85
Н.Көшербаев «С.Мұратбеков шығармаларындағы адамгершілік» тақырыбындағы жұмысы ІІ
орынға ие болды. «Зияткер І» республикалық сырттай ғылыми жоба байқауынан да жас
маманда жетекшілігімен жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушылар бар.
Педагогикалық технология жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету
жолындағы іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін
арттыруды көздейді. Ал оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Мұғалімнің кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық
қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтық тәжірибесі дамуының
алғышарты болып табылады. Бұл орайда, жас ұстаздардың атқарған істері өз
нәтижелерін көрсетіп келеді. Математика пәнінің мұғалімі Т. Ерболатова
математика пәні
панорамалық сабақтар байқауынан ІІ орын, биология пәнінің мұғалімі Г. Сабырова
биология пәні мұғалімдерінің олимпиадасында ІІ орын, «Интерактивті тақтаны озық
пайдаланушы» байқауынан І орын, жаратылыстану- математика пәні мұғалімдері арасында
өткен «Полиглот-2016» байқауына қатысқан екі мұғалім де жүлделі орындарға ие болып,
үш тілді еркін меңгерген жан-жақты жетілген маман ретінде таныта білдіА. Құрманиязова
«Нашақорлық бекеті» байқауынан аудан
бойынша І орын, облыстан ІІІ орынды иемденді.
Қорыта айтқанда, жас мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыруда әдістемелік
жұмысты жүйелі жүргізудің мәні зор. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев
2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында: -Білім сапасын арттыруда
заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсынудың
маңыздылығы жоғары [6],-деп жас мамандарға артылар сенімнің жоғары екендігін айтқан
болатын. Олай болса, ел сенімін ақтар жас мамандарды білікті маманетіп шығару жолында
жұмыстанып келемін. Менің болашақтағы жоспарым:
1. Он-лайн режиміндегі
сабақтарға қатыстыру
2. Ғылыми жұмыспен шұғылдануға баулу
3. АКТ мүмкіндіктерін тиімді
қолдануды тәжірибеге енгізу
4. Ата-анамен
байланысты нығайту
5. Баспасөз беттеріне сабақтарын енгізу.
6. Деңгейлік курстарда өткізу.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Білім бастауы А.Б. Сарсекенова
2.
Құзіреттілікті қалыптастырудың жолдары. Г.Құдайбергенова
3.
Қазақстан мектебі журналы 2013 ж. №6
4.
Мектеп директорының орынбасары журналы. 2013ж. №5,6
Ата-ана социумымен ынтымақтастық
Нұржанова Ш.Ө.
М.Жұмабаев атындағы
№39гимназия, Қарағанды қаласы
Сынып жетекші жұмысы оқушы 12-14 жас аралығында болғанда күрделі ме?- деп
ойлаймын. Балалар 5 сыныпқа келгенде бала қылықтарымен тартымды болады. 6 сыныпта,
жасөспірім 12 жасқа толғаннан бастап балалардың мінез-құлықтары өзгере бастайды.
Биылғы жылы 7 сыныпта балалардың жасөспірім шағында ата-аналар социумымен
ынтымақтасып, тәрбие жұмыстарын жүргізуге жоспар жасалынды. Тәрбие жұмысы оқу
процесімен бірге жүргізілді. Ата-аналармен «Ғаламторға тәуелділік» тақырыбында жиналыс
өткізілді. Бұл тақырыпты таңдау себебім, өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуірдегі
өрелі жаңалықтардың бірі- ғаламтор техникасы екені баршамызға аян. Қазіргі таңда осы
техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері ғылым-техника, мәдени-