Өзіндік бақылау сұрақтары :
Экспериментке тұсінік беру
Эксперимент жұмысын жоспарлау дегеніміз не?
3. Тәжірибе қою схемалары және өңдеу методикасы қалай жүзеге асырылады ?
Ұсынылатын әдебиет:
1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б
2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.
3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.
Дәріс 10,11
Тақырыбы: Тәжірибе қорытындысын биометриялық өңдеу.
Дәріс жоспары::
1. Биометриялық өңдеу.
2. Алынған мәліметтерге әсер ететін факторлар
Тәжірибе қорытындысын биометриялық өңдеу
Жануарларға жүргізілген зерттеудің қорытындысының дұрыстығы, тәжірибені орындау әдісі мен қатаң тәртібіне байланысты.
Тәжірибені жүргізер алдында: азықтандыру, малды күтіп бағу, тәжірибе жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар тұратын бөлмелерді дайындап алу қажет және сол тәжірибенің аяғына дейін жететін азық қоры, тәжірибеге қатысты құжаттар болуы тиіс. Тәжірибені бастамас бұрын шаруашылықтың өлшеу құралдарының және таразының дұрыстығын тексеру қажет. өйткені сол құралдары тәжірибе аяқталғанша пайдаланады.
Топтағы жеке малдардың жекелік ерекшеліктері тәжірибенің қорытындысы мен алынған мәліметтерді биометриялық өңдеуден өткізу мүмкіндігіне әсер етпеуі керек. Топтағы біраз мал санына зерттеу қорытындысының биометриялық дұрыстығы төмендеуі мүмкін. Көп жағдайда топтағы малдың көпшілігі қорытынды дұрыстығын көтереді, бірақ малдың жеке ерекшеліктерін оқуды қиындатып, оларды сақтау мен азықтандыруды күрделендіреді, ол тәжірибенің техникалық дәлдігін төмендетуге әкеледі. Топтағы малдардың көпшілігі зерттелетін көрсеткіштер есебін қиындатады. Сондықтан топтағы мал саны әрбір тәжірибе үшін, тұқымына, жасына, өнімділігіне, конституциясына және тағы басқа алдағы азықтандыру жағдайлары мен күтіп бағу топтар арасындағы мен айырмашылықтары тәжірибе мақсатына байланыст белгіленеді. Дұрыс мәліметтерді алу үшін өте маңызды:
Мал жасы. Егер мал неғұрлым жас болса, соғұрлым жеке белгілер сыртқы орта жағдайларының әсерінен ауытқиды. Сондықтан мал неғұрлым жас болса, соғұрлым әрбір топта олар көп болуы керек. Методикалық көзқарас бойынша мал тобын бір тұқымнан будандастырудың бір түрінен бір қаннан қалыптастыру керек.
тәжірибенің қайталануы. Зерттеуге нақты қойылған тапсырмаға байланысты әрбір тәжірибеге ажетті сандар қайталанғыштығы белгіленеді.
Тәжірибені өткізу ұзақтығы. Зертеу мақсаты мен тапсырмасына байланысты анықталады. Малдарға жасалатын тәжірибе ұзақтығын олардың физиологиялық жағдайы мен жеке өндіргіш айналым ұзақтығын ескере отырып анықтайды.
Әртүрлі көрсеткіштерге өлшеуді жүргізу дұрыстығы. Тәжірибе қорытындысы әртүрлі өлшемдерді алумен сандық мәліметтер түрінде тіркеледі. Өлшемдер дәлірек болу үшін 2-3 рет жүргізіп, орта шамасын шығарады.
Зерттеу қорытындысының нақтылығы. Тәжірибені жүргізу нәтижесінде біріншілік мәлімет ретіндегі көп мөлшерде әртүрлі сандар жиналады. Негізгі сандық мәлімет биометриялық өңдеуден өтіп, кестеге енгізілген болуы тиіс. Сандық мәліметтердің өңделуі т әжірибе уақытында әрбір малға және тұтастай топқа жүргізіледі. Тәжірибе қорытындысының бағасын зерттеу қорытындысындағы биометриялық өңдеу негізінде жүргізеді. Тәжірибедегі малдар үшін дұрыстық ауытқуын (әртүрлігі) р>0,95 дейін қабылдауға болады. Қорытындыны тәжірибенің қорытындысынан шығарады. Ол қысқа және тәжірибе қорытындысын нақты айқындайтын болуы тиіс. Жасалған қорытынды бойынша өндіріс орындарына жарнама береді. әртүрлі қорытынды жасауға болмайды.
Зерттеу-көптеген күрделі операциялар жүйесі. Зерттеу жұмыстары зоотехнияда бір-бірін толтыратын 2 бөлімнен тұрады:
мал шаруашылығында биологиялық және өндірістік құбылыстарды бақылау
тәжірибелік жұмыстар
Биометрия-тірі организмдерді математикалық әдістерді қолдану арқылы зерттейтін ғылым.
әдіс. әдіс арқылы теоритикалық зерттеуді немесе процестің құбылыстың практикалық түзілуін түсінуге болады. әдіс ол ғылыми ең негізгі есебін обьективті заңдардың айқындылығын ашатын құрал саймандар . Әдіс ол индукция,дедукция, анализ синтездің салыстырмалылықтың теоритикалық және тәжрибеліктің қажеттілігін және орындалатын жерін айқындайды.
Өлшем бірілктер мал шаруашық өндірісте өнімнің зерттеу жұмыстарының ғылыми анализі қарапайым өлшем бірліктермен өлшенеді.Олар арқылы оның кемшіліктерін тауып оларды жою жолдарын тауып және сол арқылы оның өндірістік процестің ғылыми негізін неғұрлым көтереді. Бұл анализде бірнеше өзінің методикалық және методологиялық ерекшеліктерімен ерекшеленетін ең басты негізгі ғылыми зерттеудің өлшем бірліктерімен құбылыстары. Олар 2 бөлімге бөлінеді: ауыл шаруашылық малдарының биологиялық процестерін зерттеу және өндірістік процестерді зерттеу.
Өзіндік бақылаудың сұрақтары:
1.Біздің түсінуіміз бойынша биометриялық өңдеу дегеніміз не?
2.Қандай алынған мәліметтерге әсер ететін факторларды білесіз және осы факторлар тәжірибеге қалай әсер етеді?
Ұсынылатын әдебиет:
1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б
2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.
3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.
Дәріс 12
Тақырыбы: Статистика туралы жалпы түсініктеме
Дәріс жоспары:
Статистика түсінігі.
Статистикалық ғылымның құрылымы
Статистика -латын сөзі (states)
Біріншірет үкімет құрылымында қолдалынған 1749 жылы неміс ғалымы .Г Аханвальмен кейінен кітап жазған .
Қазір 3мағынада қолдалынады
1.Адамдардын нақты мір саласында,мәліметерді жинау ,өңдеу, және сұрыптау ,әлеуметтік экономикалық дамуына сипаттама беру.
2.Нұсқау мен әдістемелерді теория жүзінде негіздеп практика жүзінде қолдану.
3.Статистикаларды мәлметтерді өнеркәсп, ұйымдар, экономика саласында есеп беруге қолдалынады.
Статистикалық ерекшелігі – мәліметтер сандық формада ,статистердің сөзмен цифрлар тілі .
Статистердің мақсаты цифрлар арқылы мәліметтерд сараптау және өндеу.
Мәлеметтердің пайда болуына байланысты статистика өмірге қажет бола бастады , яғни жердің көлемі ,халықтың саны ,оның құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілуін есепке алу үшін .т.б.
Статистика ғылым ретінде 17 ғасырдың орта шенінде 2 бағыт бойынша дамыды.
1.Жазбаша неміс ғалымдары.Конринг, Ахянвель
2.Матиматикалық. В.Ангмен, У.Петти ,Ф .Гальтман ,Р.Фишнр.
1-ші кітап К.Ф.Герман Статистиканың жалпы теориясы. 1809 жылы.
Өзіндік бақылаудың сұрақтары:
1. Статистикаға түсінік беру
2. Статистика ғылымының структурасы
3. Статистика ғылымының қолданатың салалары
Ұсынылатын әдебиет:
1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б
2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М.: ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.
3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.
Дәріс 13
Тақырыбы:Статистика пәні және оның методологиясы
Дәріс жоспары:
1. Статистика туралы түсінік.
2. Графикалық статистика
3. Статистикалық методология
Статистикалық график- берілген сандық көрсеткіштердің мазмұның геометриялық сызықтар ,нүктелер және фигуралар арқылы бинелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.
Статистикада графикалық әдісті қолдану дегеніміз- сол берілген мәліметтерді түсінікті қолайлы және сызықты түрде дұрыс көрсете білу.
Статистикалық жұмыс барысында кестелік әдістіқолдана білу өте қажет.Себебі бұл әдіс берілген мәліметтерді тез оқуға әрі жылдамқортынды жасауға толық мүмкіншілік туады.
Статистикалық графикалық әдістің қолдалына басталуы шамамен, бұдан 200 жылдай уақыт бұрын болған .Оның алғашқы қолдалынуың Англия экономисті У. Плейфейрдің 1786- жылы шығарған комерциялық және саяси атылас атты еңбегінең көруге болады . Бұл кітапты бірінші рет статистикалық сызықтар көрсеткіштер ,секторлы және бағаналы диаграммалар арқылы көрнекті түрде бинеленген.
Статистикалық графикалық әдістің қолдалынуын бірінші рет халықаралық конгрестерде талқыланған .Мысалы 1872- жылы.Петербургте болған статистиктердің халықаралық 8 конгресінде неміс статистигі Швабеннің Графиктік бейнелеу теориясы атты баяндамасында , статистиканың тарихында бірнеше графикалық әдіс турасында әңгіме болды , кейін орыс тілінде аударылып торықтырылды.
Негізгі талаптары:
1Графиктің құрлымы мәләметтер айқын шындықты бинелеу керек.
2Графиктін құрлымы назар аударарлықтай көрнекті ,түсінікті болуы және жеңіл оқылуы тиіс.
3 Графиктегі көрсетілген көрсеткіштердің мазмұна байланысты оның толықтай аты, орны,уақыты, мерзімі және шартты белгілері көрсетілуі тиіс.
Графиктін негізгі элементері:
1.Графиктін негізі –геометриялық белгілер ,яғни нүктелердің ,сызықтардың, фигуралардын көмегімен бинеленген статистикалық шама жиынтығы
2. Графиктін өрісі – бұл оның кңістіктегі бинесімен белгілері орналаласатын орны.
3.Кеңістік бағыты- яғни геометриялық белгілердің графиктік әдісі бойынша орналасуын анықтау.
4.Маштабтын бағыты яғни осы белгілердің сандық өлшем бірліктерінің мөлшерін анықтау.
Нүктелі графика деп –график негізін нүкте ретінде ,ал сызықтық график деп –сызықтар қолдалынуына байланысты болатың , жол-жолды,төрт бұрышты шеңбер тәріздес бейнеленгенді айтады.
Статистикалық графикалық әдіс төмендегі куелтірілген мәселелерді шешу үшін қолдалынады:
1.Статистикалық көрсеткіштерді салыстыру:
2.Зертелген көрсеткіштнрдің жыиынтықтың құрамымен құрлымын сипаттау:
3.Уақыт мерзіміне байланысты құбылыстағы болған өзгерістердің өсінкілігін бақылау:
4.Құбылыстардын өзара байланыстылығын білу :
5.Кеңістікте орналасуын және тараптылық дәрежесін анықтау үшін :
Диаграмма .Графикалық әдіс ішіндегі ең жиі және көп тараған түрі .Диаграмма грек сөзі, бейне сурет, сызба.
Диаграмма құру үшін сызықтар .ал кейде геометриялық фигуралар жүйесі арқылы бейнелейтін сызық .
Диаграмма- бағаналық ,сызықтық , шаршылы, шеңберлі, секторлы, фигуралы және атты болып бөлінеді.
Құрлымдық диаграмма –статистикалық жиынтықтардын құрамын салыстыру үшін қолдалынады.Құрлымын салыстырмалы көрсеткіштер жалпы жиынтықтын және бөлшектердін үлесін , яғни олның бірнеше бөліктерге бөлінуін көрсетеміз.
Шеңберлік диаграма- негізгі берілген біркелкі нақты шамма өзара қарым-қатынасың шеңбер көлемі арқылы бейнелеудің шеңберлі диаграма дейміз
Секторлық диаграмма –мұнда берілген мәліметер шеңбер арқылы көрсетіледі жеке бөліктер үлесінде көрсетіледі.
Сызықтық диаграма – диаграмма ішіндегі ең жиі кездесетін –сызықтың диаграмма.
Картограмма деп-, немесе статистикалық карто деп кестеде көрсетілген көрсеткіштер жиынтығын көрнекті түрде әртүрлі белгілер арқылы бейнелеуді, яғни экономикалық бірліктерді бойынша құбылыстарды ,процестерді өзгерістерді , түрлі –түсті бояулармен көрсету.
Нүктелі картограмма –бұл екінші түрі және графикалық әдіс жиі қолдалынады .Картограмма географиялық контурлы картаға әртүрлі белгілер арқылы диагараммалар түсіру деген ұғымды білдіреді.
Түсірілген белгілерге байланычсты картодйаграммалар ,бағаналы, тікбұрышты, шашылы және шеңберлі болып төртке бөлінеді .
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1.Статистикалық графикке анықтама бер?
2.Статистикалық методологияға түсініктеме бер?
Ұсынылатын әдебиет:
УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б
Ырғызбек Әміреұлы статистиканын жалпы теориясы, Алматы: Экономика 1998 ж.- 245б.
Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.
Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.
Дәріс 14
Тақырыбы: Рефераттың жазылу әдістемесі
Дәріс жоспары:
1. Реферат туралы түсінік.
2. Реферат құрылымы.
1. Реферат (от лат. refero - «баяндаймын») - ғылыми проблемалар (жағдай) мен ғылыми конференциялардың қорытындысы жөніндегі мәліметтер мен қандай да бір кітаптардың қысқаша түріндегі жазбаша немесе ауызша мазмұны.
ЖОО рефератының көлемі 20 беттен тұрады.
Рефератты жазу үшін:
Тақырыпты таңдау. Ол қызықты және өзекті болуы қажет
Ең бірінші осы тақырып бойынша әдебиет іздейміз және қазіргі заманғы әдебиеттерді қолдануға тырысамыз.
Рефераттың негізгі бөлімінің жоспарын сызып қоямыз.
Негізгі бөлімін жазғаннан кейін кіріспені жазамыз, өйткені рефераттың міндеттері сәл өзгеруі мүмкін және кіріспені өзгертуге тура келеді.Алғашқы жазылғанды оқытушыға көрсетеміз.
Аяқталған жұмысты шығарып, қысқаша баяндама жасаймыз (5-7 мин), ол рефератты қорғау кезінде қажет
2. Реферат құрылымы.
КІРІСПЕ. Тақырыпты таңдауды негіздеу, оның өзектілігі.жұмыстың мақсаты мен міндеттері Қолданылған әдебиетке қысқаша шолу жасау.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ . тақырыпты ашу, әрбір бөлімінң соңында қорытында жасау
Қорытынды. Келелі мәселені шешуде өзінің көзқарасы
Рефератты безендіру.
Сыртқы парақ оқу орнының стандарттары бойынша жасалады, келесі мәліметтерді құрайды:
ЖОО атауы
Факультет және кафедра атауы
Реферат атауы
Орындаушының фамилиясы и тобы
Тексерушінің фамилиясы және ғылыми дәрежесі
Сыртқы парақ бірінші болып саналады, бірақ бетке номер қойылмайды.
МАЗМҰНЫ – беттің номерленген белгілерінің мазмұны.
Мазмұны бірінші бет болып саналады
Жұмыс мәтіні (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды).
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ – толық бибилиографиялық мәліметтері көрсетілген тізім.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. «Реферат» термині нені білдіреді?
2. Реферат қандай пунктерден құралады?
3. Реферат қалай безендіріледі?
Ұсынылатын әдебиет:
1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б
2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М.: ВО «Агропромиздат», 1991.- 110 с.
3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.
Дәріс 15
Тақырыбы: « Ғылыми дипломдық жұмысты (жоба) дайындау»
Дәріс жоспары:
1. Мақсаты, дипломдық жұмыстың міндеттері
2. Дипломдық жұмысты орындауға дайындық
3. дипломдық жұмыстың құрылымы және талаптары
1.1 Дипломдық жұмыс түлектің квалификационды жұмысы болып табылады, оның жалпы теориялық және профессиональді дәрежесінің дайындығын көрсетеді. Орындалу дәрежесі және мемлекеттік емтихан нәтижесі бойынша комиссия түлекке сәйкес квалификация мен дипломды беру (өте жақсы, жақсы, бакалавр) тағайындайды.
1.2 Дипломдық жұмыстың жазылу мақсаты – білім стандарт талаптарына сәйкесінше түлектердің дайындық дәрежесін көрсету және мамандықтың квалификационды мінездемесі, ол сәйкесінше квалификацияны тағайындау және дипломды беру қызметін атқарады.
1.3 Дипломдық жұмыстың жазылу мақсатқа жету үшін студент-түлек міндетті:
- заңдылықтарды және нормативтік актілерді, қазіргі әдебиет және шет ел авторларын , оның формаларын, бағыттарын,факторларын т.б. меңгеру;
- жинау, жалпылау және нақты шаруашылықтың мәліметтерін сараптама жасау немесе зерттеу обьектісі болатын басқа субьект экономикасы, тенденцияны анықтау үшін және процестің немесе құбылыстың даму заңдылықтарын оқу ;
1.4 Дипломдық жұмыстың мазмұны және қорғау кезінде қарастырады:
- білім дәрежесі, түлектің мамандық бойынша білімі;
- білім аймағына сәйкес әдебиет көздерін жалпылау;
- ғылыми зерттеуді өзі жүргізу қабілеті, жүйелеу және мәліметтерді жалпылау;
- қорытынды жасау, тәжірибелік рекомендация және дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша басқару шешімі.
1.5 Дипломдық жұмыс келесі талаптарға:
- келелі мәселелерді қарастыру;
- ғылыми зерттеу элементтерін және өзекті тақырыптарды орындау;
- нақты құрылымға жауап беру
- экономикалық-математикалық әдістерді және модельдерді қолдану арқылы орындау;
- нақты аргументтерді келтіру, кестелерді,графиктерді,схемаларды қолдану;
- рекомендациямен және дәлелденген қорытынды арқылы аяқталады.
2 Дипломдық жұмысты орындауғы дайындық
2.1 Дипломдық жұмысты орындауға дайындық келесі этаптардан тұрады:
- тақырып таңдау;
- дипломдық жұмысты осы тақырып бойынша орындауға рұқсат алу үшін өтініш жазу;
- дипломдық жұмысты орындауға тапсырма құру.
2.2 Дипломдық жұмысты орындауда тақырыпты таңдау жауапты кезең болып табылады. Дипломдық жұмыс тақырыбы келесі талаптарды қанағанттандыру керек:
- мамандыққа сәйкес болуы;
- өзекті болуы;
- технология, техника, ғылымның перспективті дамуы және қазіргі жағдайға сәйкес болу керек;
- шаруашылыққа, ұйымға қызығушылық туғызу керек.
2.3 Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау кезінде ескеру қажет:
- өңдеу дәрежесін және әдебиетте зерттелетін келелі мәселелердің жариялылығы;
- дипломдық жұмыстарды орындауға қажетті мәліметтерді алу мүмкіндіктері;
- қызығушылық және қажеттілік;
- студенттің қабілеттілігі, оның теориялық және практикалық дайындығы.
2.4 Дипломдық жұмыстың тақырыбы кафедрада өңделеді және факультет Советінде бекітіледі. Студент өзінің дипломдық жұмысының тақырыбын ұсынуға мүмкіндігі бар.
2.5 Студент дипломдық зерттеу тақырыбын таңдағаннан кейін кафедраның меңгерушісі атына өтініш жазады. Студенттің тақырыбы және ғылыми жетекшісі бекітіледі.
2.6 Күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне дипломдық жұмыстың тақырыбын өндірістік тәжірибеге дейін бекіту қажет.
2.7 Дипломдық жұмыстың жетекшілері студенттің келісімімен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамынан , сонымен қатар ғылыми қызметкерлер және университеттің жоғары квалификациялы мамандары тағайындалады.
2.8 Дипломдық жұмыстың жетекшілері міндетті:
- студентпен бірге дипломдық жұмысқа тапсырма беру және құру;
- дипломдық жұмысты орындауда календарлық жоспар-графигін жасауға студентке көмектесу;
- студентке қажетті негізгі әдебиеттерді мүмкіндігінше ұсыну;
- жоспар-графикке сәйкес консультация жүргізу;
- жұмыстың орындалуын қадағалау және сапалы,уақытында орындалуына жауапкершілікпен қарау;
- дипломдық жұмысты тексеру,ескертулер жасау және жетіспеушіліктерін айту;
- дипломдық жұмысқа пікір жазу;
- дипломдық жұмысты қорғау кезінде .
3 Дипломдық жұмыстың құрылымы және оның элементтеріне талаптары
3.1 Дипломдық жұмысқа кіреді: а) сыртқы парақ; б) дипломдық жұмысқа тапсырма; в) реферат; г) мазмұны; д) кіріспе; е) негізгі бөлім; ж) қорытынды; з) қолданылған әдебиеттер тізімі; и) қосымша.
3.2 Сыртқы парақ дипломдық жұмыстың бірінші беті болады және қосымша А бойынша жасалады. Сыртқы парақ жалпы дипломдық жұмыстың нумерациясына кіреді.
3.3. Дипломдық жұмысытң тапсырмасы қосымша Б типтік бланкіде жасалады, бітіруші қол қояды, жетекші және кафедра меңгерушісімен бекітіледі.
3.4 Реферат 2 тілде орындаладыв: орысша және ағылшынша. Ол құралады: а) жұмыс көлемі (беті), количестве иллюстрация саны (суреттер), кесте, қосымша, қолданылған әдебиет; б) кілтті сздердің тізімі ; в) реферат мәтіні.
3.4.1 Кілтті сөз 5 тен 15-ке дейін болуы
3.4.2 Реферат мәтінінің оптимальді көлемі 1500-2000 баспа таңбалары ( 1 беті) Жұмыс мақсаты, әдісі немесе жұмысты өткізу әдістемесі, алынған нәтиже және оның жаңалығы , енгізу дәрежесі және ұсыныстар, техникалық-экономикалық және әлеуметтік жұмыстың мәні, дипломдық жұмыстың нәтижесі және оның өзіндік орындалуы болуы қажет.
3.4.3 Беттің номерлері «ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМАДА» және «РЕФЕРАТ» қойылмайды, жалпы беттің номерациясына «РЕФЕРАТ» қана кіреді.
3.5 Мазмұнында дипломдық жұмыстың барлық басы көрсетіледі (Қосымша Г): кіріспе, номерлер және бөлім басы , бөлімшелер, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және бет номері көрсетілген қосымша.
3.5.1 Мазмұндағы барлық бастары (бiрiншi-тiркеу қағазы) кiшi әрiптермен жазады.
3.5.2 Беттің төменгі бөлігінің ортасына таман араб санымен «б» әрпінсіз номер қойылады.номері
3.5.3 «Мазмұны» деген сөзді басына бас әріптермен жазылады.
3.6 Кіріспеде таңдалған тақырыптың мәні және жұмыста қаралатын келелі мәселелері, өзектілігі, зерттеу мақсаты мен маіндеттері, зерттеу обьектісінің экономикалық қысқаша мінездемесі беріледі.
3.7 Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі 3 бөлімді құрайды, олар әрқайсысы 2 ден төмен емес бөлімшелерден тұрады.
3.7.1 Бірінші бөлім теориялық-методологиялық мінездемені құрайды. Бұл келелі мәселелерді оқудағы теориялық және методологиялық бөлім болып саналады
3.7.2 Екінші бөлім аналитикалық мінездемені құрайды. Онда зерттеу обьектісінің техникалық-экономикалық мінездемесі беріледі, онда әртүрлі әдістерді қолдану арқылы терең сараптама жүргізіледі.
3.7.3 Үшінші бөлімде нақты ұсыныстар негізделеді және өңделеді, сонымен қатар оның бағыттары және зерттелетін мәселенің шешу жолдары
3.8 Дипломдық жұмыс бойынша қорытынды нәтижесін жасау. Қорытында және ұсыныстар нақты, дәлелденген болуы тиіс.
3.9 Қорытындыдан кейін қолданылған әдебиеттер тізімі орналастырылады.
3.10 Қосымша мазмұны бойынша әртүрлі мысалы аралық есептер, әдістер,акт енгізу, алгоритм сипаттау және бағдарламар және т.б. Форма бойынша олар мәтін, кесте, иллюстрация (графиктер, схемалар, диаграммалар,сызбалар т.б)
3.11 Дипломдық жұмыстың көлемі – қол жазба мәтінмен 100 немесе баспа мәтіні 70-80 бет, 1,5 аралықта болуы тиіс.
3.12 Дипломдық жұмыс қатты тыста болуы қажет
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. Дипломдық жұмыстың міндеттері мен негізгі мақсаттары ?
2. Дипломдық жұмысты орындау қандай пунктерден тұрады?
3. Дипломдық жұмысқа қандай бөлімдер кіреді?
4. дипломдық жұмыстарды орындауда қанадай талаптарды білесіз?
Ұсынылатын әдебиет:
1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б
2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.
3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.
3 Тәжірибелік сабақатар
Тәжірибелік сабақ 1, 2
Тақырыбы: Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлау
Тәжірибелік сабақтың мазмұны:
1. Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру.
2. Ғылыми зерттеуді құру схемасы
Сабақтың мақсаты: ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыруды үйрену.
Ғылым тарихи дамуда қалыптасқан және табиғат, қоғам, ойлау заңдары жүйесінің қоғамдық тәжірибе негізінде үздіксіз дамуы.
Ғылыми пән материяның әртүрлі формадағы қозғалысы және адам санасындағы осы формалардың бейнесі. Ғылым олардың шығу тегімен дамуына дұрыс тсініктеме беріп, құбылыстар арасындағы байланысты ашады. Және адам білімін әлемдегі тәжірибеде қолдану мақсатында толықтырады.
Ғылым техника өндірісте біркелкі жүйе қалыптасады.
Ғылым білімдердің жинақталған жүйесі ретінде анықталады және бірмезгілде білімдерді алуға бағытталған ұйымдасқан жүйе.
Ғылымның жалпы жіктелуі: 3 бөлімнен тұрады:
1 Жаратылыс тану ғылымдары
2 Қоғамдық ғылымдар
3 Философия
Ғылымның басты қызметі мен мақсаты қоршаған әлемді тану болып табылады. Ұрпақтан ұрпаққақалдыру ғылым дамуының заңдылықтары мен басты факторлары.
Ғылымның басқа басты заңдылықтары болып, жаңа ғылымдардың негізі болып табылатын жеке салалардың байланысы.
Ғылымның дифференциациясы мен мамандандырылуында бірізділік байқалады. Және сол уақытта олардың даумынада жағдай туады. Ғылыми техикалық прогресс әрқашан дами бермейді, олардың баяулауы келесідей қалыптардан тұрады: шектелу, ақпарат өте қатты тасқында берілу және ғылыми зерттеудегі асигновацияның жеткіліксіздігі. Ғылымның дамуы мен мақсаттарға жетуі ғылыми зерттеу жолымен яғни ғылыми әдістердің үрдістердің қорытындының әртүрлі факторларға әсер ету көмегімен жүреді. Мақсаты, нақты объекті жан жақты дұрыс анықтау және оның құрылымын сипаттамасын оқыту ғылымдағы өңделген принциптер мен әдістерждің байланысын білу сонымен қатар пайдалы қорытындылар алып, оны өндіріске енгізу болып табылады. Ғылыми зерттеудегі тапсырмаларды орындаудың басты қызметін білудің логикалық әдісі жатады. Ол үрдістер құбылыстардағы ойды және ұсыныстарды өзгертуге және өзгерістердегі шешімдерді қабылдауға мүмкіндік туғызады. Ғылыми зерттеуге берілетін басты талаптардың бірі болып қарастырылатын құбылыс арасындағы байланыс пен тәуелділікті орнатудың мүмкіндігі табылады. Ғылыми зерттеудің сатысы неғұрлым жоғары болса, нәтижесі де соғұрлым терең болады. Ғылыми зерттеу тақырыптарына келесідей талап қатарлары беріледі. Акуалдылығы, экономикалық тиімділігі мен маңызы, енгізудің шындығы, тұрақтылығы мен болашағы.
Ғылыми зерттеудің жоспарының формасы: жеке жоспар- тізімі, мазмұны және жұмыстың орындалу көлемі, осы көрсетілген жұмыстардың барлығының орындалу уақыты.
Жұмыс жоспары-кешендердегі шаралартізімі қабылданған болжамдардың дамуы мен тесерілуі жөніндегі. Ол өз кезегінде сұрақ тарихын, зерттелетін тақырыптың теориялық және тәжірибелік мағынасын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |