Өрт қауіпсіздігі



жүктеу 26,81 Kb.
бет1/6
Дата16.01.2022
өлшемі26,81 Kb.
#32655
  1   2   3   4   5   6
d51c822c-42b4-4179-aa48-dca6a2766fa2


Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі дегеніміз – өрттің алдын алудың, өрт шығу себептерін жоюдың,

өрттің жайылуына жол бермеудің, адамдарды, жануарларды және материалдық құндылықтарды жедел көшіруді ұйымдастырудың және өртті сөндіру шараларының жүйесі,

Көлік саласында түрлі жанар – жағармай сияқты жанғыш заттар көптеп пайдаланылады. Сондықтан көлік саласы өртке қауіпті болып есептеледі.

Өрттің шығу себептері қандай?



  • Электр желілері мен қондырғыларының ақауларынан;

  • Электр жүйелерінің нормадан артық күш түсіп, сымдардың, қондырғылардың қатты қызуынан;

  • Тез жанатын сұйықтарды дұрыс сақтау мен пайдаланудың ережелерін бұзудан;

  • Көліктерді өртке қауіпті жерлерде пайдаланудан;

  • Адамдардың жауапсыздығынан, ұмытшақтығынан, жеңіл мінезділігінен;

  • Найзағайдан, кейде өздігінен жануы мүмкін;

Жану дегеніміз - жанатын заттың оттегімен, жылу және жарық шығаратын

химиялық реакциясы.

Егер ауаның құрамында 0,7% - ға дейін бензиннің буы болса, ондай қоспа жанбайды. 0,7 – ден 5,03% - ға дейін бензиннің буы болса, ол қопарылыс жасайды. Ал 5,03% - дан жоғары болғанда кәдімгідей жалындап жанады.

Сондай – ақ, ауаның құрамындағы оттегі 14-16% - ға дейін азайғанда жану тоқтайды, ал оттегі 8-10% - ға түскенде шоқ сөнеді

Кейбір заттар күннің ыстығынан, әйтпесе өзінің ішкі үдерістерінің әсерінен өздігінен от алуы (жануы) мүмкін. Олар шымтезек (торф), көмір, түрлі майлар, майланған шүберектер, т.с.с.

Керосиннің өздігінен жану температурасы 380 – 4250С, басқа майлардың 300 – 7000С аралығында, қатты отындарда 150 – 7000С, газдың жану температурасы 200 – 5000С.

Өндірісті пайдаланылатын заттарды олардың жану қабілетіне қарай үш топқа бөлуге болады: жанатын заттар, жанбайтын заттар және жануы қиын заттар.

Құрылыстың салынған материалына байланысты оның отқа төзімділігі де әртүрлі болады. Құрылыстарда отқа төзімділігіне қарай бес топқа бөледі:

І және ІІ тобы – отқа жанбайтын материалдардан жасалған құрылыстар.

ІІІ тобы – отқа жанбайтын материалдардан жасалады. Бірақ плиталардың, қабырғалардың, төбенің арасын қосқан жері қиын жанатын материалдардан жасалады.

ІV тобы - қабырғалары қиын жанатын материалдардан, ал арасын қосқан жерлері жанғыш материалдардан жасалады.

V тобы – толығынан отқа жанатын материалдардан жасалады.

Өндірісте құрылыстарды оның ішінде және сыртында атқарылатын жұмыстардың өртке қауіптілігіне қарай таңдайды.

Құрылыс салғандағы өрт қауіпсіздігінің басты талабы үйлер мен ғимараттардың салынатын материалдарының отқа төзімділігіне қарай арақашықтығын сақтау болып табылады.Сантарлық нормалар мен ережелерге сәйкес өндірістік ғимараттардың өртке қарсы арақашықтықтары: отқа төзімділігі ІІІ дәрежедегі үйлер үшін - 12м; ІІІ және ІV дәрежедегі үйлер үшін – 15м; ІV және V дәрежедегі үйлер үшін – 18м болуы тиіс. Сұйық жанармай сақтайтын ыдыстардан отқа төзімділігі ІІІ дәрежелі құрылыстар кем дегенде 12 – 20м, ІV және V дәрежедегі құрылыстар 15 – 25м, ауруханалар, мектептер, мәдениет үйлері 25 – 50м қашықтыққа орналастырылуы тиіс.

Көліктер сақтайтын сарайлар мен ықтырмалар, гараждар, шеберханалар және техникалық қызмет көрсету бекеттері бөлек аулаға орналастырылады.

Техникаларды 200 машинадан топтастырып, әр топтың арақашықтығын 20м етіп ашық аулаларда сақтауға болады.Мұндай жағдайда машиналарды жеке – жеке алып шығуға мүмкін болатындай етіп орналастыру қажет. Техника сақталатын ашық аула үйлерден 15 – 20м қашықтықта болуы тиіс.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын қоймалардың өрт қауіпсіздігіне ерекше талап қойылады. Шөп елді мекеннен қашық жерге маялануы, оның ауданы 150м2 аспауы және ол электр желілерінің астына орналастырылмауы тиіс.

Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтердің де өрт және қопарылыс қауіптілігі бар. Сондықтан оларды сақтау мен пайдалануда белгіленген нормаларды сақтау қажет. Оларды сақтайтын қоймалардың ауданы 300м2 аспауы тиіс және ол бөлмелердің екі қапталына да шығатын есік салынады. Пестицидтер салынған ыдыстардың сыртына

«от қауіпті» немесе «қопарылысқа кауіпті» деген жазулар жазылады.

Өрттің алдын алу шараларын ұйымдастыру және техникалық шаралар деп екіге бөлуге болады.



жүктеу 26,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау