Қоршаған ортаны қорғауда қойылатын негізгі экологиялық талаптар
Табиғатты қорғау концепциясының қалыптасу тарихында бірнеше кезекті этаптарды бөлуге болады: түрлі және қорықтық табиғатты қорғау – ресурсты қорғау – табиғатты қорғау – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – адамның тіршілік ортасын қорғау – қоршаған табиғи ортаны қорғау.Соған сәйкес табиғат қорғау іс-шараларының түсінігі де кеңейді.
Табиғатты қорғау – атмосфераны, өсімдік және жануарлар әлемін,топырақты,суды жәнежер асты қойнауын сақтауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-шаралардың жиынтығы.
Табиғат байлықтарын қарқынды пайдалану табиғат қорғау іс-әрекеттерінің жаңа түрінің – табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың қажеттілігіне әкеліп соқтырды.Мұнда қорғауға қойылатын талаптар сол табиғи ресурстарды қорғау бойынша шаруашылық іс-әрекеттің процесіне кіреді.
Шет елдерде 20ғ 50 жылдарында қорғаудың тағы да бір формасы – адамның тіршілік ортасын қорғау пайда болды.Бұл ұғым қоршаған ортаны қорғау түсінігіне жақын.Бұл адамның тіршілік үшін қолайлы табиғи жағдайларды, денсаулығын және қолайлы тіршілік ортасын қалыптастыру және сақтау.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау – қазіргі кезеңде пайда болған адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуіндегі жаңа форма. Ол қоғам мен табиғаттың гармониялық өзара әрекеттесуіне,экологиялық бірлестіктер және сақтауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық (технологиялық, экономикалық, әкімшіліктік-құықтық, оқу-ағарту, халықаралық) шаралардың жүйесінен тұрады.
Соңғы жылдары «қоршаған табиғи ортаны қорғау» термині жиі қолданылады. Мазмұны мен көлемі бойынша осы ұғымға бірқатар авторлармен қабылданған «биосфераны қорғау» термині өте жақын. Биосфераны қорғау – ұлттық және халықаралық деңгейде жүргізілетін және биосфераның функционалды өзара байланысқан бөлігіне антропогендік немесе бейталды әсерлерді болдырмауға бағытталған (атмосфера, гидросфера, топырақ жабындысы, литосфераға, органикалық тіршілік ортасына) шаралардың жүйесі.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау табиғатты пайдаланумен тығыз байланысты. Табиғатты пайдалану түрлі табиғи ресурстар мен табиғи жағдайларды қолдану жолымен қоғамның материалдық және мәдени қажетін қанағаттандыруға бағытталған қоғамдық-өндірістік іс-әрекеттер.
Н.Ф.Реймерс (1992) бойынша табиғатты пайдалану а)табиғи ресурстарды қайта өндіру, жаңғырту және қорғау, оларды бөліп алу және қайта өңдеуден; б)адамның тіршілік ортасындағы табиғи шарттарды пайдалану және қорғаудан; в) табиғи жүйелердің тепе-теңдігін тиімді өзгерту,қайта қалпына келтіру және сақтаудан; г) адам саны мен адамның өнімділігін реттеуден тұрады.
Табиғатты пайдалану тиімді және тиімсіз болуы мүмкін.Тиімсіз табиғатты пайдалану табиғи – ресурсты потенциалдың сақталуын қамтамасыз етпейді, табиғи ортаның сапасының нашарлауына және тозуына әкеліп соқтырады,табиғи жүйелердің азуы мен ластануы және экологиялық тепе-теңдік пен экожүйелердің бұзылуымен қатар жүретін.Тиімді табиғатты пайдалану табиғи байлықтарын кешенді ғылыми негізбен пайдалануды білдіреді.Бұл жағдайда табиғи – ресурсты потенциалдың сақталуының мүмкіндігі жоғары және экожүйелердің өзін-өзі реттеуі және өзін-өзі қалпына келтіруі қабілетінің бұзылуы аз.
Ю.Одум (1975) бойынша тиімді табиғатты пайдалану екі жақты мақсатты қарастырады:
Эстетика және демалыс сұраныстарының материалдық қабілеттіліктерін қанағаттандыра алатын қоршаған ортаның жай-күйімен қамтамасыз ету;
Тұтыну мен жаңартудың балансты циклін анықтау жолымен пайдалы өсімдіктің, жануар және түрлі материалдар өндірісінің үздіксіз өнімін алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда қоршаған табиғи ортаны қорғау проблемасының даму этапында экологиялық қауіпсіздік деген жаңа түсінік туындап отыр. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз – бұл адамның өмірлік маңызды экологиялық,мүддесінің біріншіден оның қолайлы табиғи ортаға құқығының қорғалу жағдайы.
Тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігін және тиімді табиғатты пайдаланумен қамтамасыз ету бойынша барлық шаралардың ғылыми негізі болып, маңызды принциптері экожүйенің гомеостазын ұстауға бағытталған теориялық экология саналады
Экожүйенің антропогендік әсер кезінде есепке алынатын экзистенцияларының шектеулі шекаралары бар:
Антропотолеранттық шегі – негативті антропогендік әсерге тұрақтылығы, мыс: орнитоорауна және сүтқоректілер үшін зиянды пестицидтің әсері;
Стохетолеранттық шегі – беталды құбылыстарға қарсы тұрақтылығы, мыс: ураганды жерлердің қаркөшкіннің орман экожүйелеріне әсері;
Гамеостаз шегі - өзін-өзі реттеуге қабілеттілігі;
Потенциалды регенеративтік шегі - өзін-өзі қалпына келтіруге қабілеттілігі;
Экологиялық реттелген табиғатты пайдалану тек экоценоз және адам, орта арасындағы өзара байланыс және әсердің барлық түрін есепке алатын экожүйелік ықпалды жасағанда ғана мүмкін.
Тиімсіз табиғатты пайдалану соңында экологиялық дағдарысқа әкеліп соқтырды, ал экологиялық реттелген табиғатты пайдалану одан шығуға мүмкіндік туғызады.
Глобальды экологиялық дағдарыстан шығу – қазіргі кездің маңызды ғылыми және практикалық проблемасы.Оны шешу жолында мыңдаған ғалымдар, саясаткерлер және мамандар жұмыс істеуде.
ТМД елдерінде экологиялық дағдарыстан шығудың бес негізгі бағыттары қарастырылған.
Бірінші бағыт ретінде – технологияны жақсарту – экологиялық технология, аз қалдықты және қалдықсыз өндірісті ендіру, негізгі қорларды жаңарту т.б.
Екінші бағыт – қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмін дамыту және жақсарту.
Үшінші бағыт – экологиялық құқық бұзушылыққа заң алдында жауапкершілік шараларын қолдану.
Төртінші бағыт – экологиялық сананың гармонизациясы.
Бесінші бағыт – экологиялық халықаралық қатынастардың гармонизациясы.
№42 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |