Металлды қүралдар:
а,б-штатив, в-металл сахинасы, г-табандар
Бюреткалар
Бақылау сұрақтар
Химиялық лаборатория қандай шарттар қоылады?
Шыны және металлдан жасалған заттарды қайтып сақтау керек?
Химиялық лабораториядағы жұмысшыларға қандай шарттар қоылады?
Жұмыс біткеннен кеійн кетпей тұрып лабораторияда не істеу керек?
Лабораторияда қандай ыдыстар шарт түрінде болуы қажет?
Қандай материалдардан ыдыстарды дайындайды?
Қолданатын ыдыстар қандай топтарға бөлінеді?
Бөлгіш және тамшылаушы сузгіштер не үшін қолданады?
9. Мүздатқыштар не үшін қолданады?
10.Арнайы ыдыстардың қолдануы. Эксикатордың қақпағын қайтып дұрыс жауып, ашады?
11.Кипа аппартапен қайтып жұмыс істейді? Оны не үшін пайдаланады?
12.Өлшеуіш ыдыстарды не үшін қолданады?
13. Басқа ыдыстардың түрлерін және қолданылуы?
14. Ыдыстарды жүғанда қандай әдістерді қолданады?
3.Таразы және өлшеу
Әрбір химиялық лабораторияның ең қажетті құрамы —таразы. Жұмыс жүргізілу түріне байланысты түрлі таразылар қолданылады;
Дөрекі өлшеуге арналған (1 г-қа дейінгі дәлдікте)
Дәл өлшеуге арналған және технохимиялық таразылар
(0,01г-қа дейінгі дәлдікте)
аналитикалық таразылар(0,0002-0,0001г-қа дейінгі дәлдік)
4. арнайы (торсионды, пробиркалық ультрамикрохимиялық және т.б.) Аналитикалық таразылар 0,0002г-нан 100-200г-ға дейінгі салмақты дәл өлшеуге арналған.
Аналитикалық таразы екі топқа бөлінеді; периодты шайқау немесе демпферлі таразылар. қазір таразылардың соңғы тобы кең таралған.
Бүл таразылардың маңызды бөлігі ретінде жақсылап құйылған болаттан немесе аготтан жасалған үш призмамен жабдықталған иінағаш болып табылады.Ортадағы призмаға... жанындағы екі призмаға сырғалары көмегімен таразы табақшалары ілінеді.Иінағаштың ортасында төменгі жағында микрошкаласы бар бағыттағыш бекітілген. Таразымен дұрыс жүмыс істеу үшін үш призманың да қырлары қатаң түрде параллель болуы және бір жазықтықта жатуы шарт. Таразымен жұмыс кезінде призмалар мен таяныш алаңдары жайлап ауытқиды да өлшеу дәлдігі төмевдейді. Ауытқулар аз болуы үшін, таразыны арретирмен жабдықтандырады, ол иінағашты көтеруге мүмкіндік береді немесе былай айтқанда таразыны арретирлеу деп аталады. Арретирдің дисктік түтқасы
Таразының тірегі аготты алаңдар горизонталь жағдайға келтірілетін винтке орналасқан.
Бұл таразылардың негізгі ерекшелігі совда, олар жоғарғы жағы қақпақпен жабылған, ол астыңғы жағы ашық алюминнен жасалған цилиндр тыныштандырғышпен (демпфлер) жабдықталған. Олар сырғаға ілінген Демпферлі цилиндрлер төменгі жағы жабық, үстіңгі жағы ашық диаметрлері үлкен екі басқа цилиндрлерге салынған, олар таразы бағанасына жылжымайтындай етіп бекітілген.
Арретирді жібергенде таразының иінағашы және табақтары және демпферлі цилиндрлер шайқалмалы жағдайға келеді, ал сыртқы цилиндрлердің ішкі жағы тежеліп, тыныштандырылады да, таразының шайқалуы тез тоқтайды. Осыдан соң таразының бағыттағаны белгілі жағдайға келіп нөлдік нүктеде түрады. Иінағаштың оң жақ сырғасына перпендикуляр түрде 10-нан 990мг-ға дейінгі аз өлшемдерді өлшеуге арналған горизонталь ... бекітілген. Бұл өлшеуіш тастары сақина түрінде болады. Оларды рычаг жүйесінің көмегімен таразының оң жақ бөлігінде орналасқан дисктік түтқаның бұрылысына іледі. Олар цифрлармен бөлінген екі жағы бір-біріне тәуелсіз екі айналмалы дисктен тұрады.Сыртқы дисктің айналмасына 90мг-нан 100,200,300мг-ға дейінгі өлшеуіштер ілінген.
Экран шкафтың артқы қабырғасында орналасқан және арретир дискісін бүрағанда автоматты түрде қосылатын арнайы жарық түсіргішпен жарықтандырылады. Вейтограф шкаласының есебін анықталған салмақтың үшінші және төртінші ондық белгілері көрсетеді.
Демпферлі таразыларда өлшеу техникасы.
Штепсельді вилкалы шнурды қосып жарық түсіру көмегімен өлшеуге кіріседі. Шкаф есігін ашпай түрып, арретир дискісін соңына дейін абайлап бүрап, нөлдік нүкте жағдайын тексереді. Осы кезде жарық автоматты түрде жанады да, вейтограф экранында таразының бағыттағышына бекітілген микрошкалалардың үлкейтілген бейнесі пайда болады. Бағыттағыш қозғалып тұрғанда, микрошкаланың бейнесі бүкіл экранда жайлайды.Демпферлер көмегімен стрелка сол кезде-ақ тоқтайды да микрошкала бейнесінің экранды жайлауы тоқтайды. өлшенетін затты таразының сол жақ табақшасына салып, ал оң жақ табақшаға жәшіктегі резновестерді пинцетпен салып, толық санды грамдарын табады. Кейін оң есікті жауып, ішкі және сыртқы дискілерді бұрап, таразы бағыттағышының қай жаққа қарай ауытқуын тексеріп, грамының ондық және жүздік бөліктерін табамыз.0,01г-ға дейінгі дәлдіктегі белгілі массаны тауып алғаннан соң, арретир дискісін соңына дейін бұрайды, бағыттағыштың шайқалуы тоқтағаннан кейін экранда шкаланың вертикаль сызығы бойынша есептеу жасайды.Бұл шкаланың үлкендетіп бөлінуі толық миллиграмға лайық плюс және минус сандарымен көрсетіледі. Плюс белгісі жасалынған есептеуді таразыны өлшеуіш тастарын массаға қосуды көрсетеді. Ал, егерде шкала есептегіші минус белгісін көрсетсе, онда разновес массасын есептеуден алып тастау керек.
Өлшеуді аяқтағаннан соң тараздан өлшенетін затты жвне өлшеуіш тастарды алып қояды. Өлшеуіш тастарды алып тастау —үшін^екі дисктінде нөлдік бөлінуін қозғалмайтын жағдайға келтіреді және таразыны электр тоғынан суырады.
Технохимиялық тараз
Демпферлі таразы
Достарыңызбен бөлісу: |