Әдістемелік нұсқау:
Сол қолдың қойылымында – аспапты ұстап отырған кезде домбыра басының биіктігі сол жақ иық деңгейінде болып, саусақтар пернелер үстіне тізбектеле еркін орналасады. Бас бармақ сұқ саусаққа қарай сәл қиғаштау тұрады. Алақанды домбыра мойнына тіремей, шынтақ пен иықты көтеріп немесе бүйірге тақамау керек. Бұл кейін қолдың еркін қозғалуы үшін өте қажет.
Оң қолдың қойылымында – төкпе күй дәстүрінде бас бармақ сұқ саусаққа жақын тұрса, шертпе күй дәстүрінде, керісінше, алшақтау болады. Бірақ екі орындаушылық дәстүрде де төрт саусақ жартылай бүгулі күйінде бір-біріне жақын тұрып, алақан домбыраның бет қақпағына қарай орналасады. Дыбыстың сапалы шығуы үшін оң қолдың осылай қалыптасуының мәні өте зор. Төкпе күй дәстүрінде оң қолдың білезік буыны жартылай бүгулі тұрады. Шертпе дәстүрінде оң қолдың білезік буыны жазыңқы болады.
ПОӘҚ
042-18.1.32/02-2015
|
Баспа №__
__.__.2015.
|
Бет 5/41- ден
|
Достарыңызбен бөлісу: |