1.2 Номенклатурасы мен изомериясы
Номенклатура. Қаныққан көмірсутектерді атау үшін негізінен жүйелік (систематикалық) және рациональды номенклатура қолданылады.
Метан қатарындағы көмірсутектер гомологтарының алғашқы төрт мүшесінің атауы тривиальды атаумен аталады: метан, этан, пропан және бутан. Бесінші көміртегінен бастап грек сандарына - ан жұрнағын қосып атайды.
Қаныққан ациклды көмірсутектердің жалпы атауы – алкандар. Көбіне органикалық қосылыстарды жүйелік атау бойынша атайды. Ол үшін мына ретті сақтайды:
Көмірсутекті мынадай ретпен атайды: бірінші сан арқылы радикалдың орнын көрсетеді, одан кейін осы радикалдың атың атайды, ең соңында негізгі тізбекті көрсетеді. Жоғарыда келтірілген көмірсутек атауы: 2-метил-4-этилгептан.
Егер негізгі тізбекте бірдей бірнеше орынбасар болса, онда олардың саны грек санымен (ди-, три-, тетра- және т.б.) көрсетіледі. Мысалы:
СН3 СН3
1 ׀ 2 ׀3 4 5
СН3 – СН – СН – СН2 – СН3
2,3-диметилпентан
Рациональды номенклатура бойынша қаныққан көмірсутектерді бір немесе бірнеше сутек атомдарының орның радикалдар басқан метанның туындысы ретіңде қарастырады.
1.3 Алу жолдары
Қаныққан көмірсутектерді негізінен табиғи көздерден (газ, мұнай, көмір, тау балауызы, ағаш, торф және т.б.) және синтездік әдістермен алады.
Табиғи көздер. Алкандар табиғатта көп таралған. Олар табиғи газ, мұнай, көмір және т.б. құрамында бар. Мысалы, метан, этан, пропан және т.б. табиғи газда немесе мұнайда еріген күйде болады. Метан өсімдік текті органикалық қалдықтардың (мысалы, целлюлоза) анаэробты (ауасыз көбейетін) микробтардың әсерінен түзіледі:
( С6Н10О5)n + nН2О →3 nСО2 + 3 nСН4
Алкандарды ағашты, көмірді, торфты және жанғыш сланецті құрғақ айдау (ауасыз қыздыру) арқылы да алуға болады.
Өндірістік әдіс. 1. Алкандарды өндірістік жолмен алу әдістерінің ішінде көміртегі тотығы мен сутегінен (синтез-газ) алудың маңызы зор. Катализатор ретінде никель немесе кобальт қолданылады:
2000С
nСО + (2n +1)Н2 → Сn Н2n+2 + nН2О
кат
2. Вюрц синтезі (1870). Реакцияның маңызы галогеналкилдерге металдық натриді қосу болып табылады. Бұл әдісте бастапқы қосылысқа қарағанда тізбекте көміртек атомдарының саны көбірек көмірсутек алынады.
Н3С – I + Na + I – CH3 → Н3С – CH3 + 2 NaI
этан
Карбон қышқылдарының тұзын сілтілермен балқыту:
Н3С – СОО Na + NaОН → CH4 + Na2СО3
метан
Алкан туындыларын (галогеналкилдер, спирттер, кетондар және т.б.) иодсутекпен қыздырып тотықсыздандыру:
Н3С – I + Н I → CH4 + I2;
метан
С2Н5 – ОН + 2НI → Н3С – CH3 + I2 + Н2О
этан
Достарыңызбен бөлісу: |