77
көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды
дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек
етуіне жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің
айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу
мүмкін емес. Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай
жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік
жасайды. Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде.
Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық
көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі
қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы
ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз-
оқушы болса, онда барлығымыздың бағытымыз бір, бағдарымыз байсалды болмақ. Әр
мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес
жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі-
ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д. Ушинскийдің «Мұғалім –
өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның
мұғалімдігі де жойылады»-деген [7]. Бұл “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып жол
тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды
өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру
шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның элементтерін
пайдалану қажет. Жаңа қазақстандықтарды тәрбиелеуде білім беру ісінің инновациялық
дамуына ерекше орын беруіміз керек. Бұның өзі оқытудың белсенді әдістері мен жаңашыл
технологияны оқу үдерісінде кеңінен жағдай жасайды. Жаңаша оқыта алатын білімді
ұстаздарды қажет етеді. Олай болса, қоғам сұранысына сай болашақ кәсіби деңгейі жоғары
педагог мамандар даярлауда оқушыларды оқытудың жаңашыл әдістемесімен мұғалімдердің
озат тәжірибелерімен жан-жақты таныстыру, қоғамның білім беруге қойылатын жаңа
талаптарын түсіндіруге септігін тигізеді.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Н.Ә. Назарбаев. Жаңа әлемдегі Қазақстан «Қазақстан -2030» стратегиясы. Қазақстан дамуының
жаңа кезеңінде. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 2007 ж 28 ақпан. Алматы. 2007. 72 б
2.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». «Орталық
Қазақстан» газеті, 15 желтоқсан, 2012 жыл.
3.
«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам».
«Егемен Қазақстан». 10 шілде, 2012 жыл.
4.
Методологические и конкретно-исторические проблемы изучения Отечественной истории.
Алматы, 2005.
5.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «НЗМ» ДББҰ, 2012. 41 б
6.
«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты
даму факторы» тақырыбындағы дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметкелерінің
педагогикалық тамыз кеңесінің материалдар жинағы. Алматы обл. Қаскелен қ. 2014 жылғы 7-8 тамыз, 84-88 б.
7.
«Қазақстан тарихы». Әдістемелік журнал, №1-12. 2010-2012 жж.
Из собственного опыта работы по внедрению критического мышления на уроках
физики в условиях обновления содержания образования
Сарбалиев С.Б.
Западно-Казахстанская область,