Ұйымдастыру шараларына:
Тұрғындардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Көрнекі үгітпен насихаттау;
Ерікті өрт сөндірушілерді жасақтау;
Ашық от жағуға, темекі шегуге, жарамсыз пештерді пайдалануға, т.с.с
тыйым салу жұмыстары жатады.
Барлық жұмыс істейтіндер өртке қарсы күрес жөнінде инструктаж алуы, ал дәнекерлеушілер, пісірушілер, электриктер, қоймашылар арнайы курстарда оқудан
өткізілуі тиіс.
Техникалық шараларға:
Құрылыстарды өртке төзімді материалдардан салу;
Құрылыстардың талапқа сай арақашықтығын сақтау;
Қыстақтарды суға жақын жерге орналастыру;
Барлық құрылыстарда өрт кезінде шығып кететіндей арнайы есіктер болуы тиіс
және олар сыртқа қарай ашылатын болуы қажет;
Пештер, ыздырғыштар, құбыр желілері талапқа сай болуы тиіс;
Су жүретін жолдар қатып қалғанда оларды ыстық сумен, болмаса ыстық құммее
еріту қажет;
Достарыңызбен бөлісу: |