Тапсырмалар, сұрақтар: Қос ішектегі гаммалар мен арпеджиоларды дұрыс қол қойылымдарымен, дұрыс аппликатурамен, біргелкі ырғақта ойнауға жаттығу.
Есеп беру нысаны (формасы): жеке ойнап көрсету.
Орындау үшін әдістемелік нұсқаулар: Тоника мен оның келесі октавалық қайталануы аралығында биіктік тәртібімен орналасқан ладтық дыбыстарды гамма құрайды. Арпеджио – аккорд дыбыстарын бір мезгілде емес, бірінің артынан бірін жалғастырып, үзбей ойнау әдісі. Гаммалар мен арпеджиолар музыканттың орындаушылық техникасын арттыруға жаттықтыру үшін беріледі. Оқу барысында оқушыға гаммалар мен арпеджиоларды әртүрлі штрихта, ырғақта, екпінде түрлі аппликатурамен әр тональдықта орындаудың пайдасы мол. Қос ішекте гамма ойнағанда аппликатураға ерекше көңіл бөлген жөн.
ПОӘҚ
042-18.1.32/02-2015
|
Баспа №__
__.__.2015.
|
Бет 31/41- ден
|
Достарыңызбен бөлісу: |