Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар



жүктеу 3,31 Mb.
бет6/49
Дата15.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#38147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
472 бұйрық-4 тоқсан-10 сынып.

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Қазақстан тарихы

Бөлім:

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы


Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тарихи және мәдени ескерткіштер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.4.1.5 -дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу;

Сабақтың мақсаты

Далалық өркениеттің атақты тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу;

тарихи және мәдени ескерткіштерді олардың типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып топтау




Құндылықтарға баулу

Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасты

ру

Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру

Ой шақыру:

Бейнеролик арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау


Видео Қазақ жеріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер


Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар Қазақ жеріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер


туралы өз жауаптарын ұсынады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



https://www.youtube.com/watch?v=DzbManafr9w

Жаңа білім

Зерттеу сұрақтары:

  • Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер қандай түрлерге бөлінеді?

  • Тарихи-мәдени ескерткіштер дала өркениетінің ерекшелігін қалай сипаттайды?

Оқушыларға Шараф-ад Дин Әли Маздидің «Жеңістер кітабында» жазылған немесе белгілі ғалым М.Е. Массонның Қожа Ахмет Йасауи кесенесі туралы мәліметінен үзінді беріңіз. Оқушыларға «Бұл мәліметтен қандай тың мағлұмат алдыңыздар? Ескерткішке қандай баға берілген? Сан ғасырлық тарихы бар басқада қандай ескерткіштерді білесіздер?» деген сұрақтарға жауап алып, презентация арқылы толықтыруға болады және осы арқылы сабақ тақырыбына шығыңыз.

Массон бұл ескерткіш туралы былай деп жазды: «Жасалған құдіретті кесененің жоспары жағынан да, түпкі ойы жағынан да Орта Азияда ұқсасы жоқ, ол – бірегей. Бірақ оның көк тіреген зәулім тұрпатындағы ислам өнері жасап шығарған дәстүрлі сипаттың арғы жағынан дәуірге үндес пиғылдың сарыны еріксіз сезіледі... Көк тәңірісінің және жер патшасы дара билігінің бірлігін сәулет өнерінде жүзеге асыру идеясы  сасанилік Персияның кезінде-ақ орын алған Византияның неғұрлым айқын ықпалы гүлденіп, Константинопольдің Әулие София ғибадатханасында бай көрініс тапқан....оны мұсылмандардың Айя – Софиясы деп толық негізбен атауға болады»
Оқушыларға тарихи және мәдени ескерткіштер туралы мәлімет беріңіз Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы ҚР Заңы.

Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай түрлерге бөлінеді:


      1) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері;
      2) археология ескерткіштері;
      3) ансамбльдер.
Оқушыларды тақырыптардың және тапсырмалардың біреуін таңдап алуға беріңіз.
Тақырыптар:
  1. Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері қатарында Түркістан, Сығанақ қалаларын, Жошы хан, Алаша хан, Айша Бибі, Қарахан, Бабаджа қатын кесенелерін, Ықылас атындағы Халық музыка аспаптарының мұражайы, Вознесенск соборы, Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі, Жамбыл атындағы облыстық драма театры, Қали Жүніс моншасы, Михаил Архангел соборы, т.б. ұсынуға болады.





  1. Археология ескерткіштері:

Ботай қонысы, Есік, Берел, Шілікті қорғандары, Беғазы-Дәндібай ескерткіштері, Жент, Жанкент, Сауран, Сарайшық қалашығы, т.б.


  1. Ансамбльдер: Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Отырар, Тараз қалалары, Ақыртас сарай кешені, Тамғалы Тас ескерткіштері, Ш.Уәлиханов мемориалдық музей-паркі, Бекет ата мешіт кешені, т.б.

Қазақстан картасына ескерткіштердің орналасқан жерлерін көрсету.

Таңдауға берілетін тапсырмалар:

  1. Теледидар бағдарламасына арнайы репортаж дайындау;

  2. Мектеп оқушыларына арналған тақырыптық журнал шығару;

  3. Шетелдік туристке экскурсия/ жолнұсқа дайындау;

  4. Жарнамалық билборд жасау;

  5. Ескерткіш макеттерін жасау.


Кестені толтыруға беріңіз.




Кілт сөздер

Түсіндірме

Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері

Қарахан кесенесі

Тараз қаласында орналасқан

Археология ескерткіштері







Ансамбльдер







Өз өлкеңдегі тарихи және мәдени ескерткіштер







Қорытынды ой: Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің адамзат үшін маңызы неде?

1.

2.

3.

4.

5.




Оқушыларға тарихи ескерткіштерді қандай түрлерге бөліп қарастыруға болатынын талқылайды;

Оқушылар кескін картада өздеріне берілген ескерткіш орындарын белгілейді. Картаға қарап, ескерткіштердің орналасуын сипаттайды;

Оқушылар кілт сөздерді қолдана отырып,кестені толтырады;

Оқушыларды тақырыптардың және тапсырмалардың біреуін таңдап алады

Қазақстан картасына ескерткіштердің орналасқан жерлерін көрсетеді


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Критерийлер:

  • Мазмұнның толық ашылуы;

  • Ескерткіштің түрін, мақсатын, ерекшеліктерін көрсету;

  • Ескерткіш тарихы туралы мәліметтерді тиімді ұсыну;

  • Ескерткіш маңызын айқындау;

  • Топ оқушылары барлығының үлесінің болуы;

  • Креативтілігі;

  • Уақыт регламентін сақтау.


Дескриптор:

- Археология ескерткіштеріді сипаттайды;

- Қазақстан картасына ескерткіштердің орналасқан жерлерін көрсету;

- Ескерткіштердің орналасуына қарап, әр аймақтың тарихи-мәдени дамуы туралы мәліметтер береді;


жүктеу 3,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау