Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы



Дата20.11.2018
өлшемі63 Kb.
#22199

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің

жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 45-1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасы бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбековке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр Б. Жұмағұлов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

_______________ С. Қаирбекова

«__»___________2011ж.


Бекітілді

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрінің 2011жыл «20» желтоқсандағы

№ 528 бұйрығымен



Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің

жұмыс істеу қағидасы


    1. 1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағида Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің (бұдан әрі – Психологиялық қызмет) жұмысын реттейді.

2. Психологиялық қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, Бала құқықтары туралы конвенция, сондай-ақ осы Қағида шеңберінде жүзеге асырылады.

3. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне, сондай-ақ педагог-психологтар штатының бірлік санына қарай айқындалады.

4. Психологиялық қызметтің құрамына педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілері және ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді.

2. Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық

қызметтің мақсаттары мен міндеттері
5. Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

6. Психологиялық қызметтің міндеттері:

1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;



3) білім алушыларды психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету;

4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылырдың шығармашылық әлеуетін дамыту;

5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың
2

проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

6) білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;

7) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының

қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек

көрсету;


8) білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

3. Психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыты және мазмұны

7. Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.

8.Психодиагностикалық бағыттар:

1) білім алушылардың психикалық дамуын анықтау мақсатында олардың психологиялық диагностикалау;

2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;

3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау;

4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.

9. Консультациялық бағыттар:

1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;


  1. білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;

  2. күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;

  3. тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.

10. Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:

  1. білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;

  2. білім алушылар бейімсіздігінің алдын алу;

3) білім алушылардың бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу;

4) педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу;

5) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің жұмысына ықпал ету.

3

11. Түзету-дамытушылық бағыттар:



1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу;

2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, интеллектуалдық, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;

3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзетуді жоспарлау.

12. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар:

1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың

кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын

проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т. б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу;

2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру;

3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара әрекет нәтижелерінің мониторингін жүргізу.

13. Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде білім алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.

14. Психологиялық қызметтің жұмысын білім беру саласындағы орталық атқарушы орган, ал өңірлік деңгейде аудандық, қалалық, облыстық білім басқармалары үйлестіреді.

15. Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге асырылатын болады.

16. Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен, тәжірибелі психологтар кафедралары және қауымдастықтарымен, білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара әрекетеседі.

17. Психологиялық қызметтің жұмысын бақылауды білім беру ұйымдарының басшысы қамтамасыз етеді.




  1. Педагог-психологтың құқықтары мен міндеттері

18. Педагог-психологтың міндеттері:

1) өз қызметінде осы Қағиданы басшылыққа алау;

2) өзінің кәсіби құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде шешім қабылдау;

3) жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшеліктік психология, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалардың нейропсихологиясы, патопсихологиясы, психосоматика; дефектология, психотерапия, сексология,

4

психогигиеналар негіздері, кәсіби бағдар, кәсіптік тану және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық консультация беру және психопрофилактикалық, әлеуметтік, тәжірибелік және жас ерекшеліктік психологиясын білу;



4) диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтік-профилактикалық жұмыстардың ғылыми-негізделген әдістемелерін қолдану;

5) белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық тренинг байланыс әдістерін, жеке және топтық кәсіптік консультациялар берудің, білім алушылардың қалыпты және ауытқымды дамуының диагностикасы мен түзетудің заманауи әдістерін білу;

6) барлық оқу кезеңінде білім алушының жеке-психологиялық ерекшелектерінің психологиялық диагностикасын жоспарлау;

7) білім алушылардың тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтау және оның алдын алу;

8) білім алушыларға, педагогтерге, ата-аналарға жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсету;

9) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын педагогтерге, білім алушыларға психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асыру;

10) білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алу және оларды уақытылы түзетуді жүзеге асыру;

11) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттыру;

12) тиісті кәсіби даярлығы жоқ адамдардың білім беру ұйымдарында психологиялық диагностика, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізуге жол бермеу;

13) білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

14) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасау;

15) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысу;

16) білім алушының, тәрбиеленушінің дамуындағы ауытқу (ақыл-ой, эмоционалды) деңгейін, сонымен қатар әлеуметтік дамудағы әртүрлі ауытқу түрлерін анықтау және оларға психологиялық-педагогикалық түзетулер енгізу;

17) білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар арасында психологиялық мәдениетті қалыптастыру.

19. Педагог-психологтың құқықтары:

1) білім алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық, консултациялық, ағартушылық-профилиактикалық,

түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысанын және әдісін таңдау;

5

2) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, білім алушылардың, педагогтердің жеке істерімен танысу;



3) түзету және дамытушылық бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдісін жасауды талқылауға қатысу;

4) жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және тәжірибелі психологтар қауымдастықтарымен байланысты қолдау;

5) Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша білім беру органдарына ұсыныспен шығу;

6) пәндік кафедралардың және медико-психолого-педагогикалық консилиумның Педагогикалық және методикалық кеңестерінің жұмысына қатысу;

20. Білім беру ұйымдарының педагог-психологының «Психология және

педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімі немесе «Тәжірибелік психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудың арнайы факультетінде алынған қосымша білімімен, жоғары медициналық, педагогикалық білімдерінің, «Психология» қосымша мамандығымен жоғары педагогикалық білімі болу керек.

21. Лауазымдық жалақы, еңбек демалысының ұзақтығы, тарификацияланған педагогикалық жүктеме «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын және педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 шілдедегі №77 қаулысына сәйкес белгіленеді.
5. Педагог-психологтың жауапкершілігі
22. Педагог-психолог:

1) психологиялық диагностикалау нәтижелерінің нақтылығына, пайдаланылған диагностикалық және түзетушілік әдістердің барабарлығына, ұсынымдар мен қорытындылар негізділігіне, психологиялық ақпараттың құпиялылығына;

2) Психологиялық қызметтің есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізілуіне және сақталуына;

3) кәсіптік психологиялық этиканың сақталуына;

4) Психологиялық қызметтің жұмысына берілген материалды-техникалық құралдардың сақталуына дербес жауапты.

23. Педагог-психолог әкімшілік бағыт бойынша білім беру ұйымының басшысына, кәсіптік бағыты бойынша – аудандық (қалалық) және облыстық білім басқармаларында психологиялық қызметтің жұмысына жетекшілік ететін маманға бағынады.


6. Психологиялық қызметтің құжаттамасы
24. Психологиялық қызметтің құжаттамалары:

1) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын

6

ұйымдастыру қағидасы;



2) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген Психологиялық қызметтің перспективті жұмыс жоспары;

3) психологиялық диагностикалау, психологиялық тренингтер және дамыту мен түзету жұмысының бағдарламалры;

4) психологиялық сабақтардың, тренингтердің және басқа да жұмыс түрлерінің әдістемелік әзірлемелері;

5) психодиагностикалық әдістемелердің деректер банкі және тізбесі;

6) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталары; топтық психологиялық портреттері;

7) психологиялық зерттеудің нәтижелері, қорытындысы мен ұсынымдары;

8) психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін есепке алып тіркеу журналы (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру);

9) Белгіленген кезеңдерге (тоқсан, жартыжылдық, бір жыл) берілетін Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептер.



25. Психологиялық қызметтің есептері білім беру ұйымының есептік құжаттамаларында қамтылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау