Ортаңғы «Ер Төстік» тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім саласы
|
Тақырыбы
|
Мақсаты
|
Әдістері
|
«Шығармашылық»
|
Блок тақырыбы
|
Білімділік: Балаларға өрт туралы түсінік беру. Өрт тілсіз жау,өрттен сақтану жолдарын үйрету. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру. Өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтындарын көрсете отырып, осы мамандыққа деген құрмет сезімдерін күшейту.
Дамытушылық: Кенеттен пайда болатын жағдайларда керекті телефон нөмерлерін жатқа айтқызу,тақпақ,көрініс,сурет арқылы ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларға жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, әдепті және байыпты сөйлеуге,ұқыптылыққа,тазалыққа үлкеннің айтқанын тыңдай білуге тәрбиелеу.
|
Әдіс-тәсілі: Шаттық шеңбер, әңгімелеу,түсіндіру,сурет бойынша әңгіме,гуашпен жұмыс,мүсіндеу, жапсыру,сұрақ – жауап,көрініс,сергіту сәті,саусақпен салу, дәстүрлі емес әдістер,қортындылау.
|
Апта тақырыбы
|
Көрнекілігі: : Жұмыс үлгісі.үй макеті ,газдың,өрт сөндіруші машина суреттері, ойын құралдары.Өрт туралы суреттер.
|
Бөлімі: Сурет салу
|
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Өрт-тілсіз жау
|
Қостілділік: Өрт-пожар, сіріңке-спичка,
|
Сөздік жұмыс: Разетка,газ баллон,,газ плитасы,өртену, ,алау,жалын.
|
Құрал-жабдықтар: ақ парақ,целофан,гуашь,субояқ,қылқалам, түсті қағаз қиындылары,желім, ермексаз, сулы шүберек
|
Әрекет кезеңдері:
|
Тәрбиешінің қызметі
|
Балалардың қызметі
|
Ұйымдастырушы
|
Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын.
Ісіміздің әр кезі,
Сәттілікке толсын!
1ші-слайд.Мультимедиялық тақтадан сіріңкенің зияны туралы видеоролик жіберіледі.
|
Бірге қайталап, сәттілік тілейді.
Видеороликті тамашалайды.
|
Ұйымдастырушы- ізденістік
|
Біздің балабақшада «Өрт қауіпсіздігін сақтау» апталығы болып жатыр .Міне осыған орай бізде ерекшке оқу іс- әрекеті.
Балалар өрт тілсіз жау. Біз неге тілсіз жау деп айтамыз,өйткені біз үлкендердің көмегінсіз үйдегі газдың,сіріңкенің,разетканың қасына жақындауға болмайтынын білуіміз керек.
Балалар біз әрқашан өрттен сақтануымыз керек. Егер де байқаусызда өрт шықса не істеу керек? Тақтаға назар аударту. (видеоролик көрсетіледі)
Сөздік жұмыс, қостілділік.
Бүгін сурет салу жұмысында қандай сурет салатындарын түсіндіріп мұқият көрсету.
Сурет бойынша әңгімелеу.
Аулаға шығып Айдос пен Аяна сіріңке жағып ойнады. Кенет, от жинаулы қоқысқа жалғасып жоғары жана бастады. Екеуі қорқып кетті.
Ал осы жалынның суретін салсақ ол үйге қарай жалындамай жай жанып тұрады.
Жұмыстың орындалу ретімен таныстырады.
Қауіпсіздік ережелерін сақтап, тапсырманы орындауды қадағалау.
Қиналған балаға көмек беру, жеке баламен жұмыстар жүргізу.
5ші жұмыстан кейін бояу кепкенше сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.
Өрт шыққан кезде не істеу керек?
Слайд бойынша телефон шалуды айту.
Бой сергіту. Өрт сөндіру машинасы болып видеоролик бойынша қимылдар жасау.
13ші слайд- Өрт сөндіру машинасының дабыл қағып келе жатырғанын көрсетіп, 6шы- жұмысты жалғастыру. (жапсыру жұмысын көрсету)
14ші- слайдта видеороликті тамашалату.
7ші жұмыс (ермексазбен жұмысты көрсетіп, тақтада орындау)
17ші-слайдты көрсету.
8ші- саусақпен жұмыс.
Ойын: Өрт сөндірушілер
Ойынның мақсаты: Ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Балалар өрт туралы тақпақтар айтады.
Өрттен сақтану туралы бекітіп, аяқтайды.
|
Өрт шыққан кезде не істеу керектігі туралы түсінік алады.
Сөздік жұмыс:
Разетка,газ баллон,,газ плитасы,өртену, ,алау.
Қостілділік: Өрт-пожар, сіріңке-спичка,
Жұмыстың орындалу реті:
1 ші : Ақ қағаздағы үйдің жанына гуаштың қызыл,сары,
қызғылтсары түстерін тамызу.
2ші : Гуашь бетіне целофанды жабу.
3ші : Сол қолмен астыңғы жағынан басып отырып,оң қол
саусақтарымен бояуды целофан үстімен жоғары жағып,
от бейнесіне келтіру.
4ші : Төменгі жағынан жоғары қарай көтеріп целофанды
еппен алу.
5ші: Кептіру.
6шы: Өрт сөндіру машинасын қағаз бетіне жапсыру.
7ші: Сары түсті ермексазды ширату арқылы су шашатын шланганы жасап орнатады.
8ші: Саусақты бояуға батырып шлангадан атқылаған су бейнесін салу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |