Тәрбие жұмысы және міндетті білім беру.
Қазіргі уақытта 8 мектептен тыс жұмыс орталығы жұмыс жасауда: №1, 2, 3, 5 балалар саз мектебі, балалар көркемөнер мектебі, мектептен тыс жұмыс орталығы, «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экологиясы орталығы. Мектептен тыс жұмыс орталықтарында 6414 оқушы қамтлыған (20,1%; 2005-2006 жылы - 4053, 2006-2007 жылы– 6402 оқушы).
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың мазмұнды бос уақытын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 340 үйірме жұмыс жасайды (425 қосымша білім беру педагогы қызмет жасауда).
Мектептен тыс жұмыс орталығында 273 үйірмеде № 2, 3, 7, 9, 13, 17, 20, 21, 22, 25, 27, 28, 30, 32, 33, 39, 43, 45 мектептерден 3945 оқушы қамтылған Балалар асқан қызығушылықпен қолданбалы қол өнері, вокалдық, би, қазақ ұлттық аспаптары оркестрі, жас ақындар үйірмелерінде бос уақыттарын өткізеді. №№31, 44, 3, 16, 38, 42, 26, 39, Серебряков мектептерінің базаларында білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде ата-аналар, педагогтар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдардың біріккен жұмысы», «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша отбасы, мектеп және мемлекеттік емес ұйымдардың серіктестігі» тақырыптарында қалалық семинар-тренингтер өткізілді. Барлық семинар-тренингтерде И.Котельников, ардагерлер қоғамдастығы Кеңесінің төрағасы, С.Адилова, «Жас ұрпақ» әлеметтік дамыту орталығының директоры, А.Туралиева, «Жастар бастамаларын дамыту» жастар бірлестігінің төрайымы эксперт болды.
№38, 3, 17, 19, 26, 20 мектептерде балалардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында «Мастер-Дэнс» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Дагаровпен бірге «Мастер-Дэнс» клубының жұмысы ұйымдастырылды. 26.05.08ж. «Зенит» мәдениет үйінде «Балалар нашаға қарсы» ұранымен «Мастер-Дэнс» клубының концерті өткізілді. №№3, 6, 7, 16 мектептер базаларында наша шегудің алдын алу бойынша қоғамдық бірлестік төрағасы М.Дисоновпен бірге волонтер қозғалысының жұмысы ұйымдастырылды.
«Қиын топ» балаларының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында БҚО жастар бірлестігі №2, 4, 16, 13, 33 мектеп оқушылары үшін Шалқар көліне біркүндік демалыс өткізді.
БҚО жастар бірлестігінің төрағасы М.Нұржановтың төрағалығымен Орал қаласы мектептері арасында Көңілді және тапқырлар клубы конкурсы өткізіліп, №22 мектеп командасы жеңімпаз болды.
Орал қаласының барлық мектептерінде «Үміт» Орал өңірі әйелдерінің кеңесімен бірге кәмелетке толмағандар арасында темекі шегудің алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Гайдар атындағы кітапханада «Жәрдем» жастар бірлестігімен бірге (төрағасы Ж.Сахметов) «АҚТБ алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Қала мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының Қазақстан халықтары Ассамблеясымен бірге өткізген мәжілісінің жұмысына «БҚО көшбасшысы» жастар бірлестігінің төрағасы Т.Курмашев қатысты.
2008 жылдың айында қала мектебінің 81 кәмелетке толмаған оқушысы қылмыс жасады (өткен жылы - 74). Атап айтқанда: ұрлық – 25, қанау – 24, қорқытып алу – 2, бұзықтық – 6, қаңғыру – 10, денсаулыққа зиян келтіру – 2, телефон терроризмі – 2( СОШ 13,9), суық қару ұстау – 10.
Өткен оқу жылында кәмелетке толмаған оқушылар №7 мектепте 7 қылмыс (оқушы Вахлова Клара, қазіргі уақытта сотталды), №3 мектепте 3 қылмыс, №5 мектепте 5 қылмыс, №14 мектепте 3 қылмыс, №25 мектепте 2 қылмыс, №№40 , 36, 27, 21, 18, 6, 44, 16, мектептерде 1 қылмыс жасады.
2006-2014жж. арналған нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиясының талаптарына сәйкес, БҚО 2008-2010жж. арналған нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес Бағдарламасын іске асыру үшін, Қазақстан Республикасы білім ұйымдарындағы 2006-2011жж. арналған тәрбиелеудің кешенді бағдарламасына сәйкес Орал қаласының білім беру бөлімі кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша шаралар жоспарын жасақтады.
Мектептердің асханалары мен буфеттерінде ыстық және қоғамдық тамақтандыру ұйымдастырылған, 05.12.2008 ж. оларда 14873 (48,61%) бала қамтылған, соның ішінде аз қамтылған отбасынан – 4,7%, олардың 77% қамтыған, қоғамдық тамақтанумен– 14913 (49%) бала. Эстетикалық бағыттағы гимназия, Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназия ыстық тамақпен 100% қамтыған.
45 мектептің 42-да ыстық тамақты жеке кәсіпкерлер, 3 мектепте арнайы шот есебінен - №42 МГ, ЭБГ, ВБМГ) ұйымдастырады.
Балаларды тамақпен қамту жылдан жылға өсуде: 2004 жылдың қыркүйегінде ыстық тамақпен – 5959, оқушы қамтылды, 2008 жылдың қыркүйегінде ыстық тамақпен – 7159, наурыз айында 14873 бала қамтылды.
Қала әкімінің шешімімен бір оқушыға ақысыз тамақтану құны орташа 100 теңгеден 2009 жылы 150 тенгеге өсірілді, мектеп жанындағы интернаттарда 170 теңгенден 400, қала әкімінің шешімімен 2008 жылдың қазан айынан 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту құны 50 теңгеден болды.
Оқушыларды оқумен қамтуда мектептен алыс орналасқан ауылдардан мектепке жеткізуді ұйымдастыру зор рөл атқарады. Күнделікті жеткізу 7 мектепте ұйымдастырылған (№12, 14, 20, 30, 34, 44, Серебряков), жалпы саны 1617 оқушы мектепке әкелінеді, 2007 жылы арнайы көлік саны 8 болса, ағымдағы жылы 9 автобус жұмыс жасауда.
Жәрдемақыдан ұстауға байланысты кей балалар тамақтанудан бас тартуда.
«Қамқорлық», «Мектепке барар жол» ақциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасы, жетім, қамқорлықтағы балаларға көмек көрсетілді. Әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балаларының көбі ата-аналары қажетті құжаттарды бере алмағандықтан ақысыз тамақтана алмайды.
Оқушыларды оқумен қамтуда мектептен алыс орналасқан ауылдардан мектепке жеткізуді ұйымдастыру зор рөл атқарады. Күнделікті жеткізу 7 мектепте ұйымдастырылған (№12, 20, 30, 34, 44, Серебряков, 10), жалпы саны 1563 оқушы мектепке әкелінеді, 2008 жылы арнайы көлік саны 9 болса, ағымдағы жылы 10 автобус жұмыс жасауда.
3095 оқушыны қамтитын 39 мектеп жанындағы лагерлердің жұмыс жасауы жоспарланды (аз қамтылған отбасылардың 600 баласы + 2495 бала).
12 күркелі лагерде (№20, 36, 38, 41, 26 (4), 17, 23, «Атамекен»-2) 2661 бала өз демалысын өткізеді.
Шалқар көлінде 850 баланы қамтитын 5 күндік күркелі лагерь жұмыс жасайды.
Деркул кентінде №12 мектеп базасында еңбек және демалыс лагерінің жұмысы жоспарланған. 7 ауысымда 10 күннен 245 бала демалатын болады.
2009 жылдың жазғы мезгілінде лагерлерде 8090 бала демалады деп жоспарланды. Соның ішінде 1912 оқушы аз қамтылған, көп балалы отбасы, мүгедек балалар, бұл өткен жылғыдан 467-ге көп.
Бірнеше жылдар бойы қалада саяхаттар мен жорықтар ұйымдастырылуда. Ағымдағы жылы осы бағыттағы демалысқа 496 жасөспірім қатысады.
Жыл сайын №№1, 2, 6, 41, 44, 30 мектептерде Бөкейордасы ауданына саяхат дәстүрлі болып келеді. Биыл да бұл жұмыс жалғасын табады (200 оқушы «Атамекен» ҚБЖТжЭО арқылы).
Төртінші жыл жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі желісі бойынша 16 жасқа толған 350 жасөспірімдердің жұмысы ұйымдастырылады.
Жазғы уақытта аула клубтары мен алаңдарының (спорт, мәдени шаралар) жұмысы белсендіріледі. 5000 баланы қамту жоспарлануда.
780 оқушы жас натуралисттер станциясында жазғы практикадан өтеді. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 1922 оқушы мектеп аумақтарын көгалдандыру бригадаларында жұмыстанатын болады.
Сонымен қатар қала ішінде мектептер бойынша автобуспен саяхат, өзенде пароходпен саяхат, орманға жорық, бұқаралық спорттық шаралар, Астана, Санкт-Петербург, Самара қаласына саяхаттар жоспарланған (5827 оқушы барлық қала мектептері бойынша қамтылады; ата-аналар төлемі арқылы).
Үшінші жыл «БҚО жастар ассоциациясы» заңды тұлғалар қауымдастығымен бірге девиантты мінез-құлықты, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына Шалқар көлінде 1 күндік демалыс ұйымдастырылады.
Барлығы 21481 мың оқушы демалыс және сауықтырумен қамтылады, бұл барлық оқушы санының 68% құрайды, өткен жылы жазғы демалыспен 59% қамтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |