Тапсырмалар, сұрақтар: Этюдтың ноталық мәтінін толықтай талдап, ойнау.
Есеп беру нысаны (формасы): жеке ойнап көрсету.
Орындау үшін әдістемелік нұсқаулар:
Этюдтың ноталық мәтінін асықпай, жәй екпінде талдаған дұрыс. Пиццикато штрихымен орындалатын этюдты меңгеру барысында сол қол саусақтарының перне басу кезіндегі өз алдына дербес қозғалысына баса мән беру керек. Сонымен қоса, саусақтарды перне үстінен көп алшақ ұстамау қажет.
Керек-жарақ материалдар: домбыра аспабы, «Домбыра үйрену мектебі» және «Домбыраға арналған педагогикалық репертуар» оқулықтары.
Достарыңызбен бөлісу: |