«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет26/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   146

 
 
52 
 
білім беру бағдарламасында модульдік, кредиттік және дуальді оқыту тәсілдерін пайдалану  
мүмкіндігі    ескеріледі.  Бағдарлама  креативті,  практикалық  бағыттағы  инновациялық 
модульді  қамтамасыз  етіп,  студенттердің  практикалық  дағдыларын  арттырумен  қатар 
біліктіліктерді кезең-кезеңмен алу мүмкіндіктерін жүйелейді. Мысалы: бірінші және екінші  
модульде  жұмысшы  мамандығын,  үшінші  модульде  орта  буын  мамандарын  даярлауға,  ал 
төртінші  модульде  қолданбалы  бакалавриат  мамандығын  алуға  болады.  Жаңа  білім  беру 
бағдарламасын жүзеге асыру үшін  ағымдағы жылдың мамыр-шілде айларында республика 
көлемінде  2600  арнайы  пән  оқытушыларын  курстан  өткізсе,  оның  ішінде  219-ы  біздің 
облыстың  оқытушылары  болып  отыр.  Соның  ішінде    10  оқытушымыз  тренерлік  жұмысты 
жүргізіп,  бағдарламаның  қарқынды  жүзеге  асырылуына  белсенділік  танытуда.  Біз  енгізіліп 
жатқан  жаңашылдықтарды  кезекті  республикалық,  облыстық  тамыз  кеңесінде  кеңінен 
талқылап,  оқу  үрдісіне  жүйелі  енгізу  жұмыстарын  бастап    та  кеттік.  Соның  бірі  жуырда 
өткен  он-лайн  кеңес.  Кеңесте  көтерілген  мәселелер  негізінде    облыстық  әдістемелік 
кабинеттің  тарапынан    мамандықтардың  бейініне  байланысты  арнайы  шығармашылық  топ 
құрылып,  қараша  айында  «Ауыл  шаруашылық»  бейіні  мамандығының  оқу-әдістемелік 
бірлестігі  болған  Талғар  агробизнес  және  менеджмент  колледжінде  республикалық 
семинарды  «Кәсіпқор»  Холдингі»  коммерциялық  емес  акционерлік  қоғамының 
мамандарымен, тренерлерімен бірлесіп өткізбекпіз. 
Жаңа  білім  беру  бағдарламасы  дуальді  оқу  жүйесін  ұйымдастыру  барысында 
өндірістік оқу мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Ол үшін кәсіпорын-әлеуметтік серіктес 
базасында және практикалық оқыту бөлімінде оқыту модулін сипаттаумен танысу жеткілікті. 
Яғни,  кәсіпорын-әлеуметтік  серіктес  базасына  тәуелді  оқыту  модульді  сипаттау 
кәсіпорындағы оқыту тәртібін дайындауға мүмкіндік береді. [3] 
Өздеріңізге  белгілі    техникалық  және  кәсіптік  білім  саласына  Германияның 
тәжірибесін ескере отырып, дуальді оқыту жүйесінің  енгізіліп  жатқанына да біраз жылдар 
болды.    Облысымызда  алғашқы  жылдары  8колледж  дуальді  оқытуды  қолға  алған  болса, 
бүгінде  бұл  көрсеткіш    18  колледжге    (25,7%)    артты.    Олар  облыстық  кәсіпкерлер 
палатасымен  бекіткен  жол  картасына  енгізілген  және  оның  5-уі  ауылшаруашылық  
мамандықтары.  Колледж  басшылары  37  мамандық  бойынша  дуальді  оқыту  жүйесін  енгізу 
негізінде  132  кәсіпорынмен  үш  жақты  келісімшарттарға  қол  қойды.  Оның  19-ы 
агроөнеркәсіп кәсіпорындарымен  болып отыр.  Дуальді оқыту негізінде 1034 студент білім 
алуда, оның 271-і ауылшаруашылық мамандықтары бойынша.  
Қол  қойылған  келісімшарттарда  мемлекеттік  ұйымдарда  және  бизнес-аумағында 
мемлекеттік  және  жекеменшік  серіктестік  жағдайы  негізінде    техникалық  және  қызмет 
көрсетудің  білікті  мамандарын  даярлау  үшін  тапсырмалар  анықталған.      Алайда,  дуальді 
оқыту    жүйесін  енгізу  бойынша  бірқатар    қиындықтар  да  орын  алуда.  Ол  студенттердің 
толыққанды  жұмысқа  орналаспауы,  практикадан    өту  барысындағы  төлемақының  болмауы 
және    ауылды  жерлерде  ауылшаруашылық  кәсіпорындар  ұсақ  болғандықтан  дуальді 
оқытуды  толық  жүргізуге  мүмкіндіктің  аз  болуы.  Шешімін  таба  алмай  жатқан 
олқылықтардың орнын толтыру жұмыстары  біртіндеп жүргізілуде. 
Ұлы педагог К.Ушинский: «Мұғалім - өзінің білімін  үздіксіз көтеріп отырғанда ғана 
мұғалім,  ал  оқуды,  ізденуді  тоқтатқанда,  оның  мұғалімдігі  де  жойылады»,  -  деген  екен. 
Сондықтан  ХХІ  ғасыр  білімінде  ақпараттық-коммуникативтік  технология  зор  рөл  атқарып, 
ғылыми ақпараттар мен техникалық жаңалықтар сәт сайын жаңарып отырған тұста, мыңнан 
астам  оқытушыларымыз  жыл  сайын  біліктіліктерін  Отандық,  шетелдік  орталықтардан  
тұрақты  жетілдіріп  отырады.      Ресурстық  орталығымызға  осымен  екінші  жыл  қатарынан  
Германия елшілігінің бас аспазшы эксперттері келіп, әлемдік стандарттарға сай негізделген 
біліктілік арттыру курсын өткізуді дәстүрге айналдырды.  
Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  тәжірибесін  оқу  үрдісіне  енгізуді  жоспарлаған 
педагогикалық  колледждеріміз  педагогикалық  шеберлік  орталығынан  біліктіліктерін 
арттырып,  облыстық әдістемелік кабинеттің ықпалымен «Нәтижеге бағытталған білім беру 


 
 
53 
 
моделіндегі білім жетілдіру курстарының жаңа бағыттары» тақырыбында  он-лайн семинар 
көрсетті. 
Ізденіс  пен  шығармашылықты  басты  орынға  қойған  бірнеше  колледждеріміз    Дүние 
жүзілік  даму  банкінің  арнайы  жобасына  қатысып,  әр  түрлі  мамандықтар  бойынша      грант 
иегерлері  атанған.    Сол  жобалардың  негізінде  Дүние  жүзілік  банк  есебінен  147  модульдік 
білім беру бағдарламалары әзірленген болатын. Алматы экономикалық колледжі жобаның 2 
кезеңі бойынша грантты ұтып алып, CISCO желілік академиясының жоғары технологиялық 
құрылғыларын иеленгендіктен, академияның оқу ресурстарын толық пайдалануға  мүмкіндік 
алды.    Бағдарламаның  біреуін  Алматы  экономикалық  колледжі  «Ақпараттық  жүйелер» 
мамандығы  бойынша    эксперименттік  оқу  жоспарын,  оқу  бағдарламаларын  Беларусь 
Республикасының  кәсіптік  білім  институтымен  бірлесіп  даярлап,  Қазақстан  Республикасы 
Білім  және  ғылым  министрлігімен  бекітті.  Алдағы  оқу  жылында  оқытушыларға 
ұйымдастырылатын  біліктілік  арттыру  курстарын    қашықтықтан  оқытуды  жоспарлап 
отырмыз.  Бұл  оқу  үрдісінің  үзілмеуіне,  оқытушылардың  уақытын  үнемдеуіне,  қаражат 
шығынын азайтуға және білімді тұрақты жетілдірудің  мүмкіндіктерін туындатпақ. 
Жаңашылдықтарды  сапалы  ендірудің  талаптары    күннен-күнге  артып  отырған  тұста  
2020  жылдан  бастап,  техникалық  және  кәсіптік  білім  беретін  оқу  орындарын  халықаралық 
аккредиттеуден өту жобасы енгізіліп жатқаны баршаға аян. Осыған орай, 2020 жылға дейін 
колледждердің  аккредитациядан өту кестесі  бекітілген.  Қазіргі таңда әр мамандықтықтың 
толыққанды  мүмкіншіліктерін  заманауи  құрылғылармен  жабдықтау  мәселесі  колледждерге 
үлкен ауқымды жұмыстарды қойып отыр.  Десек те, Талдықорған медициналық колледжі 3 
мамандық  бойынша  институционалдық  және  мамандандырылған    аккредиттеуден  өтіп, 
Финляндияның  JAMK    ғылыми  қолданбалы  университетімен  отырған  келісімшарты 
негізінде  болашақ мамандарға «Медбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы  бакалавриат 
біліктілігін алуға мүмкіндік тудырды. Ендігі кезекте әдістемелік кабинет колледж базасында 
оқу ісінің орынбасарлары мен әдіскерлеріне  2 күндік  оқу семинарын ұйымдастырмақпыз. 
Әлеуметтік  әріптестік-кәсіби  дайындық  сапасын  арттырудың  шарты  болғандықтан, 
біздің  серіктестігіміз    Өрлеу»  БАҰО,  ЖОО-мен,  педагогикалық  шеберлік  орталықтарымен, 
Өңіраралық  интеграция,  РҒӘО,  Кәсіпкерлер  палатасы,  ҚРКҒА    тұрақты  қалыптасқан. 
Сондықтан  облыстық  әдістемелік  кабинетінің  әріптестігі  Сіздермен  одан    әрі  жалғасын 
табады деп сенемін.   
Жаңа  білім  беру  бағдарламасының  негізгі  мақсаты  болашақта  арнайы  модульдерді 
қысқа  мерзімде,  қайта  даярлауға  және  біліктілікті  арттыру  үшін  қолдану  мүмкіндіктерін 
туындату арқылы автономды және белігіл нәтижеге (құзырет) жету болып келеді. [3] Біздің 
барлық іс-шараларымыз «Ұлт жоспары-100 нақты қадамды», «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын 
және мемлекетімізді жаңа тұрпатта дамытуға бағытталғандықтан,  кәсіптік білімнің беделін 
арттыру басты міндетіміз. 
 
Қолданылған әдебиеттер: 
1.  Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  //  Астана.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы 
2016  
2.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2015  жылғы  30  қарашадағы 
«Қазақстан  жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму»  атты  Қазақстан  Халқына 
Жолдауы Астана. 30.11.2015 el.kz/m/articles/view/ 
3.Бөрібеков  Қ.Қ.,  Далабаев  Ж.Қ.  «Кәсіпқор»  холдингі»  КЕАҚ  жаңа  білім  беру 
бағдарламаларын  әзірлеу  және  енгізу/  әдістемелік  құрал.  –  Астана:  «Кәсіпқор»  холдингі»  КЕАҚ, 
2015. - 108 б. 
 
 
Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік 
 қызметті мақсатты ұйымдастыру сапа кепілі 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау