Орындаған: Гилимова Назерке 7-сынып оқушысы. Жетекші: Атабаев Т. М



жүктеу 26,45 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі26,45 Kb.
#13909
  • Дәрілік өсімдіктер
  • Орындаған: Гилимова Назерке
  • 7-сынып оқушысы.
  • Жетекші: Атабаев Т.М.
  • Биология пәні мұғалімі
  • Секциясы: Экология және адам
  • денсаулығын қорғау
  • Ақтау 2012 жыл.
  • Тасқала ауданы, Ақтау ауылы Ақтау орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы.
  • Жұмыс жоспары:
  • Кіріспе.
  • Негізгі бөлім. Аналитикалық шолу.
  • 2.1 Дәрілік өсімдіктердің тарихына жалпы шолу.
  • 2.2 Алуан түрлілігі.
  • 2.3 Пайдалану әдістері.
  • 2.4 Тұрмыс жағдайында пайдаланылатын жергілікті дәрілік өсімдіктер
  • 3. Қорытынды.
  • Ертедегі египеттіктер алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, арша тәрізді өсімдіктердің шипалық қасиетін ежелден біліп, пайдаланған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққаны мәлім. Мұнан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктерді халық емінде қолданғаны жөнінде деректер бар. Ал енді Қытайда дәрілік өсімдіктер жөніндегі алғашқы кітап мұнан 5 мың жыл бұрын жазылыпты. Орта ғасыр ғалымы Парацельстің ерте заманнан келе жатқан ілімге сүйеніп айтқан тұжырымдамасы: «Емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуге тиіс». Яғни, сарғайып ауырғандарды сары түсті өсімдікпен, бүйрегі ауыратындарды жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет. Қазақтардың қылшадан дәрі жасауын басшылыққа алып П.С. Моссагетов 1924 жылы Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалық қасиетін ашты.
  • Әрі шипалы, әрі зиянсыз Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырымен жорғалаушылар, 12 түрлі қос мекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар. Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін. Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, оны- мен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған.
  • Кіріспе
  • Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкпар, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктердің шипалық қасиеті белгілі болған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққан. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Мысалы, сарғайып ауырған адамды сары түсті өсімдікпен, бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет.
  • Халықтық медицинаның ел арасына көп тараған және тәуір дамыған саласы – шөппен емдеу. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар дәстүр. Халық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер де жинаған. Мысалы, қазақтар-дың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П.С.Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін ашқан. Оның құрамында емдік эфирин за-ты табылды. Шырғанақтан алынатын майды қазақтар жараны, күйікті жазуға, итмұ-рын жемісінің қайнатылған тұнбасын аурудан әлсіреген адамға әл беру үшін, тобылғы сабағын қыздырғаннан кейінгі майын теміреткіні және қотырды емдеуге, қалақай, мыңжапырақ тұнбаларын қан тоқтатуға пайдаланған.
  • Қазақстан жерінде тұзды көлдер, батпақты сорлар көп-теп кездеседі. Жаздың ыстық күндері ол жерлерде қос тігіп, ас, сусын ала келіп емделетін. Ұзынша науа тәріздес етіп жерді қазып, ауру кісіні жатқызып, үстін батпақпен көміп тастайтын. Дәл осындай халықтық қағидаға сүйенген ем орындарының бірі Жаңа-Қорған санаторийінің жанын-дағы «Борықтыкөл» емдеу орталығы еді. Радикулит, ревматизм ауруларын емдейтін бұл санаторий республикадан тыс жерлерге де белгілі болған. Халық аңызы батпақтың емдік қасиетін алғаш ашқан аңшы оғынан жараланған киік деседі.
  • Айта кететін бір жай – қазақ халқы дәрмене жусанды емдеу үшін пайдалануын ғылыми медицинаға қосқан үлкен үлес деп бағалау ләзім. Өйткені, дәрмене жусанды қазақтың халық медицинасы ішек құрты ауруына қарсы пайдаланған. Бабаларымыз аталмыш өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сау-да керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп тұрған. Ол өте бағалы шипалы шөп ретінде, жоғары бағаланған. Себебі, дәрмене жусан Қазақстанның оңтүстігінен басқа жерде өспейді, яғни бұл өсімдікке дүние жүзінде сұраныс көп болған.
  • Халық медицинасы арқылы дәрілік шөптердің тізімі-нің ішінде атақты женьшень өсімдігімен таласа алатын бірден-бір өсімдік – қызғылт семізот (радиола розовая). Немесе оны халық «алтын тамыр» деп те атап кеткен. Алтайдың халықтық медицинасында «алтын тамыр» адамның жұмыс қабілетін арттыратын дәрі ретінде пайдаланылып келді.
  • Кейінгі жылдары ғалымдар алтын тамырдың құра-мындағы экстракттың ағ-заның (организм) дене жұмысына шыдамдылығын арттыратынын, жүрек-сосуд системасын жақсартып, жоғарғы нерв жүйесінің ырғағына жағымды әсер етіп, қан қысымының реттелуіне көмегін тигізетіндігін анықтады.
  • Алоэ, сабыр (Aloe) — лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық бұта, кейде шырмауық түріндегі мәңгі жасыл, қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек. Қазақстанда Ағаш тәрізді Алоэ (Алоэ arborescens) деген түрі қолдан өсіріледі. Алоэның жапырақ құрамында глюкозид, эфир майы т. б. дәрілік заттар бар, сондықтан Алоэның шырынын түрлі ауруларды емдеуге қолданады.[1]
  • Жалбыз (Mentha) — ерінгүлділер тұқымдасына жататын хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Негізінен, солтүстік қоңыржай аймақтарда таралған. Қазақстанда суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арық бойында, шалғындықта, тоғайда, таулы аймақта (2000 м биіктікке дейін) өсетін 9 түрі бар. Оның бұйра Жалбыз (Menthacrіspa), бұрыш Жалбыз (Mentha pіperіta) және дөңгелек жапырақты Жалбыз (Mentha rotundіfolіa) түрлері қолдан өсіріледі. Кең тараған маңызды түрінің бірі дала Жалбызы (Mentha arvensіs). Оның биікт. 15 — 60 (110) см. Сабағы тік, бұтақталған, жапырағының жиегі ара тісті үшкір, ирек, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері шар тәрізді жалған күлте бас, немесе масақ гүл шоғырына топталған, қос жынысты, кейде дара жынысты болады. Маусым — тамыз айларында гүлдейді. Тұқымы — көп түйірлі жаңғақша. Жалбыздың жапырағында ментол болады. Одан жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуде, сондай-ақ, жағымды иіс беретін әрі антисептикалық зат ретінде сұйық дәрілердің, тіс тазалағыш ұнтақтардың құрамына кіреді. Жалбыздың құрамындағы эфир майы парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Гүлінен ара бал жинайды.
  • Жолжелкен (Psyllіostachys) – қорғасыншөптер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың сор, сортаңды, құмды, тақырлы жерлері мен сексеуіл өскен алқаптарда кездесетін 2 түрі (жіңіщке масақты жолжелкен, Суворов жолжелкені) бар. Олардың биіктігі 5 – 50 (80) см. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, қанат тәрізді тілімденген. Тостағанша жапырақшалары түтікті, бес қалақты, түкті. Күлтесі шұңқырлау. Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ немесе қызғылт күлгін түсті. 2 – 4-тен масақ гүлшоғырына топталған. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жемістенеді. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, ашық қоңыр түсті, жылтыр.
  • Ғылыми топтастыруы
  • Дүниесі:
  • Plantae
  • (unranked)
  • Monocots
  • (unranked)
  • Commelinids
  • Сабы:
  • Poales
  • Тұқымдасы:
  • Poaceae
  • Кіші тұқымдасы:
  • Bambusoideae
  • Ұлы тайпасы:
  • Bambusodae
  • Тайпасы:
  • Bambuseae
  • Кіші тайпасы:
  • Shibataeinae
  • Тегі:
  • Phyllostachys Siebold & Zucc.
  • Жуа(Allіum) – көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Солтүстік жарты шарда 500-ге жуық түрі кездеседі. Қазақстанда жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейтті жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі ұсақ, ақ, қызғылт сары, жасыл түсті. Жемісі – үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мыс., Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. жуа мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер есебінде мәдени түрде өсіріледі және арамшөп түрлері де кездес
  • Сәлбен (лат.Salvia), шалфей – еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұта Маңғыстаудың таулы шатқалдарында өседі. Олардың биіктігі 20 – 100 см. Гүлдерінің түсі жабайы өсетін түрлерінде қою сиякөк, ал гүлзарлардағы түрлерінде ашық қызыл. Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Сәлбен – хош иісті, дәрілік өсімдік. Одан алынатын эфир майы медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады.
  • ҚЫРЫҚБУЫН (Equіsefum) — қырықбуындар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Тамырлары бұтақталып, өте жақсы дамыған. Сабақтары бунақты, көбіне топтасып бұтақтанады, буындарында түтікке біріккен қара түсті жапырақтың қынапшалары орналасқан. Олардың ирек ұштарында ақ түсті жолақтары болады. Сабақтың сыртын бір қабат эпидермис жауып тұрады. Спора түзетін сабақтары біршама жуан, түсі қоңырлау, хлорофилсіз, бұтақталмаған. Биікт. 15 — 30 см. Олардың буындарында 8 — 9 иректелген тістері бар, түтік тәрізді қынапшалармен жабылып тұрады. Спора түзетін масақтары сабақтың ұштарында жетіледі. Шар тәрізді споралары пісіп жетілгеннен кейін сабағы солып қалады. Қазақстанда 8 түрі кездеседі. Олар өзен жағалауларында, орманда, қалың бұта арасында, ылғалы мол жерлерде өседі.
  • Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады.
  • Өсімдіктер Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбейуіне қарай, адам осылардың кейбіреулерінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда, адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы дәріханасы – орман мен дала болды. Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты.
  • ҚОРЫТЫНДЫ
  • · Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
  • · «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;
  • · «Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997;
  • · «Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998;
  • · «Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;
  • · «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001;
  • · «Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
  • · «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
  • · «Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006;
  • · «Красная книга Казахстана», Алматы, 2006;
  • · «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;
  • · «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

жүктеу 26,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау