Есеп беру нысаны (формасы): жеке ойнап көрсету.
Орындау үшін әдістемелік нұсқаулар:
Этюдтың ноталық мәтінін асықпай, жәй екпінде талдаған дұрыс. Пиццикато штрихымен орындалатын этюдты меңгеру барысында сол қол саусақтарының перне басу кезіндегі өз алдына дербес қозғалысына баса мән беру керек. Сонымен қоса, саусақтарды перне үстінен көп алшақ ұстамау қажет.
Керек-жарақ материалдар: домбыра аспабы, «Домбыра үйрену мектебі» оқулығы.
Пайдалынатын әдебиеттер тізімі:
1. А. Жайымов, С. Бүркітов, Б. Ысқақов. Домбыра үйрену мектебі. Алматы,
«Өнер», 1992.
2. Домбыраға арналған педагогикалық репертуар. – Музыка мектептерінің 1-
5 кластары үшін. Құрастырған Қ. Мерембаев – Алматы, «Өнер», 1980.
3. Л. Хамиди, Б. Ғизатов. Домбыра үйрену мектебі. Алматы, «Өнер», 1983.
№ 4-ші тақырып: «Пьесамен жұмыс жасау».
Мақсаты: Пьесамен жұмыс жасаудың ерекшеліктерін меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |