112
Елбасымыздың 2013жылғы «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір мақсат»
атты Жолдауында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіне заманауи
бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін ұсыну міндеттерін жүзеге асыру, «Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы аясында Алматы облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинеті
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда, әсіресе
жаңадан ашылған мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың, мектеп жанындағы
шағын орталықтар тәрбиешілеріне әдістемелік көмек беруде жаңашыл әдістемелерді енгізу
мен таратуда әдістемелік қолдау көрсету, шығармашылтұрғыда жұмыс жасайтын
педагогтердің жағымды педагогикалық тәжірбиесін айқындау, жалпылау және тарату
мақсатында облысымызда 5 инновациялық әдістемелік орталық ашылған.«Инновациялық
қозғалыс» жобасының мақсаты:Инновациялық әдістемелік орталықтар құру арқылы
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына инновациялық технологияларды енгізу,
педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, әдістемелік қолдау көрсету,
шығармашыл тұрғыда жұмыс жасайтын педагогтердің жағымды педагогикалық тәжірбиесін
айқындау, жалпылау және тарату.
Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруда және іс-тәжірибе алмасу
мақсатында әдістемелік іс-шаралар өткізу және аймақтық әдістемелік орталықтар құру
болғандықтан,Панфилов ауданы, Нұркент қалашығындағы «Арай» балабақшасы базасында
аймақтық инновациялық әдістемелік орталық құрылды. Орталықтың мақсаты аймақтағы
Райымбек, Ұйғыр, Кербұлақ, Панфилов аудандарының мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарына инновациялық технологияларды енгізу арқылы білім беру үдерісін жаңғырту,
педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын
инновациялық қызметке тарту, озық инновациялық тәжірибені жалпылау, тарату. Осы
міндеттерді жүзеге асыруда орталықтың жұмысы жоба түрінде жоспарланды.
Жобадан күтіліетін нәтиже:
- педагогтердің біліктілігі мен кәсіби құзыреттілік деңгейі артады;
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының инновациялық қызметі жетіледі;
-жаңа
инновациялық
технологияларды
меңгерген,
жаңашыл
педагогтерді
қалыптастыруға бейімделген дамытушы білім ортасы құрылады;
-мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру үдерісінің мазмұны
жаңғырады.
Жобаның
1-кезеңінде 2016 жыл «Step by Step» технологиясын ұйымдастырылған оқу
қызметіне енгізуде педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және іс-тәжірибе алмасу
мақсатында әдістемелік іс-шаралар өткізу.
2-кезеңінде 2017 жыл Озық инновациялық тәжірибені жалпылау, тарату (әдістемелік
құралдар шығару)
Жүйелілік, бірізділік, ғылымилылық қағидаларын басшылыққа ала отырып, жобаның
жоспарын құрып, жұмысымызды жүргіздік.Бүгінгі таңда, «Арай» балабақшасында еліміздің
болашағы болып табылатын бүлдіршіндерге сапалы білім беруді қамтамасыз ету бағытында,
мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің сапасын арттыру жолында балалар үшін қолайлы
білім ортасын құру мақсатында «Step by Step» («Тәй-тәй») технологиясын іс-тәжірибелеріне
енгізіп отыр. Жобаның бірінші кезеңінде балабақшада «Тәй-тәй» технологиясымен жұмыс
жасайтын «Құлыншақ», «Ақбота» және «Бәйтерек» үш ересек топтары бекітілді.Онда қызмет
жасайтын тәрбиешілер Қазақстан Республикасы «АСУ» ғылыми- әдістемелік оқыту
орталығының «Оқыту – тәрбиелеу процесін инновациялық технологиялар арқылы
ұйымдастыру» атты арнайы курста «Step by Step» («Тәй-тәй») технологиясы бойынша
толық білім алып, сертификатталды. Сондай ақ, жыл бойына тұрақты түрде топ жетекшісі
және әдіскер тарапынан «Step by Step» («Тәй-тәй») технологиясын қолдану бағытында
әдістемелік көмек ұйымдастырылды. Балабақшамызда барлық топта белсенділік
113
орталықтары көркем әдебиет, есеп, ғылым, өнер, желілі рөлді ойын және аспаз құрылып,
әрбір баланың даму деңгейіне сәйкес іс-қимыл түрлерін жоспарлап, қажетті құрал-
жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ондағы құрал-жабдықтар, ойыншықтар балалардың
еркін қолдана алуына, тілдік, танымдық, эстетикалық, ізденімпаздық қабілетінің дамуына
қолайлы және еркін таңдау жасауға мүмкіндік беретіндей қауіпсіз, іс-әрекеттің өзгеруіне
байланысты көп қызметті және баланың қандай нәрсемен айналысуға болатындығы үшін
белгілі бір уақыт бөліп, өздері қызықтыратын бейімділігі бар нәрсені таңдауды іске асыруға
мүмкіндік береді. Әдістемені енгізу, бағдарламаның өзгермейтін негізгі үш міндетін: әрбір
бала үшін индивидуализация (даралау); жұмысты жоспарлау және белсенділік орталықтарын
ұйымдастыру арқылы балаға көмектесу, оған отбасының қатысуы, жүзеге асыру бойынша
жұмыстар перспективалық жоспарлаудан басталды. Жоспарда ұйымдастырылған оқу
қызметінің тақырыптары, мақсаттары мен міндеттері, жүзеге асырылуға тиісті
бағдарламалық мазмұны, балаларға берілетін білім мазмұны нақтыланды. Балаларға
бейімдеу тәжірибесі олардың әрқайсысын өз жеке басының ширақтығы мен ыңғайында
дамып, өсуге мүмкіндік береді. Тәрбиешілер бұл процестің дәнекері (расилитаторлар)
ретінде қатысып, бөлмелерді ыңғайлап, әрбір баланың даму деңгейіне сәйкес іс-қимыл
түрлерін жоспарлайды. Күндізгі жоспар баланың тәрбиешінің басшылығымен және бірлесе
өз бетінше іс-қимыл жасап, жеке тапсырмаларды орындауды қарастыру керек. Балалардың
қандай нәрсемен айналысуға болатындығы үшін белгілі бір уақыт бөлінуге тиіс, бұл олардың
өздерін қызықтыратын және бейімділігі бар нәрсені таңдауды іске асыруға мүмкіндік береді.
Таңдауды, білуге құмарылқты қалыптастыру, мәселені шешуге қабілет, басқа адамдармен
қарым-қатынас және алдына қойған мақсатқа өз бетінше жетуді жүзеге асыру – «Step by
Step» («Тәй-тәй») технологиясының ерекшелігі. Баланың таңдауына жағдай туғызу – ең
алдымен ыңғайлы үйдің кеңістігін жасау арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыс жоспары
бізге өз жемістерін беруде.
Орталықтың жоспарына сәйкес 2015-жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында
негізінен теориялық тұрғыда меңгеру жұмыстары жүзеге асырылса, ал қыркүйек-желтоқсан
айларында ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткізіллді. Осы көрсетілген қысқа
мерзім ішінде оқу тәрбие үрдісінде «Тәй-тәй» технологиясын қолдану тиімді екеніне көз
жеткізіп отырмыз.
Жобаны жүзеге асырудағы екінші қадамымыз аймақтағы мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарына «Step by Step» («Тәй-тәй») технологиясын ұтымды енгізу, педагогтардің кәсіби
құзыреттіліктерін арттыруда іс-тәжірибе алмасу мақсатында әдістемелік іс-шаралар өткізу
барысында 2016 жылы мамыр айында облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен
Талдықорған қаласында өткен облыстық әдістемелік инновациялық №3 «Балбөбек» ясли-
балабақшасымен бірлесе мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының (балабақшалар мен
шағын орталықтар) педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу тәрбие
үрдісінде «Тәй-тәй» технологиясын қолдану тиімділігі»тақырыбындаөткеноблыстық оқыту-
семинарда педагогтеріміз өз іс-тәжірбиелерімен бөліссе, аталмыш жылдың мамыр айында
осы тақырыпта аймақтық семинар өткізіліп, педагогтеріміз тәжірбиелік алаңда
таныстырылым, шебер-сыныптар, ашық тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметтерін
көрсетті. Ондағы мақсат «Тәй –тәй» технологиясы негізіуінде ұйымдастырылған оқу
қызметтерін кіріктіре ұйымдастыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық,
шығармашылық қабілеттерін дамытуда педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және
шығармашылық әлеуетін арттыру. Көрсетілген ұйымдастырылғаноқу қызметі барысынды
балалар өздерінің мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы
жүзеге асырды. Тәрбиеші қызықты, әрі икемделген жұмыс түрлерін (тапсырмаларды)
жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын бақылай отырып, материалдар мен
тапсырмаларды ауыстырып және жеке дара балаға бейімдеп өзгертіп отырды. Яғни әр балаға
жеке көңіл бөле отырып, оның өзіндік жеке дара қасиеттерінің барынша ашылуына жағдай
Достарыңызбен бөлісу: |