативтік және құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру. Министрліктің ақпарттық жүйелері мен деректер қорын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде Министрліктің интернет-ресурстарының жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру. Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Басқарма құзыретіне кіретін басқа да міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» немесе «Білім» топтары бойынша жоғары білім.
XIII. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы көшесі, 19 А, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 78-69-18, электрондық мекен-жай: m.shaikhanova@energo.gov.kz, «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы жариялайды.

1. Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты, 1 бірлік, № 18-0-2.



Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шеңберінде қоршаған ортаны қалпына келтіруге және сақтауға бағытталған жобалардың іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асыру және саясатты анықтау; өз құзыреті шеңберінде аумақтың экологиялық ахуалын бағалау критерийін әзірлеуге қатысу; Ақпараттық технологиялар департаментімен бірге экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді ұйымдастыру; Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы дайындауды ұйымдастыру; өз құзыреті шеңберінде қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ Ақпараттық технологиялар департаментімен бірге Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін үйлестіруді жүргізу; Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қадағалау желілерін және тізбелерін құруды келісу; Ұлттық экологиялық атластың әзірлеуін және басылымға шығуын ұйымдастыру; метеорологиялық және гидрологиялық мониторингті жүргізу үшін әдістемелік нұсқау құжаттарын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және өз құзыреті шеңберінде қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; стационарлық және көшпелі бақылау пунктерінің қызметін ұйымдастыру, олардың орналасқан жерін анықтау (дислокациялау) және олардың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдау; қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу үшін ақпараттар тізбесін анықтау; өз құзыреті шеңберінде қоршаған орта саласындағы келісімдер, меморандумдар жобаларын әзірлеу; Ақпаратқа кіру, жұртшылықтың шешiмдер қабылдау процесiне қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әдiл сот iсiн жүргiзуге қол жеткізу туралы конвенцияның (Орхус конвенциясы) орындалуын үйлестіру; азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін насихаттау, қамтамасыз ету және экологиялық проблемаларды шешуде қоғамның қатысуын күшейту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету; экологиялық білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде экологиялық ақпаратқа қол жеткізуді заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз ету; Қоғамдық экологиялық кеңес отырыстарын дайындауды және өткізуді ұйымдастыру; қоғамдық тыңдаулардың өту тәртібін және мерзімін бекіту; қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негіздерінің қалыптасуын және дамуын қамтамасыз ету және үйлестіру; өз құзыреті шегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, ауыл шаруашылығы ғылымдары, білім (химия, биология).

2. Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаментінің басшысы, С-О-1 санаты, 1 бірлік.



Функционалдық міндеттері: Департаменттің ағымдағы және перспективалы тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік пен Комитет басшылығының бұйрықтарын, тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету; Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру; Департаменттің әкімшілік-қаржылық, кадрлық және құқықтық жұмыстарын ұйымдастыру; құзыретіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік бақылауды жүргізу жұмыстарын үйлестіру; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: гуманитарлық ғылымдар, білім беру, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауыл шаруашылығы ғылымдары, жаратылыстану ғылымдары.

3. Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары, С-О-2 санаты, 1 бірлік, № 32-23-2.



Функционалдық міндеттері: Өңір бойынша бақылау-қадағалау жұмысын жүргізу жоспарын жүзеге асыру. Электр станциялары, электр және жылу желілері, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдалану қондырғылары энергетикалық жабдығының пайдаланылуына және техникалық жағдайына бақылауды жүзеге асыру. Электр энергетикасы обьектілеріндегі авариялық технологиялық бұзушылықтарды талдау. Электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттардың сақталуына, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығына, электр энергетикасы саласындағы заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Аварияларды, жазатайым оқиғаларды және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының өзге де өрескел бұзушылықтарын жіберген кінәлі жауапты адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұйымдардың меншік иелеріне ұсыныстар енгізу немесе электр энергетикасы саласындағы заңнамаларды бұзуға кінәлі адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тиісті мемлекеттік органдарға материалдар жіберу. Электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және тұтынуды жүзеге асыратын ұйым басшыларының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білуіне біліктілік тексеруді ұйымдастыру. Тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес аумақтық бөлімшенің жұмыс жоспарын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Электр энергетикасы саласындағы талдау материалдарын, шолуларды, анықтамаларды, өңірлер шеңберіндегі электр энергиясын өндіру теңгерімін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар мен технологиялар (электр энергетикасы, жылу энергетикасы).

4. Жер қойнауын пайдалану департаменті Жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштері басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 10-1-6.



Функционалдық міндеттері: Жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарастыру бойынша сараптамалық комиссияның әрекетіне қатысу және дайындау; келісімшарттық міндеттемелерге толықтырулар мен өзгерістерді енгізу бойынша сұрақтарды қарастыру; мемлекеттің жер қойнауын пайдалану құқығына ие, заңды тұлғадағы қатысу үлесін (акция пакеті) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығын мүліктен алу сұрақтары бойынша ведомствоаралық комиссия отырыстарын өткізу; Үкіметтің, Президент Әкімшілігі және мемлекеттік ұйымдардың, жер қойнауын пайдаланушылардың және басқа да жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларымен жұмыс істеу; өз құзіреті шегінде нормативті құқықтық актілер дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит), техникалық ғылымдар және технологиялар, құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

5. Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Электр энергетикасын дамыту және интеграция баскармасының бас сарапшысы (негізгі қызметшінің бала күтімі бойынша демалысы кезінде 2020 жылғы 3 сәуірге дейін), С-4 санаты, 1 бірлік, № 14-3-5.



Функционалдық міндеттері: Министрлік басшыларының бұйрықтарын, өкімдерін, шешімдерін, тапсырмаларын, бекітілген бағдарламалар мен жоспарларды, кіріс корреспонденцияларды және бақылаудағы құжаттарды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президент әкімдігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау; электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету; белгіленген тәртіппен Министрлік, департамент басшылығымен өткізілетін кеңестерге қатысу; Министрліктің басшылығына баяндамалар әзірлеу үшін қажетті анықтамалар және басқа да талдамалы мағұлматтарды әзірлеу; электр энергетикасы саласындағы бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру; ҚР Заң жобаларын және нормативтік құқықтық актілерін, электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу, қарастыру және келісуге қатысу; Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен әрекеттесу; электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын, теңгерімдеуші, көтерме сауда және бөлшек сауда нарықтарын жетілдіру жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу; электр энергетикасы саласында кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін еңбек нарығындағы білікті кадрлар қажеттілігін жоспарлау және болжау; электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген басқа да функцияларды өз кұзыреті шегінде орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, қызмет, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы).

Электр энрегетикасы саласындағы шетелдік және озық отандық тәжірибені білу. Электр энергетикасын дамытудың негізгі проблемалары мен бағдарламаларын білу.

6. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Жиынтық ақпарат басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметшінің бала күтімі бойынша демалысы кезінде 2019 жылғы 1 маусымға дейін), С-4 санаты, 1 бірлік, № 25-3-3.

Функционалдық міндеттері: Басшылықтың тапсырмалары мен құжаттарды уақытылы және сапалы орындау; баяндамалар, талдамалық жазбалар және ақпарат дайындау, бағдарламалық құжаттар бойынша ақпарат әзірлеу, талдамалық жазбалар және ақпарат дайындау, Басқарма құзыреті шегінде, оның ішінде Министрлікке орталық және жергілікті атқарушы органдардан келіп түскен НҚА келісу; Министрлік жетекшілік ететін салада талдау жүргізу, министрліктің алқа отырысын ұйымдастыруға қатысу; құзыреті шегінде семинарлар мен конференцияларға, жиналыстарға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, жобаларды басқару, социология), техникалық ғылымдар мен технологиялар (геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау, тау-кен ісі, мұнай-газ ісі, жылу энергетикасы, электр энергетикасы) құқық (құқықтану).

7. Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграциялық үдерістер департаменті Экологиялық конвенциялар және халықаралық ұйымдар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 26-3-2.



Функционалдық міндеттері: Басшылық тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау; Министрлік өткізетін мемлекетішілік және халықаралық іс-шаралардың хаттамалық-ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; шетелдік делегациялармен және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен келіссөздерді, халықаралық форумдарды ұйымдастыру; Министрлік басшылығына анықтамалық және ақпараттық материалдарын, баяндамаларын дайындау; халықаралық экологиялық конвенцияларға қосылу, ратификациялау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу, Министрлік іске асыратын халықаралық конвенцияларға мониторинг және талдау жүргізу; қоршаған орта саласындағы халықаралық конвенциялар бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; Қазақстанның халықаралық конвенциялар мен өзге келісімдерге қатысу қажеттілігіне талдауды жүзеге асыру; халықаралық ынтымақтастыққа қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу, Министрлік іске асыратын халықаралық конвенцияларға мониторинг және талдау жүргізу; қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы және әзірленіп жатқан жобалар жөнінде байланысты және байланыссыз гранттар бойынша мониторингті жүзеге асыру; халықаралық экологиялық конвенциялар жөнінде ұлттық баяндамаларды дайындау бойынша техникалық ерекшеліктерді дайындау жұмысын жүргізу; байланысты гранттарды ұсыну ережелері бойынша халықаралық жобаларды республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру жөнінде бюджеттік өтініміне ұсыныстарды әзірлеу; жобаларды дайындау және қаржыландыру үшін халықаралық донорлық ұйымдарды тарту тәжірибесіне талдау жүргізу, Министрлік басшылығына анықтамалық және ақпараттық материалдарын, баяндамаларын дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылым, жаратылыстану ғылым, техникалық ғылым және технология, қызмет көрсету.

Функционалдық міндеттемелерін орындау үшін шетел тілдерін білу құпталады.

8. Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасының (азаматтық қорғаныс бойынша) бас сарапшысы (негізгі қызметшінің бала күтімі бойынша демалысы кезінде 2018 жылғы 8 мамырға дейін), С-4 санаты, 1 бірлік, № 29-0-3.

Функционалдық міндеттері: Министрліктің азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және түзетеді; азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша құжаттар (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар және тағы басқалары) әзірлейді; Министрлік қызметкерлерінің азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша дайындығын ұйымдастырады; азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша жаңа құжаттарды, талаптар мен нұсқауларды министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, министрліктің ведомстваларына және оның қарамағындағы ұйымдарына уақтылы жеткізеді; республика ауқымында әртүрлі командалық-штабтық оқулар мен жаттығуларға қатысуға арналған жоспарлайтын құжаттарды дайындаумен айналысады; қорғаныс ғимараттарын және басқа азаматтық қорғаныс объектілері бойынша ақпарат ұсынады; Министрліктің ведомстваларынан және оның қарамағындағы ұйымдарынан мәліметтер жинауды ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының құзіретті органына азаматтық қорғаныс бойынша ақпаратты жеткізуші болып табылады; азаматтық қорғаныс бойынша жоспарларға ведомстволар мен салалық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп ұсыныстарды қалыптастырады; азаматтық қорғаныс бойынша ұсыныстар енгізуге байланысты жұмысты жүзеге асырады; түрлі командалық-штабтық оқулар мен жаттығуларға қатысады; Министрліктің Азаматтық қорғау және Төтенше жағдайлар, Республикалық қызмет штабының және Төтенше жағдайлар бойынша комиссияның жұмысына қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар, гуманитарлық ғылымдар, жаратыластану ғылымдар.

Мемлекеттік құпияны қорғау органдарында жұмыс тәжірибесінің бар болуы лазым. Қазақстан Республикасы қорғаныс, мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру қызметі салаларындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.

9. Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік, № 30-0-2.

Функционалдық міндеттері: Құпия іс қағаздарын жүргізу және ұйымдастыру, оның ішінде, жабық байланыс жүйесі, шифр байланысында құпиялық режимін қатаң қамтамасыз ету және білуі; осы саладағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құпиялық режимін қамтамасыз ету; ақпаратты техникалық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; іс номенклатурасын әзірлеу; құжаттардың орындалу мерзімін бақылау; аяқталған өндіріс істерін қалыптастыру; істерді орталық мұрағатқа тапсыру; рұқсатты ресімдеу; ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын есепке алу; мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: техникалық ғылымдар және технология, әлеуметтік ғылымдар,экономика және бизнес, құқық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру.

Мемлекеттік құпияларды қорғау және құпия іс жүргізу саласында жұмыс тәжірибесінің болуы лазым. Мемлекеттік құпиыларды құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар болуы тиіс.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.



Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.



Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

___________________________________
     
(мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:



________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.
жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау