Norton Commander-дi iске қосу үшiн NC.EXE файлын таңдау керек
NC - Norton Commander деген сөздiң басқы әрiптерiнен қысқартылып алынған.
Norton Commander-мен жұмысын аяқтау үшiн: F10 пернесiн басу қажет. Экранға пайда болған сұхбаттық терезеден Yes, No батырмаларының Yes батырмасын басу қажет.
Norton Commander жедел жадыға оқылып, экранға жүктелгенде екi терезе пайда болады, оларды тақта деп атайды.
Тақталар тақырыбында ағымдық каталог пен диск аты немесе меню жолы көрсетiледi. Тақталадың төмен жағында командалық жолда DOS шақыруының белгiсi бар, онда командалар енгiзуге болады. Келесi жолда функционалдық пернелер қызметi көрсетiлген.
Тақталарды басқару
Курсор тұрған тақтаны ағымдық тақта деп атайды. Тақталарды басқару үшiн пернелер комбинациялар қолданылады:
Ctrl+O- тақталарды экраннан өшiредi, қайта басса шығады;
Ctrl+P- экранда ағымдық емес тақтаны өшiредi, қайта басса шығады.
Ctrl+U- тақталар орнын ауыстырады;
Ctrl+F1- сол жақ тақтаны өшiредi, қайта басса пайда болады.;
Ctrl+F2- оң жақ тақтаны өшiредi, қайта басса пайда келедi;
Ctrl+B- соңғы жолдағы жатық менюдi көрiнетiн немесе көрiнбейтiн етедi;
Ctrl+L- ағымдық тақта жөнiнде қорытынды элементтердi шығарады немесе жоғалтады;
Ctrl+Q- ағымдық файл мазмұнын көршi тақтада көрсетедi немесе жоғалтады;
Tab – бiр тақтадан екiншiсiне өту; бiр тақтадан екiншiсiне өту;
Norton Commander менюi
Жоғарғы менюдi шақыру үшiн F9 функционалдық нернесiн басу керек. Жоғарғы меню бес бөлiктен тұрады:
Left (солжақ), Files (файлдар), Commands (командалар), Options (опциялар), Right (оң жақ).
(Функционалдық пернелер пернетақтаның ең бiрiншi жолында орналасқан.)
Курсорды бағыттауыш пернелер арқылы керек командаға әкелiп, Ғ1 пернесiн бассаңыз, сол команда қызметi туралы анықтама шығады.
Кейбiр командаларды орындау үшiн пернелердi қолдануға болады. Бағыттауыш пернелер арқылы - F9 пернесiн басып, пайда болған менюден курсормен команданы таңдап алып, Enter пернесiн басу қажет.
Norton Commander - дiң әр тақтасында келесi мәлiметтердi көруге болады:
Дискiдегi каталогтар аттары;
Дискiдегi каталогтар тармақтары;
Жедел жады, ағымдық дискi, каталогтар және файлдар жөнiнде ақпарат;
Файлдар мазмұны.
Сол және оң жақ (Left, Right) менюiнiң командалары
Сол жақ меню командалары сол жақ тақтада орналасады. Дәл осы командалар оң жақ тақта үшiн де қолданады.:
командалар
|
пернелер
|
қызметi
|
қазақша
орысша
|
Ағылшын
|
Қысқа қалып (краткий формат)
|
Brief
|
|
Файл мен каталогтар туралы қысқа мәлiметтi экранға шығарады, үш бағана аттары жазылады
|
Толық қалып (полный формат)
|
Full
|
|
Файл мен каталогтар туралы қысқа мәлiметтi экранға шығарады, бiр бағанада аты, файл мөлшерi,уақыты,жөнделген мерзiмi жазылады.
|
Жағдай (состояние)
|
Info
|
Ctrl+L
|
Жедел жады,ағымдық диск және ондағы файл мөлшерi туралы көршi тақтада мәлiмет шығарады,F4 пернесiн басып,ол мәлiметтi түзетiп,сақтауға болады.
|
Тармақ
(Дерево каталог)
|
Tree
|
|
Ағымдық дискiдегi каталогтар тармақтарын көрсетедi.
|
Ашу\жабу
(Вкл\Выкл)
|
On\off
|
Ctrl+F1
|
Экранда сол жақ тақтаны өшiредi,қайта басса көрсетедi
|
Аты
(Имя)
|
Name
|
|
Файл мен каталогтарды аты бойынша реттеп көрсетедi
|
Түр, Кеңейтiлуi (тип)
|
|
|
Файлдарды кеңейтiлуi бойынша реттеп көрсетедi
|
Уақыт
(время)
|
Time
|
|
Файл мен каталогтарды уақыт бойынша реттеп көрсетедi
|
Мөлшер
(размер)
|
Size
|
|
Файл мен каталогтарды мөлшерi бойынша реттеп көрсетедi
|
Сұрыптаусыз
(без сортировки)
|
Unsorted
|
|
Файл мен каталогтар дискiде жазылу ретi бойынша көрсетедi
|
Қайта оқу
(обновить панель)
|
Re-read
|
|
Ағымдық дискiнi,каталог тармақтарын қайта оқиды::бұл команда диск ауыстырғанда және каталог түзегенде пайдалы
|
Файлдарды көрсету
(отображать файлы)
|
FiLter...
|
|
Файлдарды маска бойынша iрiктеп көрсетед, жасырылған және тек орындалатын файлдарды көрсетуге болады
|
Диск ауыстыру
(сменить диск)
|
drive
|
Alt+F1
|
Сол жақ тақтада дискiлер тiзiмiн шығарады:басқа диск мазмұнын экранға тез шығару үшiн пайдалы
|
Файл (File) менюiнiң командалары
командалар
|
пернелер
|
қызметi
|
қазақша
орысша
|
Ағылшын
|
Анықтамалық ақпарат
(справочная информация)
|
Help
|
F1
|
Экранға анықтама шықарады
|
Қолданушы менюiн шақыру
(вызов меню пользователя)
|
User menu
|
F2
|
Экранға қолданушы менюiн шығарады
|
Көру
(просмотр)
|
View
|
F3
|
Экранға файл мазмұнын шығарады
|
Түзету
(редактирование)
|
Edit
|
F4
|
Экранға редакторда шағын файл мазмұнын түзетуге шығарады
|
Көшiру
(копирование)
|
Copy
|
F5
|
Белгiленген немесе курсор тұрған файлды каталогты көршi тақтаға көшiредi, атын түзетуге,F10 және Alt+F10 пернелерiн басып көшетiн каталогты көрсетуге болады
|
Жылжыту н/е атын өзгерту (переименование/.перенос)
|
Rename or move
|
F6
|
Файлдың каталогтың атын өзгертедi немесе басқа жерге орнын ауыстырады,атын түзетуге , F10 және Alt+F10 пернелерiн басып файл каталог ауысатын каталогты көрсетуге болады
|
Каталог құру
(создание каталога)
|
Make directory
|
F7
|
Жаңа каталог құру үшiн сұхбаттық терезе ашады
|
өшiру
(удаление)
|
Delete
|
F8
|
Белгiленген немесе курсор тұрған файлды каталогты дискiден өшiредi
|
Аттрибуттарды орналастыру
(установка атрибутов)
|
File
attributes
|
|
Курсор тұрған файл атрибуттарын экранға шығарады, сұхбаттық терезеде атрибуттарды түзетуге болады
|
Файл белгiлеу
(выделить файлы)
|
Select
Group
Gray+
|
+
(сҙр)
|
Файл тобын белгiлеуге арналған сұхбаттық терезе ашады,керек маска енгiзуге немесе Enter пернесiн басып бәрiнен белгiлеудi алып тастауға болады
|
Белгiлеудi жою
(снять выделение)
|
UNselect
Group
Gray
|
-
(сҙр)
|
Файл тобынан белгiлеудi жоюға арналған сұхбаттық терезе ашады,керек маска енгiзуге немесе Enter пернесiн басып бәрiнен белгiлеудi алып тастауға болады
|
Белгiлеудi ауыстыру
(инвертировать выделение)
|
Invert
Group
Gray*
|
*
(сҙр)
|
Файл белгiлеуiн жояды керiсiнше белгiленбегенiн белгiлейдi
|
Белгiлеудi қайтару
(восстановить выделение)
|
ResTore
selection
|
Ctrl+M
|
Белгiленбеген файл тобымен команда орындалған соң алынған белгiнi қайта орнына келтiредi,яғни қайта белгiлейдi
|
Шығу
(выход)
|
Quit
|
F10
|
NORTON COMMANDER жұмысын аяқтайды
|
Достарыңызбен бөлісу: |