|
Орал қаласы, 2014 – 2015 оқу жылыСабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз
|
бет | 3/4 | Дата | 16.01.2022 | өлшемі | 2,92 Mb. | | #32754 | түрі | Сабақ |
| 8. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз. - 8. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
- 9. «Егер сен осы сабақты орындамасаң» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
- 10.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.
- 11.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
- 12.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.
- 13.Өз балаңызды дос санаңыз: білімін толықтыруға көмектесіп, жақсы ісін бағалай біліңіз. Шамамен тыс қатал, керісінше тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.
- 14.Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жерде құпиялы әңгімен айтпаңыз.
- 15.Балаңызға уәде берсеңіз орындаңыз. Кемшілікті байқамауға тырысыңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.
- 16.Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұпытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.
- 17.Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға баулыңыз. Оған шыдамды болуды үйретіңіз.
- Ата-аналарға жадынама. Құрметті әкелер мен аналар!
- Егер де Сіз тек қана бүгінгі күнмен емес, ертеңге де сеніммен қарайтын адам болсаңыз, бұл естелік балаңызбен жылы қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі.
- Бұл естелікті өзіңіздің жұмыс үстеліңіздің үстіне іліп қойыңыз және кейде бұл естелікте жазылған ережелер мен талаптарға қалай сәйкес болып отырғаныңызды талдап отырыңыз.
- Сіздің балаңыз бен отбасыңыз - өміріңіздегі ең басты құндылық екенін ұмытпаңыз!
- Отбасы сізден ешқайда қашпайды деп ойламаңыз, оны «содан кейін» қарастыруға болатын маңызды істер қатарына жатқызбаңыз
- Өз балаңызға неліктен жұмыста таң атқаннан кешке дейін жүру қажет екендігін түсіндіріңіз
- Балаңызды өз жұмысыңызбен таныстырыңыз. Ол Сізбен бірге жұмыс істейтін адамдар үшін Сіздің орныңыз бөлек екенін сезінсін.
- Өз жұмысыңызды балаңызға жаман жағынан көрсетпеңіз. Сізді жұмыстан күтіп отырғанда балаңыз жаман көңіл-күймен келетініңіз туралы ойламау керек.
- Балаңызға өзіңіздің жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы айтып отырыңыз
- Үйге келгеннен кейін балаңызбен қарым-қатынас мейлінше жиі болуын қамтамасыз етіңіз
- Жұмыстағы келеңсіз жағдайларды балаңызбен қарым-қатынасқа аудармаңыз
- Балаңызбен әңгімелесуді көңілді түрде жүргізуге тырысыңыз
- Күнделікте бағасын ғана емес, бүгінгі күннен алған әсері мен жолдастарымен байланысындағы көңіл-күйі жайлы да сұрастырыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|