6-шы тарау – Техникалық қызмет көрсету, тасымалдау жəне сақтау,
кепілдік жəне күтім көрсету
Кепілдік_жəне_күтім_көрсету'>6.5 бөлімі – Кепілдік жəне күтім көрсету
6-11
6.5 бөлімі
Кепілдік жəне күтім көрсету
Бұл бөлімде сəулелендіру құралына қатысты кепілдіктер жəне жөндеу
нұсқаулары туралы толық мəлімет берілген.
Кепілдік
Аймағыңызға арналған кепілдіктер туралы нақты жазбаша мəліметтің
мəлімдемесі
көшірмесін техникалық қолдау көрсету қызметінің жергілікті
өкілінен сұратыңыз.
Техникалық қолдау көрсету қызметінің өкілетті мамандарының тізімі
осы нұсқаулықтың мұқаба бетінде берілген.
Күтім көрсету
Техникалық қызмет жəне жөндеуге қатысты мəлімет алу үшін техникалық
нұсқаулары
қолдау көрсету қызметінің өкілетті маманына хабарласыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сəулелендіру құралының екі жағында орналасқан
панельдерде колданушының өзі жөндей алатын қандай
да бір бөлік жоқ. Сəулелендіру құралы панельдерінің кез-
келгенін ашу үшін арнайы құрал-саймандар қажет жəне
панельдерді техникалық қолдау көрсету қызметінің өкілетті
маманы ғана ашуы қажет.
MAN-KZ 00001, v3.0
6-шы тарау – Техникалық қызмет көрсету, тасымалдау жəне сақтау,
кепілдік жəне күтім көрсету
6.6 бөлімі – Сəулелендіру құралын калибрлеу жəне профилактикалық техникалық қызмет
көрсету
6-12
6.6 бөлімі
Сəулелендіру құралын калибрлеу жəне
профилактикалық техникалық қызмет көрсету
Калибрлеу жəне тексеру
INT100 INTERCEPT сəулелендіру құралы құралды шығару барысында,
тапсырыс берушінің алаңында орнату кезінде жəне одан кейін алты ай
сайын калибрленеді жəне тексеріледі. Калибрлеу жəне тексеру əрекеттерін
техникалық қолдау көрсету қызметінің білікті мамандары орындауы қажет.
Калибрлеу жəне тексеру əрекеттері INTERCEPT сəулелендіру құралымен
бірге пайдалану үшін арнайы дайындалған сыртқы радиометр (ER)
көмегімен орындалады. Əрбір сыртқы радиометр АҚШ-тағы Ұлттық
стандарттар жəне технологиялар институтының (NIST) табуға болатын
стандарты бойынша жанама түрде калибрленеді. Сыртқы радиометрдің
өлшемдері сəулелендіруге арналған контейнердің өлшемдерімен бірдей
жəне ол сəулелендіру контейнері қойылатын науа ішіндегі бірдей орында
қойылады.
Сыртқы радиометр сыртқы радиометрлер сəулелендіру контейнері
тарапынан көрінетін сəуле өрісінің импульстарын (порцияларын) алуы
үшін сыртқы қабатта үлестірілген жоғарғы жəне төменгі бөліктердің
сыртқы қабаттарында орналасқан УКА сүзгілері бар сегіз (8) фотодиодты
қамтиды. Пайдалану барысында, сыртқы радиометр əрбір сəулелендіру
науасына салынады жəне кабель арқылы INTERCEPT сəулелендіру
құралының компьютеріне жалғанады.
Калибрлеу үдерісі кезінде, сыртқы радиометр INTERCEPT сəулелендіру
құралының УКА шамдарынан 3,0; 4,0; 5,0; 6,0 жəне 7,0 Дж/см
2
деңгейінде
алынған қуат көрсеткіштерін тіркейді Сəулелендіру құралының
бағдарламалық жасақтамасы осы қуат көрсеткіштерін сəулелендіру
құралының ішіндегі фотодиодты датчиктердің калибрлеу константаларын
қайта есептеу үшін пайдаланады. Калибрлеуден кейін тексеру орындалады,
оның барысында басқа сыртқы радиометрді сəулелендіру құралының
науасына салады жəне сəулелендіру құралына жалғанады. Калибрлеу іс
ретіндегідей, қуат көрсеткіштері радиометрден 1 Дж/см
2
тең өсіммен 3,0
жəне 7,0 Дж/см
2
аралығында тіркеледі. Егер сəулелендіру құралы
тарапынан жаңа калибрлеу константаларын пайдалану арқылы
анықталатын қуат көрсеткіштері жоғарыда көрсетілген əр дозада тексергіш
радиометр тарапынан анықталатын қуат көздерінің 10% шамасында болса,
онда келесі калибрлеу ретіне дейін жаңа калибрлеу константалары тұрақты
болады.
MAN-KZ 00001, v3.0
6-шы тарау – Техникалық қызмет көрсету, тасымалдау жəне сақтау,
кепілдік жəне күтім көрсету
6.6 бөлімі – Сəулелендіру құралын калибрлеу жəне профилактикалық техникалық қызмет
көрсету
6-13
Профилактикалық техникалық қызмет көрсету
Профилактикалық техникалық қызмет (ТҚ) INTERCEPT сəулелендіру
құралы сəтті орнатылғаннан кейінгі əрбір 6 ай сайын жүргізіледі жəне
негізгі ТҚ немесе кішігірім ТҚ ретінде сипатталады. Алғашқы жоспарлы
ТҚ болып табылатын кішігірім ТҚ орнатқан соң 6 айдан кейін жүргізіледі.
Орнатылғаннан кейін, негізгі ТҚ жыл сайын, ал кішігірім ТҚ əрбір негізгі
ТҚ аяқталған соң 6 айдан кейін жүргізіледі.
Негізгі ТҚ сəулелендіру жүйелері мен баптауларының сынақтары мен
тексерістерінен, сонымен қатар, барлық қажетті жаңартулар немесе
түзетулерді іске асыру əрекеттерінен тұрады. Бұған қоса, А спектріндегі
барлық УК шамдардың ауысуы жүреді, сəулелендіру құралының басты
құрамдас бөліктерінде зақымның бар-жоғы тексеріледі жəне, қажет болған
жағдайда, тазаланады немесе ауыстырылады, сонымен қатар, калибрлеу
жəне тексеру əрекеттері жүргізіледі.
Кішігірім ТҚ жүйе баптауларын тексеру жəне барлық қажетті жаңартулар
немесе түзетулерді іске асыру əрекеттерінен тұрады. Препаратты
сəулелендіруге арналған науада жəне шыны пластиналарда зақымның
бар-жоғы тексеріледі жəне, қажет болған жағдайда, тазаланады немесе
ауыстырылады, сонымен қатар, калибрлеу жəне тексеру əрекеттері
жүргізіледі.
MAN-KZ 00001, v3.0
6-шы тарау – Техникалық қызмет көрсету, тасымалдау жəне сақтау,
кепілдік жəне күтім көрсету
6-14
Бұл бет əдейі бос қалдырылған.
MAN-KZ 00001, v3.0
Достарыңызбен бөлісу: |