Жаңа білім
|
Мәтінмен жұмыс
Зерттеу жұмысы
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҒАЛАМДАНУ ҮРДІСТЕРІ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ
Жаһандану дегеніміз — бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол — біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп, дамып келеді. Алысқа бармай-ақ, өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Турциядан әкелген туфли, астыңызда Германия, немесе Америкадан шыққан жеңіл мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары, Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады. Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита.
«Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі.
Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды.»
|
Оқушылар мәтенмен танысып зерттеу жұмысын жүргізеді.
Оқушылар ж-аһандану терминіне сипатама береді
- жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісіне талдау жасайды
-жаңа терминдердің мағынасын ашады;
Оқушылар жаҺандық проблемаларға ға талдай жүргізеді;
-шет елдердің жағдайына сипатама жасайды;
Ақпараттық төңкерістердің маңыздылығына талдау жасайды;
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Дескрипторлар
-Жаһандану терминіне сипатама береді
- жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісіне талдау жасайды
-жаңа терминдердің мағынасын ашады;
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Дескриптор:
- жаҺандық проблемаларға ға талдай жүргізеді;
-шет елдердің жағдайына сипатама жасайды;
Ақпараттық төңкерістердің маңыздылығына талдау жасайды
|
Қазіргі әлемнің ақылсыздықтары туралы карикатуралық иллюстрациялар.
http://cameralabs.org/9016-karikaturnye-illyustratsii-o-bezumstvakh-sovremennogo-mira-khudozhnik-stiv-katts
http://social-vestnik.ru/sovremennoe-obschestvo/p16311
Тұрақты даму принциптері.
https://www.science-education.ru/ru/article/view?id=6406
Тұрақты даму дегеніміз не
http://elementy.ru/nauchno-populyarnaya_biblioteka/431824/Chto_takoe_ustoychivoe_razvitie
|